- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 19.09.2022-25.09.2022...
Жұлдыз жорамал: 19.09.2022-25.09.2022
Жұлдыздар мен планеталар бұл аптада күш пен энергия сыйлайды. Астрологтардың ойынша, бұл кезең барлық қажет емес және ескірген нәрселерді ауыстыруға қолайлы.
Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір
Бұл апта қарым-қатынас үшін қолайлы. Тоқтыларға бұл аптада жаңа достар табу және ерекше адамдармен танысу оңай болады. Бірақ үнемі жұрт назарында болудың қажеті жоқ, айналаңыздағыларға мұқият болыңыз.
Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр
Егер алдын ала жақсы ойластырылған болса, шығармашылық ойларыңыз бен қызықты идеяларыңыз осы аптада жеңіл іске асады. Көп нәрсе жүзеге асады, ал проблемалар жылдам әрі оңай шешіле бастайды. Бұл жұмыста алға жылжуға қолайлы кезең.
Егіздер
21 мамыр – 20 маусым
Ең дұрыс шешімді айтатын ішкі даусыңызды тыңдағаныңыз жөн. Отбасыда жағымсыздықтар туындауы мүмкін: жақын адамдарыңызға жұмсақ және қамқор болыңыз.
Шаян
21 маусым – 22 шілде
Бұл аптада үйде қалып, күнделікті қарбалас істерден демалғыңыз келеді. Бірақ өзіңізді жеңіп, міндеттеріңізді орындап тастағаныңыз жөн. Жақын адамдарыңызбен сөйлесу сізге күш сыйлайды.
Арыстан
23 шілде – 22 тамыз
Бұл аптада ұзақ уақыт бойы кейінге шегеріп жүрген нәрсеге таңдау жасап, қажет шешім қабылдау керек болады. Егер оны әлі де шешпеген болсаңыз, сіз үшін пікірі маңызды адаммен сөйлесіңіз.
Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек
Бикештер үшін бұл апта өнімді болмақ. Бірақ ол үшін алдымен маңызды мақсаттарды анықтап, әрекет ету жоспарын құрыңыз. Маңызды кездесулер мен сұрақтарды аптаның бірінші жартысына қойған дұрыс. Себебі демалыс күндерге қарай күшіңіз болмай, көңіл күйіңіз түсуі мүмкін.
Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан
Аптаның бірінші жартысында маңызды іскерлік сұрақтарды шешіп, жоспарларыңызды бизнес-серіктестеріңізбен келіскен жөн. Ал аптаның екінші жартысында жеке проблемаларыңызға және отбасыңызға көбірек уақыт бөліңіз.
Сарышаян
23 қазан – 21 қараша
Аптаның бірінші жартысында отбасы мүшелерімен немесе жақын адамдарыңызбен келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Ұсақ-түйектерге мән бермей, айналаңыздағыларға жұмсақ болыңыз. Бұл апта сауда жасауға қолайлы емес: оны басқа уақытқа ауыстырған дұрыс.
Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан
Қиын таңдау жасауыңыз мүмкін. Бұл шешімнің барлық салдарларын ой елеңінен өткізіңіз. Ерік-жігеріңізді көрсетіңіз.
Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар
Көпшілік Тауешкінің ашылмаған дарындары осы аптада өз орнын тауып, айналыңыздағы адамдардың сізге деген қатынасын өзгертеді. Бұрыннан жоспарлап жүрген нәрсені сатып алуға қолайлы кезең.
Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан
Аптаның басынан бастап күш пен энегрияға толы екеніңізді сезесіз. Қолыңыздан көп нәрсе келеді: жаңа ойларыңызды іске асырыңыз немесе ірі жобаларды қолға алыңыз. Қаржылық сұрақтар да сәтті шешіледі.
Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз
Барлық мәселеде икемді болуға тырысыңыз. Бұл аптада қандай да бір жағдайда жанжалдасқаннан гөрі келісе қойған немесе кейін шегінген дұрыс. Себебі жағдай сіздің пайдаңызға өзгермеуі мүмкін.
А. Жапатова