Жақсылықты сүйетін адам үнемі жақсы нәрсені көреді. Жақсы дүниеден қол үзбеңіз!
20 наурыз – 19 сәуір
Тоқтылар бұл аптаны керемет көңіл-күймен өткізеді. Той, мереке секілді көпшілік жиналатын жерде сөз сөйлеуге тура келеді. «Жаз бітті, демала алмай қалдым» дейтін Тоқтыларға зор мүмкіндік туып отыр. Апта соңында саяхатқа шығып, алыс сапарға жол тартуға болады. Ғашық Тоқтылар бұл аптада неке қиюы мүмкін. Мұның бәрі өзіңізге байланысты екенін естен шығармаңыз.
20 сәуір – 20 мамыр
Aлдына көптеген мақсат қойған Торпақтар аптаның басында біраз жұмысын бір-ақ бітіре алады. Дүйсенбі, сейсенбі күндері жағымсыз әдеттерден арылуға мүмкіндік бар. Ойлаған жоспарды қалай жүзеге асыруға болады деген сұраққа жауап іздейсіз. Басқа мәселелерді өзіңіз-ақ шеше аласыз. Тек қолдау білдіріп, көмектесіп жүретін жандар жаныңыздан табылса болғаны.
21 мамыр – 20 маусым
Аптаның басы ғашық Егіздер үшін сәтті өтпек. Сүйікті адамыңызбен үйлесімділігіңіз арта түседі. Егер қарым-қатынасыңыз жаңадан басталса, сезіміңіз жандана бастайды. Отбасыңызға көңіл бөліп, олардың назардан тыс қалмауын қадағалаңыз. Басталған істің аяқталуына да зер салыңыз.
21 маусым – 22 шілде
Аптаның басында Шаяндар үйіне көңіл бөледі. Үйдің әдемі болуы әрі келген қонаққа жайлылық сыйлай алуы сізге байланысты болмақ. Қаржылық мәселелерді алдын ала болжап, оларды шешуді де ойлап жүру керек. Өзгелермен ақылдасып, қай бөлмеге картина ілу керек, түсқағазды қалай таңдау керек деген секілді мәселелерді ойластырған жөн.
23 шілде – 22 тамыз
Арыстандар аптаның басында сыртқы ортамен үнемі байланыста болғаны жөн. Қарым-қатынасты үзіп алмауға тырысыңыз. Тысқа шығып, жаңа ортамен танысқан дұрыс. Таныстарыңыз саяхатқа не сауық-кешке шақырса, бас тартпаңыз. Қаржылық, материалдық мәселелер өз жолымен жүріп отырады. Оған қам жемеңіз. Диета ұстаймын десеңіз, осы аптадан қалмаған дұрыс.
23 тамыз – 22 қыркүйек
Бикештер бұл аптада өзімен күресетін болады, қателіктерді түзеп, жағымсыз әдеттерді тыюға тырысады. Апта аяғында бойынан бір өзгерістерді байқауы сөзсіз. жаңа іскерлік ортаға түсіп, үлкен тәжірибе алаңына тап боласыз. Апта соңында жаңа бастама көтеріп, тың кеш өткізуіңіз мүмкін. Сонымен қатар, отбасыңызға көңіл бөлесіз. Кішкентай балаларға назар аударып, жақсы педагог екендігіңізді танытасыз.
23 қыркүйек – 22 қазан
Жұлдыздар аптаның басында жаңа адамдармен тіл табысуға кеңес береді. Егер назарыңыздағы адаммен танысуды ойлап жүрсеңіз, көп кешіктірмей, өзіңіз алғаш болып қадам басқан дұрыс. Бастаған әр ісіңіз жемісті аяқталады. Аптаның екінші бөлігінде жалғыз қалып, тыныштықта жүріп, рухани күш жинау керек.
23 қазан – 21 қараша
Сарышаяндар бұл аптада қосымша жұмыс іздеумен өткізеді. Негзігі жұмысыңыздан кейін біраз уақытыңыз артылса, оны бос өткізбес үшін қосымша жұмыс іздеуге болады. Егер шығармашылық айналыссаңыз, мысалы, сурет салумен машықтансаңыз, жеке тапсырыс алып көріңіз. Аптаның екінші бөлігінде достармен сөйлесіп, болашақ жоспарлармен бөлісіңіз.
22 қараша – 21 желтоқсан
Жұлдыздар Мергендерді бұл аптада жетістіктерге жетеді деп болжайды. Ойыңызда жүрген көптеген тың идеялардың жүзеге асуына тырысасыз. Басшылық сізге үлкен сомадағы қаржы бөліп, ойыңыздың шындыққа айналуына көмектесуі мүмкін. Бұл аптада жыл бойында сәттілікке толы 3 аптаның біреуі. Бос өткізіп алмаңыз.
22 желтоқсан – 20 қаңтар
Тауешкілер бұл аптада қолдаудың арқасында толғандырып жүрген мәселелерін шеш алады. Бұл мансап, кәсіп бағытындағы мәселелер болуы мүмкін. Ұзақ жолға, іссапарға ұсыныс түсіп жатса, қабыл алыңыз. Бұл кезең өз-өзіңізді жетілдіруге, курстарға барып, жаңа қырыңызды танытуға қолайлы болмақ. Шекара асып, жаңа тіл үйренуге болады.
21 қаңтар – 18 ақпан
Аптаның басында Суқұйғыштар әлеуметтік желіге, ғаломторға байланып қалуы мүмкін. Желіде, пікір алаңында туған дау сізді бейжай қалдырмауы мүмкін. Өз пікіріңізді қалдырғыңыз келсе, әр сөзіңізге сақтықпен қараңыз. Виртуалды махаббаттан сақ болыңыз. Көп толғандырып жүрген қаржы мәселесі осы аптада шешімін табуы мүмкін.
19 ақпан – 19 наурыз
Аптаның басында Балықтар мансаптағы жолын уақытша өзгертіп, басқа арнаға ауысуы мүмкін. Жаңа жұмыс кезіктірсеңіз немесе өзгелер жұмыс ұсынып, бұл ұсынысы сізге ұнап жатса, бірден келісіңіз. Бұл кеңес жұмысына көңілі толмай жүргендерге және жұмысын аустырғысы келетіндерге арналады. Жаңалыққа бет бұрғыңыз келсе, ескі дүниелеріңізден бас тартудан қорықпаңыз.