Осы аптаның ішінде жанжал шығарып, өзгелермен сөз таластыруға ынтығасыз. Тіпті, сөзіңіздің дұрыс еместігін білсеңіз де, өз позицияңызды қорғап қалуға тырысасыз. Әрине, біреудің көзқарасын мойындау қиын. Әсіресе, өзіңізге қарсы пікір айтылса. Бірақ, сеніңіз, өз қатеңізді мойындағаныңыз әлдеқайда дұрыс.
Тоқты. Олардың осы аптада шығармашылық потенциалы жоғарылайды. Өзгелердің ісіне араласып, ұжымға тиесілі заттарды пайдаланады.
Торпақ. Бұл аптадағы жоспарлар торпақтар ойлағандай жылдам жүзеге аспайды. Оның екі себебі бар. Біріншіден, өзіне ұнамайтын оқиғаларға тап болады. Екіншіден, сақтық шарасы ретінде бірнеше бағытта жұмыс істеп, нәтижесінде ресурстары таусылады. Сондықтан шешімді ойланып барып қабылдаңыз және жақындарыңыздан кеңес сұрауға ұялмаңыз.
Егіздер. Бұл аптада егіздердің назары ойламаған жаққа ауады. Қаңбақ секілді «Қонарымды сай, ұшарымды жел біледі» дейді. Бірақ бұл сөздерді тек жақсы мағынасында түсінгеніңіз жөн. Өйткені осы аптада бұрын-соңды барып көрмеген жерге барасыз. Ол қызметіңізбен байланысты болуы мүмкін. Қысқасы егіздер бұл аптада нағыз бағыттаушы мен көшбасшының рөлін атқарады.
Шаян. Оларды ойда-жоқ жерден саяси және экономикалық мәселелер ашуландырады. Дауды шешу қолыңыздан келмейтіндіктен, жүйкеңізді тоздырмағаныңыз абзал.
Арыстан. Олар эмоционалдық тұрақтылығын жоғалтып, ерекше сезгіштікке ие болады. Болмашы дүниелерге де жүйкесін тоздырып, алаңдайды. Өміріңізде күлкі мен қайғы қатар орын алады. Және өз ережеңізден бас тартуыңызға тура келеді. Мұның жақсы, жаманын кім білсін.
Бикеш. Ситуация белсенділікті талап етсе де, олар жайлылықты таңдап, көңілге тыныштық орнататын адамдардың жанында болуды мақсат тұтады. Дәл қазір өзіңіз қалағандай тынымсыз тіршіліктен бас тартып, демалып алғаныңыз жөн.
Таразы. Күздің алғашқы айы өтіп жатқанына қарамастан, таразылар өмірін жаңа парақтан бастап, Жаңа жыл мейрамын қарсы алып жатқандай күйде болады. Барлығы түбегейлі өзгереді. Жаңа таныстар пайда болып, білімін толықтырады.
Сарышаян. Өкінішке орай, бұл апта олар үшін ойдағыдай өтпейді. Қулықтары әшкереленіп, өздерін өзі ұстап береді. Бірақ жұлдыздар мұның барлығының олардың айыбы еместігін айтады.
Мерген. Ісінен гөрі сөзі көп болады. Алайда мұны мойындамай біраз әбігерге түседі. Нәтижесінде басшылықпен сөзі жараспай қалады.
Суқұйғыш. Әсіресе спортшылардың жолы болады. Осы аптада көрші мемлекетке жарысқа барып, елімізге жүлделі орынды тарту етеді.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: rumbur.ru