Жұлдыз жорамал: 20.04.2015 - 26.04.2015

Өміріңізде таңғажайып оқиғалар көп болғанын қаласаңыз, оларға сене біліңіз. Ең бастысы, бала көңіліндей таза жүрегіңіздің кірлеуіне жол бермеңіз. 

Тоқты

Бұл аптада әдеттегідей әлсіздік танытпай, ойыңызды ашып айтқаныңыз жөн. Тақырға отыруыңыз мүмкін болғандықтан, қызметтес достарыңыздың ұсынысынан бас тартыңыз. Жұма, сенбі күндері үй ішін тазалағаныңыз жөн. Махаббат мәселесіне келсек, алдыңызда екі таңдау тұрады. Тұрақты отбасын құрасыз ба? Әлде уақытша сезімге ерік бересіз бе? Қысқасы таңдау еркі өзіңізде.

Торпақ

Бар жүктің ауыртпалығын тек өзіңізге артып қана қою жарамайды. Ойға алғандарыңызды жүзеге асырғыңыз келсе, майда-шүйдеге мән бермеуді үйреніңіз. Сәрсенбі күні өмірлік жарыңыз болуға лайық адамды жолықтырасыз. Ал сенбі күні алыстағы ағайын-туысқандарыңызға ат басын бұруыңыз мүмкін. Соңғы кезде өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді асыра сілтеп айтып жүрсіз. Әсіресе сұлулық пен сымбат мәселесіне қатысты айтылуда. Сүйіктіңіздің алдында мұрынды шүйіру әдетін шетке ысырғаныңыз жөн. Жұма – татулық үшін таптырмас күн болмақ.

Егіздер

Дәл қазір – жаңа жобаларды қолға алатын уақыт. Ақыл-парасатыңызды барынша пайдаланыңыз. Осы апта ішінде басшыңыздың алдында өзіңізді жақсы қырынан көрсету мүмкіншілігі туады. Ерекше таланттарыңызды да паш еткеніңіз жөн. Қай істе болсын жақындарыңыздың қолдауына ие боласыз. Ал демалыс күндері үй шаруасына көңіл бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізгеніңіз жөн. Тез ренжіп қалу әдетінен арылыңыз. Сүйіктіңіздің сізге айтарлықтай назар аудара алмауының өзіндік себептері бар. Жақын күндері ол барлығын қалпына келтіреді.

Шаян

Жұлдыздар белгілі бір жобаны қолға алмас бұрын барынша жинақталып алуға кеңес береді. Сақ жүріп, өзіңізге назар аудартпауға тырысыңыз. Апта ішінде көп адаммен танысасыз. Олармен уақытты қызықты өткізесіз. Жұмыстар көптігіне қарамастан сізге қуаныш сезімін сыйлайтын болады. Өкінішке орай, қаржы мәселесінде қиындықтар туындайды. Бұл мәселеге қатысты жұлдыздар кеңес бере алмайтындықтан, түйсігіңізге сүйенгеніңіз жөн. Сүйкімді болып көрінгіңіз келсе, сыртқы келбетіңізді өзгертіңіз. Осы апта ішінде сүйіктіңізге көмектесіп, оған өз пайдаңызды тигізе алатындығыңызды дәлелдейсіз. Ең бастысы, қолыңыздан келмейтін уәде берудің қажеті жоқ.

Арыстан

Әріптестеріңізге артық әңгіме айтпауға тырысыңыз. Сәрсенбі күні шешімді жылдам қабылдауыңызға тура келетіндей жағдай туады. Осы сәтті оңтайлы пайдаланып үлгермесеңіз, көп мүмкіндікті жіберіп аласыз. Көптен бері жиналған қиындықтарыңызды қолға алып, олардың шешімін тапқаныңыз жөн. Бейсенбі күні еститін жаңалық сізді қатты қуантады. Алайда оның растығына көз жеткізіп алыңыз. Жұма күні келісім-шарттарға қол қоймаңыз. Ал демалыс күндері табиғат аясында серуендегеніңіз жөн. Сезім мәселесінде қандай қиындыққа тап болсаңыз да, намысыңызды аяқ асты етуге мүмкіндік бермеңіз. Сенбі күні сүйіктіңізбен жолығудан бас тартып, жалғыз қала тұрғаныңыз жөн.

Бикеш

Бұл аптада жұмысыңыз шаш-етектен болып, қатты шаршайсыз. Бірінші кезекте ең маңызды деген істермен айналысып, қалғанын екінші орынға ысырыңыз. Барлығына үлгермейсіз. Сыныңызды дұрыс түсінбеуі мүмкін болғандықтан, басшылықтың жұмысына қатысты жағымсыз пікір айтпаңыз. Ал бейсенбі күні достарыңыздың кеңесіне құлақ асыңыз. Ең бастысы, ешкімді ренжітіп алмаңыз. Жексенбі күні барлық істе жолыңыз болады. Өкінішке орай, сүйіктіңіз көңіліңізді қалдыруы мүмкін.

