- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 18.07.2016-24.07.2016...
Жұлдыз жорамал: 18.07.2016-24.07.2016
Аптаның сәтті өтуі өзіңізге байланысты. Бастысы, әр таңды күліп қарсы алыңыз!
Тоқты
Тоқтыларда бұл аптада тұрақтылық орнайды. Шығармашылыққа, хобби мен спортқа жіті көңіл бөлуге мүмкіндік бар. Өзіңізге қызықты дүниеге уақыт бөле біліңіз. Бұл өз бетімен жұмыс жасауға көмектеседі. Демалыс кезінде саяхатқа, теңізге барып тынығуға болады. Ал ғашық Тоқтылар өз сезімін еркін жеткізіп, өзі қалаған жауап ала алады. Егер романтикалық кездесу осы аптада орын алатын болса, араларыңызда әркімге біліне бермейтін үндестік пайда болуы мүмкін. Ал отбасын құрып, сәбилі боған Тоқтылар жазғы демалысты балаларымен қызықты әрі естен кетпестей өткізеді.
Торпақ
Бұл аптаны Торқпақтар отбасы, ошақ қасында өткізбек. Қоныс той немесе отбасы мүшесінің толығуы секілді қуанышты жағдай күтіледі. Туысыңыз немесе серіктесіңіз арқылы табыс көзі ашылмақ. Егер бұрыннан үйге жөндеу жұмыстарын жүргізгіңіз кеп жүрсе, қазірден-ақ бастай беріңіз. Өйткені қазір сізде күш-қуат, табыс көзі көп. Отбасыңызбен бірге саяжайға барып тынығып, бақша суарыңыз немесе ауылға барып, таза ауамен тыныстап, ауыл тіршілігіне қанығыңыз. Достар арасындағы қарым-қатынасқа бола алаңдамаңыз.
Егіздер
Егіздер бұл аптада көп адаммен сөйлесіп, сапарға жиі шығады. Біліміңіз бен тәжірибеңіз айналадағыларға айқын бола бастайды. Түрлі адамдар қоңырау шалып, сізден ақыл-кеңес сұрайды. Алайда, өзгеге кеңес берсеңіз, сізге де кеңес беретін біреу керек. Құжаттарға байланысты шиеленіскен мәселелер шешімін табады, мұның бәрі сіздің табандылығыңыздың нәтижесі.
Шаян
Шаяндар бұл аптада материалдық мәселелерді шешеді. Еңбексүйгіштігінің арқасында жұмыста жетістікке жетіп, табыс көзін молайта алады. Бюджетіңіздегі қаржы сіз атқарған қызметке орай артуы мүмкін. Оған қоса, энергектикалық әл-ауқатыңыз артады. Тәбет ашылып, жиі тамақтанасыз. Одан қауіптенбеңіз.
Арыстан
Бұл Арыстандар үшін өзін-өзі дамыту аптасы болмақ. Өз-өзіңізге көңіл бөліп, саулығыңызға назар аударыңыз. Имидж, стиль, өмір сүру қағидаңызды өзгертіп, ішкі парасаттылығыңызды арттырыңыз. Шет тілін үйреніңіз, оқыған кітаптарыңызды еске түсіріңіз, жаңалыққа бет бұрыңыз. Физикалық тұрғыдан да дене бітіміңізге мән беріңіз. Ал тәтті сезімге келер болсақ, ғашығыңыздың сезіміне күмәнданбаңыз. Ғашықтардың бір болуына кедергі келтіретін – күдік.
Бикеш
Бұл апта Бикештерге жайлылық пен сабырлық сыйлайды. Айналадағы шудан, күйбең тіршіліктен шаршап, жалғыз өзіңіз тыныштықта отырғыңыз келеді. Демалыс орнына немесе шипажайға барып тынығуға қолайлы кезең, мұны жіберіп алмаңыз. Болмаса, табиғат аясына шығып, сейіл құрыңыз. Табиғаттың сізге берері көп, рухани байып қайтасыз.
Таразы
Таразы белгісіндегі жандар болашаққа ауқымды жоспар құрады. Құрған жоспар мен ойлаған арманға жетуге тым жақын қалған секілді көрінуі мүмкін. Расында да, солай. Жаңа қызығушылықтар үшін оңтайлы сәт туып тұр. Жаңа достар тауып, өмірге деген көзқарасы сізден ерекше жандармен танысуыңыз мүмкін.
Сарышаян
Жұлдыздар Сарышаяндарға бұл аптада мансап жолында аянбай қызмет етуге кеңес береді. Кәсіби деңгейге көтерілу үшін жаңа мүмкіндіктерді жіберіп алмау керек. Ал егер сіз мансап жолындағы адам болмасаңыз, өзгелерден ерекшелеп тұратын қабілетіңіз бар екені белгілі. Мейлінше, жасандылықтан алшақ болыңыз.
Мерген
Мергендер бұл аптада қоршаған ортаға сын көзбен қарайтын болады. Білім көкжиегі артады. Талапкерлер үшін қолайлы апта болмақ. ЖОО-ға тапсыратын емтихан сәтті өтуі мүмкін. Өзіңізге деген сенімділік артып, білімге деген қызығушылығы еселене түседі.
Тауешкі
Бұл аптада Тауешкілер белсенді болуғаны ләзім. Спортпен шұғылданып, табиғат аясына шығып, ағзаны шыңдау керек. Денсаулыққа көңіл бөліп, толық тамақтанып, ұйқы режимін сақтауға көңіл қойыңыз. Киген киіміңіз бен ішкен тамағыңызды үнемі назарда ұстаңыз.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар үшін бұл апта өте сәтті болмақ. Махаббатта да, жанұяда да, мансапта да жолы ашылады. Кикілжіңдерді ақылмен жеңе аласыз. Ал аптаның екінші бөлігінде салтанатты жиын немесе той күтіп тұр. Қаржы мәселесі де шешіледі. Бөтен адамдармен танысуға асықпағаныңыз абзал.
Балықтар
Балықтар бұл аптада өз ісіне адал болады. Тек кәсіби маман ретінде емес, жеке адам ретінде де өзін таныта алады. Әдемілікті ұнатсаңыз, сөредегі кітаптарыңызды реттілікпен жинастырып қойыңыз. Сонымен қатар, бұл – сауда жасауға қолайлы уақыт.
Г. Берік