Жұлдыз жорамал: 18.05.2015-24.05.2015

Өмірде қиындық пен қуаныш алмасып келеді. Тек бақыттың құшағында жүру мүмкін емес. Алайда қиындықты күле отырып қабылдауға қауқарымыз жетеді. 

Тоқты

Жеке өміріңізде тұрақтылық орнайды. Жаңа адаммен танысып, туысқандарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Дүйсенбі мен сейсенбі күндері күш-қуатыңыз тасып, тау мен тасты қопаруға дайын боласыз. Мұның барлығы қызметіңізде септігін тигізеді. Сәрсенбі күні әріптестеріңізбен сыйыңыз жараспай, ренжісесіз.

Торпақ

Бұл аптада аяқсыз қалған жұмыстарын бітіріп, жаңа жобаларды қолға алады. Бейсенбіден бастап ойыңызға жаңа идеялар келеді. Оларды қағаз бетіне түсіріп отыруды ұмытпаңыз. Осы идеялардың көмегімен қалтаңызды қалыңдатып, капиталыңызды еселейсіз. Өзіңізді жаңа салада сынап көру мүмкіндігі туады. Бейсенбіден бастап оқу курстарына жазылуыңызға болады.

Егіздер

Жұлдыздар аптаның өте жақсы өтетіндігін айтады. Үй шаруасына көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Әйтпесе демалыс күндері жағдайыңыз қиындайды. Қаржы мәселесінде қиындықтар туындайтындықтан, көп ақша жұмсамауға тырысыңыз.

Шаян

Аталған белгі иелерінің жолы болады. Басшылық берген тапсырманы мінсіз орындап, әріптестеріңізге көмектесесіз. Бейсенбі күні көптен бері ойға алғаныңызды жүзеге асырасыз. Эксперимент жасап, достарыңызға сенім артудан қорықпаңыз.

Арыстан

Қара жұмыс пен ой еңбегіне дайын болыңыз. Сіздің алдыңызда екі таңдау бар: уақыттың көп бөлігін отбасыңызға арнап, оларға көңіл бөлу немесе қосымша табыс көзін табу. Қызметте ақпараттың жетіспеуішілігіне байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Біліктілікті арттыратын курстарға қатысып, әріптестеріңізбен көбірек сырласыңыз.

Бикеш

Сезімталдылығыңыз төмендейді. Достарыңызбен жанжалдасуыңыз да ғажап емес. Айналаңыздағылар тақырға отырғызып кетуі мүмкін болғандықтан, ақша мәселесіне сақ болыңыз. Сенбі және жексенбі – демалыс үшін таптырмас уақыт. Жақсы көретін жандарыңызбен еліміздің басқа қаласына немесе ауылға барып қайтыңыз.

Таразы

Беделді адамдардың назарына ілігесіз. Айналаңыздағылардың көзайымына айналасыз. Мақсатыңызға жетуге достарыңыз көмектеседі. Сейсенбі күні сүйіктіңізден тосын сый күтіңіз.

Сарышаян

Болашағыңыз үшін маңызы зор маңызды шешім қабылдауыңызға тура келеді. Сізге жауапкершілікті талап ететін, жалақысы көп жұмыс ұсынады. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Бейсенбі және сенбі күндері қызметте жоғарылайсыз.

Мерген

Бұл аптада көп нәрсеге қол жеткізеді. Іскерлік кездесулерге ойланбастан баруыңызға болады. Берген уәделеріңізді де толықтай орындайсыз. Жоспарыңыз жүзеге асады. Жақын күндердің бірінде достарыңыз көмек сұрауы мүмкін. Демалыс күндері болашағыңызға көп өзгеріс енгізетін қызықты адамдармен танысасыз.

Тауешкі

Аптаның алғашқы бөлігінде жұлдыздар достарыңызбен кездесетініңізге уәде береді. Жұмыс екінші орынға ығысып, бар назарыңыз жеке өміріңізде болады. Алайда бұл жұмыс істеу қабілетіңізді төмендетеді. Сол себепті көп уақытыңызды жұмысқа арнауға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Бұл апта – нағыз романтикалық оқиғалар жүзеге асатын уақыт. Жұмыс пен оқуды шетке ысырып, бар уақытыңызды сүйіктіңізге арнайсыз. Алайда сезімге қатты берілудің қажет жоқ! Себебі жұмыста қиын кезеңді бастан өткересіз. Әбден шаршап, жұмыс істеу қабілетіңіз төмендейді. Мұның барлығы мансабыңызға кері әсерін тигізеді.

Балықтар

Бұл аптада армандарыңыз орындалады. Жұлдыздар сізден тек оптимизм мен табандылықты талап етеді. Дүйсенбі мен бейсенбі күндері маңдай теріңіз аққанша жұмыс істеуіңізге тура келеді. Майда-шүйде дүниелерге де назар аударыңыз. Өте сақ болыңыз. Іс қағаздарына мұқият болыңыз. Жеке өміріңізде тосын сый күтіп тұр.

Күніңіз сәтті өтсін!