Таразы

Эмоцияңызды бақылай алу қасиетінің арқасында өзіңіздің шынайы шама шарқыңыздың қаншалықты екенін білесіз. Жұмысқа байланысты көп әрі қызықты ұсыныстар түседі, бірақ шешім қабылдауға асықпаңыз. Басшылықтан немесе жақын адамыңыздан естіген сынды жамандыққа жорудың қажеті жоқ. Барлығына объективті баға беруге тырысыңыз. Сенбі күні жеке өміріңізде өзгерістер болады.

Сарышаян

Қандай жағдай болмасын, шешімді асығыс қабылдамаңыз. Қалыпты өмір салтын өзгертудің қажеті жоқ. Алайда жақындарыңызбен көбірек араласып, қыдыруға тырысыңыз. Ал жұмыста тек керекті іспен ғана айналысыңыз. Жұма күні жанжалдың алдын алу үшін, құжаттарды реттеп қойғаныңыз жөн. Сүйіктіңіздің жұмысы шаш-етектен артылып жүргендіктен, сіздің өтініштеріңізді орындай алмай жүр. Оған түсіністікпен қарауға тырысыңыз. Алайда бұл сізді жақсы көрмейді деген сөз емес. Ал демалыс күндері көптен күткен кездесуге барасыз.

Мерген

Осы апта ішінде таңғажайып оқиғалар жүзеге асып, қиын мәселелердің шешімін оңай тауып отырасыз. Шулы ортаны ұнатпасаңыз да, көпшілікпен жүздесуіңізге тура келеді. Сейсенбі, сәрсенбі күндері ұяң мінезбен дос бола тұрғаныңыз жөн. Ал аптаның екінші бөлігінде ортақ шешім қабылдау мәселесіне дайын болыңыз. Сүйіктіңіз таңқалдырып, тіпті қорқытып алуы да мүмкін. Алайда оның мұндай ессіз әрекетке баруына сіз себепшісіз. Яғни сіз үшін көп нәрсе жасауға дайын. Демалыс күндері бірге серуендеуге тырысыңыздар.

Тауешкі

Дүйсенбі күні сізге ауқымды жұмыс ұсынады. Алғашында сіз үшін пайдалы болып көрінгенімен, арты жақсы болмайды. Сол себепті әрбір қадамыңызды ойластырып алыңыз. Сәрсенбіден бастап барлығы өзгереді. Жұмыста зор табысқа жетесіз. Бейсенбі, жұма күндері бірнеше іспен бір уақытта айналыспағаныңыз жөн. Нағыз махаббаттың дәмін татасыз. Армандап жүрген романтикалық оқиғаларды бастан кешіресіз. Өкінішке орай, сүйіктіңізбен жалғыз қалған сәтте ренжісіп қаласыздар.

Суқұйғыш

Алдыңызға қойған мақсаттарыңызға жетіп, жобаларыңызды іске асыру үшін аптаның алғашқы бөлігі барынша оңтайлы болады. Алайда қиындыққа тап болдым екен деп кідіріп қалмаңыз. Аз демалып алған соң қайтадан іске кірісіңіз. Басыңызға бақ қонды десек те болады. Ал аптаның екінші бөлігінде маңызды кездесулерден бас тартқаныңыз жөн. Әйтпесе жалған сөздер естуіңіз мүмкін. Сүйіктіңіз бен екеуіңіздің болашақтарыңыз қандай болатындығы тек қана сіздің қолыңызда. Сол себепті әр қадамыңызды аңдап басыңыз. Ал жұма, сенбі күндері кездесу сәтті өтеді.

Балықтар

Оқиғалардың барлығы ойдағыдай жүзеге асқанын қаласаңыз, еш нәрсеге асықпаңыз. Сейсенбі күні өзгелердің назарына ілігудің қажеті жоқ. Сәрсенбі күні ескі қарым-қатынасқа нүкте қойғаныңыз жөн. Туысқандарыңыздан жақсы хабар келетіндіктен, жексенбі күні үйде болғаныңыз.. Басшы болу әдетіңізді шетке ысыра тұрыңыз. Сіздің әр кез дұрыс шешім қабылдайтындығыңызды барлығы біледі. Алайда сүйіктіңіз мұны басқаша түсінуі мүмкін. Оның ақыл-кеңесіне құлақ асыңыз.

Күндеріңіз сәтті өтсін!

Сурет: rudaki.ru