- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 17.11.2014–23.11.2014...
Жұлдыз жорамал: 17.11.2014–23.11.2014
Жұлдыздар асығыс шешім қабылдамауға кеңес береді. Жұмыста белсенді болып, материалдық жағдайыңызды жақсартып алыңыз. Өз-өзіңізге ие болыңыз, әйтпесе әріптестеріңізбен, достарыңызбен ренжісіп қалуыңыз мүмкін.
Тоқты. Бұл аптада сіз ашушаң болуыңыз мүмкін. Жаңа таныс табуға асықпаңыз. Әріптестеріңізбен отырғанда бастығыңызды, ал бастығыңызбен отырғанда әріптестеріңіз туралы әңгіме айтпаған жөн. Аса қажет болмаса қымбат нәрселер сатып алуға асықпаңыз.
Торпақ. Жұртты жұбату мен татуластыруға талпына бермеңіз. Өзіңізді, жақындарыңызды ойлағаныңыз абзал. Аптаның басында белсенділік танытуға тырысыңыз, бұл келешекте табысты болуға көмектеседі. Бұл аптада ақшаны жұмсағаннан гөрі, жинағаныңыз дұрыс.
Егіздер. Бұл аптада көп нәрсе өзіңізге байланысты. Аптаның басында сіз қиын жағдайдан сытылып шығудың жолын табасыз, достарыңызға пайдалы кеңес беріп, бастығыңызға маңызды идея ұсынасыз. Аптаның ортасында жабырқаңқылықпен күресуге тура келеді.
Шаян. Сіз кешегі күніңіз жайлы көп ойлап, бүгінгі күніңізге кедергі жасауыңыз мүмкін. Ностальгияның сізге кедергі болуына жол бермеңіз. Сүйкімділігіңізді пайдалануға ұялмаңыз, табысқа жетуде оның көмегі тиіп қалады. Аптаның орта шенінде күтпеген жерден тексеріс болуы мүмкін, әзір болыңыз. Ақшаңызды жұртқа таратуға асықпаңыз.
Арыстан. Бұл аптада маңызды жобалар іске асуы мүмкін. Кәсіпте табандылық пен белсенділік танытуға тырысыңыз. Сүйіктіңізбен сөзге келіп қалсаңыз, бірінші болып кешірім сұраңыз.
Бикеш. Мойныңызға артылған істерді бітіруге тырысыңыз. Бұл аптада біреуден қарызға ақша алмағаныңыз жөн. Әр нәрсеге ренжи бермеңіз. Қазір сіз эмоционалдық тұрғыда шаршадыңыз, сол себепті демалысты жақындарыңызбен бірге жайлы жерде өткізгеніңіз дұрыс.
Таразы. Бұл аптада сіз көптеген тың, қызықты нәрселерді білуіңіз мүмкін. Ол үшін үйде қамалып отырмай, дәрістерге қатысып, достарыңызбен кездесіңіз немесе театрға барыңыз. Тек қажетті заттарды сатып алыңыз. Жұмыста әріптестеріңізбен ұрыспаңыз. Сыңарыңыз бар болса, бұл аптада қарым-қатынасыңыз жақсаруы мүмкін, ал басыңыз бос болса, жаңа қарым-қатынастың басталу мүмкін.
Сарышаян. Қазір отбасыңызбен арақатынасыңызды жақсартуға тырысуыңыз керек. Демалыстың да уақыты келді. Маңызды істерді ысырып, өзіңізге демалуға мүмкіндік беріңіз. Сүйіктіңізге жылы шырай танытып, оны қуантуға тырысыңыз. Аптаның басында көптен бері іздеген маңызды ақпарат келіп жетуі мүмкін.
Мерген. Зейініңізді жұмысқа салуыңыз керек. Көп сөйлемеуге тырысыңыз. Өзгенің құпиясын іште сақтаңыз. Аптаның ортасында бәсекелесіңіз кедергі жасауы мүмкін, қарсы тұруға дайын болыңыз. Егер ойланып жүрген болсаңыз, сүйіктіңізді кездесуге шақырып, шын сезіміңізді білдіргеніңіз жөн.
Тауешкі. Бұл аптада жинақы болуға тырысыңыз. Өзгерістерден қашпаңыз, жаңа мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз. Сүйіктіңізге болашаққа деген жоспарларыңызды ашып айтқаныңыз дұрыс.
Суқұйғыш. Аптаның ортасында сізге қызықты ұсыныс түсуі мүмкін. Сүйіктіңізді қызғанышпен қорқытып алмаңыз, өзіңізді байсалды, салмақты етіп ұстағаныңыз жөн.
Балықтар. Бейсенбі күні сізге табандылық бен ақыл керек болуы мүмкін, дайын болыңыз. Біреуге сөз беруге асықпаңыз. Дүйсенбі – сүйіктіңізбен бірге болудың уақыты.
Сурет: astro.ru.ua
Ф. Абилова