Жұлдыз жорамал: 21.07.2014 - 27.07.2014

Назарларыңызға 21.07.2014 - 27.07.2014 уақыт аралығына арналған жұлдыз жорамал ұсынамыз. Осы аптада отбасы мүшелері мен жұмыстағы бастығыңыз сізден ерекше назарды талап етеді. Ренжісуден аулақ болыңыз. Жұмыстарыңызды ешкімнің сізге тағар міні болмайтындай орындаңыз. 

 

Тоқты. Жауапкершілік пен қиындықтардан қашып жүретін мінезіңіз осы аптада зиянын тигізеді. Аяқтауға жақын қалдым деген істің шегі жақын уақытта көрінбей, тосын сый дайындап тұруы мүмкін. Сондықтан асықпаңыз. Аптаның бастапқы бөлігінде достарыңыз бен серіктестеріңізге ерекше көңіл бөліңіз. Сәрсенбінің сәтті күнінде көп қаржы жоғалтқыңыз келмесе, барынша ұяңдық танытуға тырысыңыз. Ал аптаның келесі бөлігінде қарқынды түрде жұмыс істеуіңізге тура келеді. 

   

Торпақ. Бұл аптада барлық қиындықтарыңызды шешіп үлгермейсіз. Сол себепті асықпаңыз, барлығы көп ұзамай реттеледі. Егер дүйсенбіге дейін жақсы нәтижеге жеткіңіз келсе, алдыңыздағы қиындықтарды жеңе біліңіз. Сейсенбі күні түйсігіңіз көмекке келеді. Бейсенбі күні қарсыластарыңыз бен дұшпандарыңыз белсенділік танытады. Ал оларды басып озуға достарыңыз көмектеседі.  

   

Егіздер. Дүйсенбі күні сізге ешкім көмектеспейтіндіктен, қиындықтарыңызды өзіңіз шешуіңізге тура келеді. Сәрсенбі жаңа адамдармен қауышып, үлкен табысқа кенелесіз. Жұма күні абайлаңыз, әріптестеріңізбен сыйыңыз жараспай қалуы мүмкін. Осы аптада бастысы таңдауды дұрыс әрі жылдам жасап үлгеріңіз. 

     

Шаян. Бұл аптада жолыңыз болды. Бұған дейінгі барлық қиындықтарыңыз өз шешімін тауып, ренжісіп жүрген адамдарыңызбен татуласасыз. Уақытты ұтымды түрде пайдаланыңыз. Сәрсенбі күнге жоспарлаған жұмыстарыңыз сәтті өтеді. Жұма күні алдағы өміріңізді бір рет жоспарлап алыңыз. 

   

Арыстан. Осы аптаның ішінде ерекше белсенді болыңыз. Алыс-жақын таныстарыңызбен қарым-қатынасыңызды ретке келтіріңіз. Аптаның алғашқы бөлігінде бастығыңыздың көзіне түспегеніңіз жөн. Оған көрсетер жоспарларыңыз болса, аптаның келесі бөлігіне қалдырыңыз. Сәрсенбі күні жағымды хабар естисіз, оны дұрыс қабылдай біліңіз. Жұма күні күдігіңіз расталып, сенбі күні туысқандарыңыздан қарызға ақша алуыңыз мүмкін. 

     

Бикеш. Осы аптада ең болмашы деген қуаныштарыңызбен бөлісіңіз. Егер сәрсенбі күні күш-қуатыңыздың тасып тұрғанын байқасаңыз, оны дұрыс бағытта жұмсауға тырысыңыз. Отбасы мүшелеріңіздің өмірін түбегейлі өзгертетіндей шешімді қабылдамас бұрын оларға ескертіңіз. Ескертпеген жағдайда қарсылық көрсетуі мүмкін. Отбасыңыздағы жайлы өмір сіздің арқаңызда жүзеге асып жатқаны анық, алайда мұны тағат сайын еске салып тұрудың қажеті жоқ. 

     

Таразы. Аптаның алғашқы бөлігін бітпеген жұмыстарыңызды аяқтап, есеп-қисап жүргізуге арнаңыз. Белсенділікті бейсенбіге сақтаңыз. Жұма күні жұмысыңызды ерте аяқтауға тырысыңыз. Ары қарай не істеу керектігін түйсігіңіз баяндайды. Демалыс күндерді болашағыңызды жоспарлауға арнаңыз. 

     

Сарышаян. Бір нәрсені ойға алған болсаңыз, бір орында тұрып қалмай алға қарай жылжыңыз. Ал егер ойдағыдай жұмыс атқарған болсаңыз, аз аялдап, қалған уақытты өзіңізді ретке келтіруге арнаңыз. Сейсенбіге кездесулерді жоспарламаңыз. Сәрсенбі күні жүзеге асатын жаңа оқиғалар сізді қуантады. Ал сенбі күні міндетті түрде табиғат аясында демалуға тырысыңыз. 

     

Мерген. Алтын уақытты босқа шығындамай, ұтымды түрде пайдалануға асығыңыз. Дүйсенбі барлық жұмысты орындар кезде мұқият болыңыз. Егер ғылыми зерттеумен айналысып жүрген болсаңыз, сәрсенбі күні жаңалық ашуыңыз мүмкін. Жұма күні шамадан тыс артық жұмыс істесеңіз, туған-туысқандарыңызбен ренжісіп қалуыңыз ғажап емес. 

    Тауешкі. Осы аптада бизнес саласындағы серіктестеріңізбен қарым-қатынаста мұқият болыңыз. Дүйсенбі жиналып қалған қиындықтарды шешуге тырысыңыз. Сейсенбі күні басшыңыздың алдында жоба қорғайсыз. Сәрсенбі күні қол қоятын құжаттарға мұқият болыңыз. Бейсенбінің жаңалығы сізді қуантады, алайда оның растығына көз жеткізіп алыңыз.       

Суқұйғыш. Осы аптада өзіңіздің жұмысыңызға қатысты жаңа дүниелерді білетін боласыз. Жасы үлкен ағаларыңызбен, әріптестеріңізбен немесе басшылықпен сөзіңіз жараспауы мүмкін. Қиындықты шешу үшін бетпе-бет жүздесіп талқылаудан қорықпаңыз. 

    Балықтар. Дүйсенбі сізге романтикалық көңіл-күй алып келеді. Бірақ тым қатты армандап, қиялыңызды шындық деп қабылдауыңыз мүмкін. Аз еңбектенсеңіз, сейсенбі үлкен табысқа кенелесіз. Сәрсенбі күні ешкіммен қалжыңдаспаңыз. Ал аптаның екінші бөлігінде имиджіңізді өзгертіп,  жұма күні басшылықтан мақтан сөз естуге дайын болыңыз. 

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: rumbur.ru