Жұлдыз жорамал: 20.062016-26.06.2016

Көк қағаздың құлы болу – басты мақсатыңыз емес. Мансапқа емес, махаббатқа көңіл бөліңіз.

Тоқты

Тоқтылар бұл аптада жүйкесін сақтауы тиіс. Аптаның ішінде көптеген күйзеліске тап боласыз. Айналадағы жандардың сөздері сізге ұнамаса, дереу жауап қайырып, жекіп тастау міндет емес. Әр жауап берген сайын сіздің жүйкеңіз шаршайды. Ал аптаның соңында көп қозғалыңыз. Қозғалыс – көп дүниеден ада болуға көмектесетін күш.


Торпақ

Қаржы мәселесіне орай көптеген сұрақтарды шешеді. Ақшаның тапшылығы, табыс көзін көбейту, оған тәуелді болмау, несие, қарыз сынды нәрселермен көп бас қатыра бермеген дұрыс. Бұл аптада білім көзін ашыңыз, көп оқыңыз. Зейініңізді арттырыңыз. Көк қағаздың құлы болу – басты мақсатыңыз емес. Мансапқа емес, махаббатқа көңіл бөліңіз.

Егіздер

Егіздер бұл аптада жаңа бастаманың шетін көтеріп, үлкен іске ұйытқы болады. Бірақ қолдау көрмей қалуы мүмкін. Оған қам жемеңіз. Егер ісіңіз өрге жүзіп жатса, талмаңыз. Бос уақытты тиімді пайдаланып, туған-туыстармен, достармен қарым-қатынасты нығайтыңыз.

Шаян

Шаяндар апта басында және ортасында тығырыққа тірелуі мүмкін. Бұл алға қойған жоспардың көңіл-күй жоқтығынан орындалмауына байланысты. Аптаның ортасында күш жинап, бастаған ісіңізге қайта ораласыз. Өз-өзіңізге деген бағаңызды ешқашан төмендетпеңіз. Бұл аралық білім алуға, көп дүние үйренуге ыңғайлы.

Арыстан

Арыстандардың ойлаған мақсаты аяқ асты өзгеруі мүмкін. Жалғыздықта отырып, шығармашылықпен айналысу керек. Сонда ғана шабыт алып, күш жинап, жаңа бағытқа оң қадам жасай аласыз. Апта соңында дүкен аралап қыдырып қайту артық етпейді.

Бикеш

Бикештер жұмыс күндері сыртқы қысымды байқайды. Бұл қысым мақсатқа жету жолында кедергі болуы мүмкін. Бірақ, адам аламын десе, бағындыра алмайтын шыңы жоқ. Аптаның ортасында және соңында достармен бас қосыңыз. Кездесуге шақырса, қалмаңыз.

Таразы

Таразы белгісіндегі жандар айналасындағы адамдармен сөзке келіп қалуы мүмкін. Дау кезінде отыз тістен шыққан сөзге абай болыңыз. Өз сөзіңіз өзіңізге қарсы қолданылып жүрмесін. Жанжал туып жатса, өзіңізді салмақты ұстауға тырысыңыз. Апта соңында отбасыңызбен бірге болыңыз.

Сарышаян

Сарышаяндар апта басында әлсіздікті сезеді. Шаршап, шалдыққан ағзаны дәрумендермен қорректендіру керек. Ал апта ортасында таным көкжиегін арттырып, тың идеялар ойлап, шығармашылықпен айналысу керек. Демалыс күндерін достармен өткізген дұрыс. Бәріңіз жиналып, табиғат аясына шығып тыныққан жақсы.

Мерген

Аптаның басында және ортасында көптен бері толғандырып жүрген қаржы мәселесі шешіледі. Аптаның соңында отбасыңызбен бірге табиғат аясына шыққан абзал. Демалыс күндері – алға мақсат қойып, өткенге есеп беруге қолайлы мерзім.

Тауешкі

Тауешкілер бұл аптаны жұмысқа арнайды. Әріптестермен қарым-қатынасты нығайтқан артық болмайды. Ол үшін жиі кеңесіп, мәселелерді бірге шешу керек. Бұл аптада үй тірлігін қоя тұрыңыз. Демалыс күндерін өзіңізге арнаңыз. Спортпен айналысып, зияткерлік қабілетіңізді арттырыңыз.

Суқұйғыш

Ғашық Суқұйғыштар аптаның басында және ортасында сүйгендеріне сезімін дәлелдей түседі. Аптаның соңында үй тірлігіне назар аударады. Көптен сүртілмеген шаң, мұз басып қалған тоңазытқыш күтіп қалды. Сонымен қатар, денсаулығыңызға мән беріңіз.

Балықтар

Балықтар үшін аптаның басы мен ортасында күйбең тірлік көбейіп кетеді. Ал аптаның ортасында олардың шабыты ашылып, шығармашылық қабілеті арта түседі. Оған қоса, бұл апта – спортпен шұғылданып, концерттерге барып, көңіл көтеруге қолайлы кезең. Аптаның соңында махаббатқа толы кездесу немесе тосынсый күтеді.