Жұлдыз жорамал: 22.08.2016-28.08.2016

Жұлдыз жорамал: 22.08.2016-28.08.2016
Фото: news.de

Жаз маусымының да аяқталуына он шақты күн қалды. Естен кетпестей етіп өткізейік.

Тоқты

Тоқтылар бұл аптада қиын жаңдайға тап болуы мүмкін. Бұл сіздің ойлаған мақсатыңызға байланысты. Аяқ астынан заң бұзушылыққа ұрынып жүрсеңіз, жоспарыңыз әсте бұзылады. Көлікпен жүрсеңіз, сақ болыңыз. Ғаламтор желісінде де өз аккаунттарыңызға сақтықпен қараңыз. Кез келген адамға сене бермеңіз.

Торпақ

Торпақтар бұл аптада көп нәрсеге мән берулері керек. Саяхатқа шығамын деген аяқ астынан туған жоспарлар туралы мүлде ойламаса болады. Себебі, арты неге әкеліп тірелері белгісіз. Қаржыңызға абай болыңыз. Қарызға ақша алудың не берудің қажеті жоқ. Достармен қарым-қатынасыңызды бұзып алмаңыз, араға іріткі салып,  достықты үзушілер көп, сақ болыңыз.

Егіздер

Бұл апта Егіздер үшін өте қолайлы болмақ. Сіздің басты назарыңыз отбасыға, бала-шағаға ауатын болады. Жарыңыздың бірбеткейлігі сіздің ашуыңызға тиюі мүмкін. Бірақ мейлінше, сабырлы болуға тырысыңыз. Демалыс күндері отбасыңызбен жаздың соңғы күндерін сәтті өткізуге болады.

Шаян

Шаяндар бұл аптада денсаулығына мән бергені дұрыс. Ыстық та емес, суық та емес ауа температурасын бірқалыпта ұстап жүргеніңіз жақсы. Ыстық моншадан кейін суықта отырып қалсаңыз, ауырып қалуыңыз мүмкін. Отбасыңыздың жанында болыңыз. Тынығып демалыңыз. Күзгі маусымға шымырланып, дайын болыңыз.

Арыстан

Ғашық Арыстандар үшін бұл апта сезімге толы болмақ. Қызғаныш сезіміне бой алдырып алмаңыз, күдікке ілініп қалмаңыз. Бала тәрбиесіне де мән берген абзал. Бала психологиясын түсініп, оның болашағына, сөзіне, өзіне сеніп, үнемі қолдап жүретініңізден хабар беріңіз.

Бикеш

Отбасыңызда шаруа көбеюі мүмкін. Қатты шаршап, отбасы мүшелерінен қолдау таба алмасаңыз, яғни олар сізге көмектеспесе, барлық істі бір өзіңіз тындыруға тура келеді. Жеке жұмыстарыңыз да шетте қалып қоймасын. Денсаулығыңызға, сырт келбетіңізге көңіл бөліңіз. Өзіңізге керекті заттарды сатып алыңыз, серуендеңіз. Негативті энергетиканы шығарып тастауға тырысыңыз.

Таразы

Таразылар бұл аптада зейінінің артқанын байқайды. Бұл барлық қырынан танылады. Өзгелердің ақылсынған кеңестеріне, сындарына мән бермеңіз. Сіз қабылдайтын сын емес. Өз пікіріңіз дұрыс. Туған-туыстарыңызға хабарласып тұрыңыз, оларға сіздің көмегіңіз, қолдауыңыз керек. Әр салада өз мүмкіндігіңізді жоғалтып алмаңыз.

Сарышаян

Сарышаяндар бұл аптаны жақын достарымен өткізеді. Тосынсый, аяқ астынан туар ғажайыптар күтіп тұр. Сізді саяхатқа не демалысқа шақыруы мүмкін. Бас тартпаңыз, әйтпесе, өкініп қаласыз. Аптаның басты кедергісі – қаржы. Оптимист болсаңыз, мұны кедергі деп те есептемейтініңіз анық.

Мерген

Мергендер бұл аптада мансап жолында ілгерілеушілікті, қаржылық табыстың боларын сезеді. Отбасыңыздағы жағдайдарға көңіл бөліңіз. Шаңыраққа жылу сыйлап, ұйытқы болар – сізсіз. Сондықтан, жұмыстан бір кезек бас алып, жанұяңызға жылу сыйлаңыз.

Тауешкі

Тауешкілер білім көкжиегіне сапар шегуі керек. Жаңа білім жаңа жетістікке қол жеткізуі мүмкін. Бұрын бетін ашпаған жаңа сала сізге сәттілік әкеледі. Бұл апта Тауешкілер үшін демалыс, саяхат, ойын-сауық үшін қолайлы апта болмақ. Уақытты тиімді пайдалану үшін жоспармен жүріңіз, бейтаныс адамдарға жайыңызды айтап керек емес.

Суқұйғыш

Суқұйғыштарды күтпеген оқиғалар тосып тұр, бұл оқиға олардың ойлап жүрген жоспарын аяқ астынан өзгертуі мүмкін. Бұл әрине қаржыға әкеп тіреледі. Сіздің ойыңызша, қаржыны ойын-сауыққа жұмсап, демалған дұрыс шығар, бірақ, әмияныңыз босап қалатыны тағы бар, соны да бір кезек ойланып қойыңыз.

Балықтар

Жұлдыздар Балықтардың өз бетімен бастама көтермеуін қалайды. Одан да өзіңізден гөрі көбірек сенетін адамға табыстаңыз, бастама сәтті болса, ұпай оған шешілді деп қорықпаңыз, бастысы идея сіздікі екенін бәрі білетін болады. Кикілжіңнен сақ болыңыз, әр жердің өз заңдылығы бар, заңдылықпен жүріңіз.

Г. Берік