Жұлдыз жорамал: 22.08.2022-28.08.2022

Негативке көңіл аудармаңыз, күнделікті істермен айналысыңыз, өзіңізге демалуға мүмкіндік беріңіз және жағымсыз әңгімелерді азайтыңыз.

Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір

Отбасылық бюджетті толықтыру үшін аянбай еңбек етуге жақсы уақыт. Аптаның басында бір қарағанда шешілмейтіндей көрінетін сұрақтар туындауы мүмкін. Оған аса мән бермей, аздап күте тұрыңыз: көп ұзамай бәрі ретке келеді. Өз мойныңызға ауыр істі алмаңыз, денсаулығыңызды күтіңіз, физикалық жағдайыңыз бен сырт келбетіңізді жақсартумен айналысыңыз. Апта соңы келіссөздер жүргізуге, серіктестік шарттарын талқылауға, сапарға шығуға, клиенттер табуға сәтті болмақ.

Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр

Егер алдын ала өз жоспарларыңызды дыбыстап айтпасаңыз, барлық нәрсе оңай іске асады. Тиімді ұсыныс жасайтын іскер адаммен кездесу болуы мүмкін. Апта кәсіптік қызмет үшін маңызды: барлығын жақсылап ойластырыңыз, себебі қазір мансабыңызда шешуші кезең. Жаңа нәрсе бастаудан және келешегі жоқ қатынасты аяқтаудан қорықпаңыз. Алға қарай жылжу үшін өзіңізді шектеу немесе жылғыз қалу қажет болуы мүмкін. Бұл басымдылықтарды дұрыс қоюға және ойларыңызды жинақтауға қажет.

Егіздер
21 мамыр – 20 маусым

Бұл психологиялық тыныштық пен үйлесімділік сезімін әкелетін өзгерістер аптасы. Денеңіз берген белгілерге мән беріңіз: мүмкін, маманның кеңесі қажет шығар. Қиын сұрақтарды шешу үшін біреудің кеңесіне жүгіну, бұрын алған немесе ұмытылған тәжірибеге оралу қажет болуы әбден мүмкін. Жеке өміріңізде бәрі жақсы болады: жағымды тосынсыйлар мен сыйлықтар күтіңіз. Туғандарыңыз бен жақындарыңызға қамқор болыңыз, балаларға уақыт бөліңіз.

Шаян
21 маусым – 22 шілде

Болашаққа жоспар құруға жақсы уақыт: ойлағандарыңыздың барлығын дерлік жақын арада жүзеге асыра аласыз. Тұрғылықты мекенжай, сатып алу немесе жылжымайтын мүлік сату сұрақтары бойынша маңызды шешімдер қабылдауға жақсы уақыт.

Арыстан
23 шілде – 22 тамыз

Материалдық проблемаларды шешуге, қосымша ресурстар іздеуге, сондай-ақ жалақыны көтеру немесе еңбек шартын жақсарту жайлы әңгіме қозғауға жақсы кезең. Үнемшілдік және болжағыштық көрсетіңіз. Егер сіз орнына бірдеңе ұсына алсаңыз, ақшалай түсімдер көп күттірмейді. Шығармашылық саладағы адамдардың істері сәтті жүреді. Отбасылық қатынастар мен романтикада өзгерістер болуы мүмкін: күтпеген жағдайларға дайын болыңыз.

Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек

Тұрмыстық сұрақтармен айналысуға, қажетті шаруашылық тауарлар, техника немесе құралдар алуға жақсы уақыт. Баяу ағымды жобаларды және бұрын басталған қызықты емес істерді аяқтауға тырысыңыз. Егер кәсіби салада бірдеңе өзгертуге қажеттілік бар болса, осы апта бойына оған бастамашылық етіңіз. Бұл апта басшылықпен сөйлесуге, сұхбаттасуға, жұмыс іздеуге және жаңа іскерлік серіктестікке қолайлы.

Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан

Кей таныстарыңызға қатынасыңызды және мінезіңізді өзгертуге мәжбүр болатын жағымсыз жағдайлар болуы мүмкін. Жұбайыңызбен немесе серігіңізбен болатын қайшылықтар үшін эмоционалдық бұзылудың орын алу мүмкіндігі бар. Апта соңы заңгерлік сұрақтарды шешуге, қоғамдық ұйымдарға жүгінуге қолайлы.

Сарышаян
23 қазан – 21 қараша

Отбасыдағы немесе романтикалық серікпен өзара байланысты қиындататын жағдайлардың біртүрлі тоғысуы немесе күтпеген хабар алуыңыз мүмкін. Жақын адамдармен араласуда қиындықтарды меңгеру қажет болады. Егер айтқаныңызда тұратын болсаңыз, маңызды проблемаларға дайын болыңыз.

Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан

Қарым-қатынас жағынан қолайлы апта. Туыстар мен жақын адамдардың жетістіктері сізді жігерлендіреді. Айналаңыздағы адамдар сіздің жақсы жақтарыңызды байқап бастайды. Бұл жалғызбасты Мергендерге қарым-қатынаста қуаныш және сәттілік сыйлайды. Апта бойына көптеген маңызды сұрақтар шешіледі.

Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар

Жұмыста және мансапта, жалпы бәрі жақсы болады. Қажырлы еңбек пен өзін-өзі тәрбиелеу кез келген іспен күресуге көмектеседі және мойындау алады. Бұрын маңызды деп санаған көп нәрсе енді сізді қызықтырмайды. Иллюзиядан арылуға және бұрын жіберген қателіктерді түзеуге мүмкіндік туады. Өзіңізді күтіңіз: қарбаластық денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Апта соңы сізді атқарылған жұмыстар нәтижесімен қуантады. Сізге қарыз қайтарады немесе күтпеген бірреттік төлем алуыңыз мүмкін.

Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан

Сіздің сақтығыңыз, ақылдылығыңыз және мұқияттылығыңыз сіз үшін пайдалы болады. Бастысы, ағат әрекеттерден арылу үшін асықпаңыз. Беделіңіз артуда, дана әріптестеріңіз күрделі сұрақтарды шешуге көмектеседі. Көптеген заттарға шындық ашылады. Ұсақ-түйекке, күнделікті қарбаласқа батып кетпес үшін зейініңізді жылдам басқа нәрсеге ауыстыруға тырысыңыз.

Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз

Кей қателіктер жұмысқа баспен кетуге мәжбүр етеді. Ол көп күшті және үйреншіксіз шешімдерді қажет етуі мүмкін. Әрекет жоспарын міндетті түрде ойластырыңыз, әйтпесе сіз қанша тырыссаңыз да нәтиже бермеуі мүмкін. Өз ресурстарыңызды (уақыт, физикалық күш және ақша) ұқыпты жұмсаңыз. Қазір демалатын уақыт емес, қосымша табыс көзін және жаңа серіктестік іздеуде белсенді болыңыз. Бұрынғы таныстарыңыз, мысалы, бұрынғы әріптестеріңіз проблемаларды шешуде көмектесе алады.