Жұлдыз жорамал: 20.07.2015 - 26.07.2015

Алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін өзгеге қиянат жасауымыз мүмкін. Мұнымен қатар, жанымызға жақын адамдарымызды ренжітіп жатқанымызды түсінбейтін сәттер де болады. Десе де адамгершілік, адалдық сынды игі қасиеттерді ту етіп ұстауды ұмытпайық. 

Тоқты

Отбасылық бюджеттің көлемі ұлғаяды. Ағайындарыңыздың бірі қаржылай көмек көрсетеді. Осы ақшаны пайдаланып, үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуіңізге болады. Үйдің айналасындағы бау-бақшаға мән беріңіз. Өкінішке орай, аптаның екінші бөлігінде ақылға сыймайтын іспен айналысасыз. Ең жақын деген адамдарыңыздың тарапынан қолдау таппай қаласыз. Сондықтан белгілі бір істі жүзеге асырмас бұрын, жақындарыңыздың да қалауын ескеріңіз.

Торпақ

Сүйіктіңізбен сөзіңіз жарасып, араларыңыздағы даулы мәселелерді шешесіздер. Бұрынғыдай сыйластық болмаса да, істеріңізде жауапкершілік көрініс табады. Мұнымен қатар, сүйіктіңіз бар істі өз қолына алады. Қолдау көрсететін демеушілер де жаныңыздан табылып, айыңыз оңынан туады.

Егіздер

Аптаның алғашқы бөлігінде ақшаға қатысты мәселелерді шешесіз. Мансап жолында ілгерілеп, жалақыңыз өседі. Бос уақытыңызды үй шаруасына арнаңыз. Дәл қазір — созылмалы ауруларды емдететін уақыт. Аптаның екінші бөлігінде достарыңызбен ренжісіп қалуларыңыз мүмкін болғандықтан, олармен кездесуге бармағаныңыз жөн. Көңіл-күйіңізді құртып, ақшаңызды босқа шығындайсыз.

Шаян

Аптаның алғашқы бөлігінде шығармашылықпен айналысуға құмартасыз. Осы құмарлығыңызды пайдаланып, жаңа қолөнер түрін меңгеруіңізге болады. Осы уақыт аралығында махаббат сезімі маздап, сүйіктіңізді сағына бастайсыз. Мұнымен қатар, оның жауапкершілігіне риза болып, қандай істе де сүйеу бола алатынына көзіңіз жетеді. Аптаның екінші бөлігінде қызметте қиындықтар туындайды. Сол себепті басшылықтың көзіне түспей, жиналыста тартынуғы тырысыңыз. Бастығыңызбен бетпе-бет сөйлесетін болсаңыз, сөздеріңіз жараспай, ренжісіп қалуларыңыз мүмкін.

Арыстан

Дәл қазір жалғыз қалып, жаныңызды жегідей жеп жүрген сұрақтардың жауабын іздегеніңіз абзал. Өйткені өміріңізге өзгеріс енгізіп, жаңа арнаға бұрылатын уақыт келді. Аптаның екінші бөлігінде заң ережелерін бұзасыз. Сондықтан барынша сақ жүріңіз. Бұдан өзге атақ-абыройыңызға дақ түспеуіне мән беріңіз.

Бикеш

Аптаның алғашқы бөлігінде құрбы-құрдстарыңызбен сөзіңіз жараспай, қатты қиналасыз. Мақсаттастарыңызды табу арқылы сырлас достарыңыздың қатарын көбейтесіз. Жаныңызда жүрген бейтаныс адамдар қол ұшын созып, сізді жаңа белестерге жетелейді. Саяхаттауға ойланбастан шыға беруіңізге болады. Ал аптаның екінші бөлігінде өзіңіз күтпеген оқиғалар жүзеге асады. Ақша жоғалтып, дене жарақатын алуыңыз мүмкін.

Таразы

Аптаның бірінші бөлігінде қызметте жолыңыз болады. Қалтаңыздың қалыңдығының арқасында бойыңыздағы өзіңізге деген сенімділігіңіз артады. Қабілеттілігіңізді басшылық байқап, көптің алдында абыройыңызды асқақтатады. Шеніңізді жоғарылатуға ұсыныс тастауы мүмкін. Алайда бірден келісуге асықпаңыз. Өкінішке орай, сүйіктіңізбен ренжісіп, қарым-қатынастарыңыз тығырыққа тіреледі. Бұл жолы оның қалауын орындағаныңыз жөн.

Сарышаян

Жұлдыздар бар уақытты өзіңізді дамытуға арнауға кеңес береді. Өз кемшіліктеріңізді жақсы білесіз. Оларды қалай жеңу керектігін де. Бірінші кезекте оқу мәселесін реттеуге тырысыңыз. Өзіңізді ретке келтірген кезде, бойыңыздағы сенімділігіңіз де қайта оралады.

Мерген

Жылдам жауап беруді талап ететін ситуацияларға тап боласыз. Күш-қуатыңыз тасып жүргендіктен, спортпен айналысып, түрлі сайысқа қатысқаныңыз жөн. Аптаның екінші бөлігінде сүйіктіңізбен ренжісесіз. Тіпті айырылысып, басқа біреумен сөз байласуыңыз мүмкін. Ал ашуыңызды тізгіндеп, оған сыйлық жасар болсаңыз, күтпеген оқиғаларға тап боласыз.

Тауешкі

Аптаның алғашқы бөлігінде сүйіктісімен сөзі жарасып, болашаққа бағытталған жоспарлар құрасыз. Қызметте де жолыңыз болады. Дәл қазір қандай сұрақ болмасын, дұрыс жауабын табасыз. Сондықтан отбасыңызға қатысты қиындықтарды шешуге тырысыңыз.

Суқұйғыш

Бар күшіңізді алдыңызға қойған мақсатыңызға жету үшін жұмсайтын боласыз. Сұрақтардың жауабын табуға тырысқан сайын, жоспарыңызды оңай орындап отырасыз. Өзгелерден уақытты бағдарлай алатындығыңызбен ерекшеленесіз. Жаттығу залына, фитнеске барып, физикалық денсаулығыңызды ретке келтіріп отырыңыз. Ал аптаның екінші бөлігінде жақын адамдарыңызбен қарым-қатынастарыңызға қаяу түседі. Болмашы дүниеге бола ренжісулеріңіз мүмкін. Осы уақыт аралығында жаңа адамдармен жолықпай қоя тұрғаныңыз абзал.

Балықтар

Бойыңызда бұғып жатқан өнерді көпшілікке паш етіп, той-жиында сөз сөйлейсіз. Өзіңіз қатысатын қойылымдар мен сайыстардың барлығы ойдағыдай өтеді. Сәттілік жолдас болып жүрген сәтті пайдаланып, жеке көзқарасыңызды ашық айтуыңызға болады. Ақша айырбастау операциясын жасамауға тырысыңыз. Балаларыңыз болса, олардың тәртібіне назар аударыңыз.