Жұлдыз жорамал: 17.08.2015 - 23.08.2015

Жұлдыз жорамал: 17.08.2015 - 23.08.2015
Фото: rudaki.ru

Кейде жаңа өмір бастау үшін түбегейлі өзгеруімізге тура келеді.  Бірақ біз біреу үшін емес, өзіміз үшін өзгеруіміз керек. 

Тоқты

Сүйіктіңізге қайта ғашық боласыз. Арадағы қарым-қатынастарыңыз туралы жиі ойлайсыз. Осы уақытқа дейін ренжісіп жүрген болсаңыздар, қайта табысасыздар. Ал бойдақ жандар алғашқы махаббатын есіне алып, онымен қайта жолығу үшін түрлі әрекет жасайды. Біреудің ақшасын алмаңыз. Оны сақтап қоямын деп ұрлатып алуыңыз мүмкін.

Торпақ

Алыс ағайындарыңызға қонаққа барасыз немесе үйіңізге көп қонақ келеді. Қалай болса да, туған-туыстарыңызбен қарым-қатынасты ретке келтіргеніңіз жөн. Ал аптаның екінші бөлігінде сүйіктіңізбен ренжісесіз. Ол сіздің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыңызға разы еместігін айтуы мүмкін.

Егіздер

Аптаның алғашқы бөлігінде ескі таныстарыңызбен жолығасыз. Ол алғашқы махаббатыңыз болуы мүмкін. Аптаның екінші бөлігінде, өкінішке орай, денсаулығыңыз нашарлайды.

Шаян

Аптаның алғашқы бөлігінде ақшаға байланысты қиындықтарыңызды ретке келтіресіз. Көшеде кетіп бара жатып ақша тауып алуыңыз мүмкін. Дәл қазір – үй шаруасымен айналысатын уақыт. Ал аптаның екінші бөлігінде сүйіктіңізбен ренжісесіз. Ол сізге көп көңіл бөлмейтіндей көрінуі мүмкін.

Арыстан

Аптаның алғашқы бөлігінде сырт келбетіңізге өзгеріс енгізесіз. Көпшіліктің көзайымына айналу үшін шашыңызды басқа түске бояуыңыз мүмкін. Айналаңыздағыларға өзіңіздің кім екеніңізді дәлелдеуге тырысасыз. Батыл болып, шешімді дұрыс қабылдайсыз. Ал аптаның екінші бөлігінде отбасыңызбен сөзіңіз жараспай, қатты қиналасыз.

 Бикеш

Аптаның алғашқы бөлігінде күш-қуатыңыз тасып, кез келген істі оңай реттейсіз. Дәл қазір достарыңыз бен жақындарыңыздың қылықтары оғаш болып көрінеді. Алайда төзімділіңіздің арқасында көп жетістікке жетесіз.  

Таразы

Дәл қазір отбасылық өмірде жіберген қателіктермен жұмыс істегеніңіз жөн. Сүйіктіңіз алдыңызда иіліп, сізді кешіруге дайын. Екеуіңіздің татуласуларыңызға ортақ достарыңыз көмектеседі. Ал аптаның екінші бөлігінде ақша жоқ болып, қатты қысыласыздар. Сондықтан әзірден бастап үнемдеуге кіріскеніңіз жөн секілді.

Сарышаян

Аптаның алғашқы бөлігінде қызметте жоғарылайсыз. Белсенді болуға тырысыңыз. Міндетті түрде жолыңыз болады. Аптаның екінші бөлігінде болашағыңыздың жарқын болуына әсер ететін тұлғалармен танысасыз. Олармен кездескенде сөз таластырудан аулақ болыңыз.

Мерген

Жұлдыздар алаңсыз жүріп, көңіл көтеретін той-думандарға баруға кеңес береді. Осы аптада ерекше жанмен танысасыз. Алайда қарым-қатынастарыңыз ұзаққа бармайды. Көлік айдаған кезде абай болыңыз.

Тауешкі

Тұрғылықты мекен-жайыңызды өзгертесіз. Несие аласыз. Жарақат алу қаупі жоғары болғандықтан, спорттық жарыстарға қатыспағаныңыз жөн.

Суқұйғыш

Аптаның алғашқы бөлігінде сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыздың жақсарғанын түсінесіз. Сүйіктіңізге бостандық беріп, барлық жауапкершіліктен босатыңыз. Ол сол кезде барлық жауапкершілікті мойнына алып, қиын сұрақтардың жауабын табады. Қатемен жұмыс жасайсыз. Барлығына бағаны әділтті түрде беруге тырысыңыз.

Балықтар

Денсаулығыңызға көп көңіл бөлгеніңіз жөн. Денсаулыққа пайдалы жаттығуларды жиі жасаңыз. Ешкімнің ақыл-кеңесін тыңдамаңыз. Шешімді тек өзіңіз қабылдаңыз.

Қ. Бүйенбай