Өмірде ең бастысы - адалдық. Өзіңізге, өзгелерге, арманыңызға адал болыңыз. Сол кезде барлығы өз орнына келеді.
Тоқты. Бұл аптада өміріңізде үлкен өзгерістер орын алады. Бірақ одан қорқудың қажеті жоқ! Егер сізден кетуіңізді өтінсе, бұл да – жаман емес. Жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Ішкен асыңызға мән беріңіз. Жеңіл тамақ жеймін деп, уланып қалуыңыз мүмкін. Ал жеке өмірде жақындарыңызды ашуландыра бермеңіз. Сіздің бұл қасиетіңіз жұқпалы болып келеді.
Торпақ. Сізге қоршаған ортаңыз жаман әсерін тигізуде. Өзгенің жетегіне ермей, шешімді тек өзіңіз қабылдаңыз. Сізді біреу өз мақсатында пайдаланғысы келеді. Ал жеке өмірде жаңа таныстарды іздеп жүргеніңіз анық. Бойыңызда әлдебір дүниенге деген құштарлық бар. Жақын уақытта жалғыз қалғыңыз келмесе, қолда бардың қадірін біліңіз.
Егіздер. Бұл апта денсаулығыңызды жөнге келтірумен өтеді. Дәрігерге қаралып, түрлі тексеруден өтесіз. Мән бермеген нәрселер судың бетіне қалқып шығады. Еш нәрседен қорықпай, барлығын соңына дейін жеткізіңіз. Ата-анаңызбен, балаларыңызбен көп уақыт өткізіңіз. Ал жеке өміріңізге қатысты кездесулерді кейінге қалдырыңыз.
Шаян. Киіну стиліңізді қалпына келтіру үшін таптырмас уақыт. Бұл жаңа киім сатып алу керек деген сөз емес, бар болғаны өзіңізде бар киімдерді жаңаша түрлендіре аласыз. Шашыңызды емдеп, массажға барсаңыз, нұр үстіне нұр болар еді. Өзіңіз үшін қаншалықты көп уақыт жұмсасаңыз, соншалықты жеңіске бір қадам жақындайсыз.
Арыстан. Мансап жолы мен жеке өміріңізде аздаған қиындықтар туындайды. Оның барлығы да сезімге байланысты болады. Алайда бұл аптада «ойыннан өрт шығуы» мүмкін. Сондықтан қандай жағдай болмасын кері әсері аз тиетінін таңдаңыз. Көп шығындалмаңыз, және өзіңізге тиесілі пікірді жоғалтпаңыз.
Бикеш. Бұл аптада ашуға, негативті сезімге бой алдырасыз. Достарыңызды жоғалтуыңыз мүмкін. Өзіңіз не нәрсені ұнатпайтыныңызға мән беріп, қиындықтарыңызды өз бетіңізше шешіңіз. Жасыл киім киіңіз. Ол сізге сабырлық сыйлайды. Қара суды көбірек ішіңіз.
Таразы. Сіз жақындарыңыз үшін көп нәрсе жасасаңыз да, олар еңбегіңізді еш бағаламайды. Осыған сәйкес өзіңізді де ойлағаныңыз жөн болар. Дүкендегі, кинодағы, театрдағы адамдар болса да, қоғамда көбірек жүруге тырысыңыз. Сол кезде балалармен де ренжісудің еш қажеті болмайды.
Сарышаян. Мақсатыңыз маңызды емес сәт туады. Өмірге деген көзқарасыңыз да өзгереді. Ал бейтаныс адамдар өміріңізге жаңалық алып келеді. Егер мұндай өзгерістерге дайын болсаңыз, алға қадам басыңыз. Және қызыл түсті киімдер киюдің қажеті жоқ.
Мерген. Бойыңызға күш-қуат толып, біреуге ғашық болғыңыз келеді. Алдағы аптада көп адаммен танысасыз, бірақ бір ғана адамды сүюге болатындығын ұмытпаңыз. Талғампаз болыңыз. Ал жұмыста ойыңыз тың болсын, маңызды келісім шартқа қол қоясыз.
Суқұйғыш. Өміріңіз ойдағыдай өтіп жатыр десек, артық айтпаймыз. Барлығы өз ретімен, жақсы көретін адамдарыңыз аман-сау. Ал жалғыз жүрген суқұйғыштар өмірлік жарын жолықтырады. Ауылға немесе өзге қалаға қыдырып қайтуыңызға әбден болады. Асқазаныңыз ауырмайтынына кәміл сеніп, қазы-қартаны қалағаныңызша жеуіңізге болады.
Сурет: rumbur.ru