Осы аптаға арналған жұлдыз жорамалды оқып, көңіл-күйлеріңізді көтеріп отырыңыздар.
Тоқты
Маңызды шешім қабылдамас бұрын ол жөнінде мол ақпарат жинап алған дұрыс. Асығыс жасалған тәуекелден беделіңізге нұқсан келуі ықтимал. Тәкаппарлыққа бой алдырмай, өз-өзіңізге есеп беріңіз. Мансаптық жолда да, жеке өмір мәселелерінде де беймаза ойлардан арылыңыз. Адам не ойласа, сол болады. Осы апта жұптық қарым қатынасты да оңтайландыратын кезең.
Торпақ
Осы апта оқуға, жұмысқа қатысты жайларды оңынан шешуге қолайлы болмақ. Сабыр сақтап, өзіңізге сенімділік жоғалтпасаңыз бәрі жақсы болады. Әріптестеріңізбен түсініспеушілік орнаса да, соңы жақсы аяқталады. Романтикалық қарым-қатынасқа, жаңа таныстыққа, шығармашылық байланысқа да қолайлы сәт туды. Күн суытып, жұқпалы аурулар көбейетіндіктен, өзіңізге күтім жасап, аурудың алдын алыңыз. Бас пен аяқты жылы ұстап, денсаулығыңызды сақтаңыз.
Егіздер
Бұл жұмада өзіңізді дамыту жолында сәттілік күтіп тұр. Күш-қуатыңызды, жігеріңізді жаныған жөн. Қызықты жаңалықтар, табысты танысу, маңызды кездесулер жақсылыққа жол ашады. Дүйсенбі мен сәрсенбі күні жұмыста өзіңізді барынша жақсы жағыңыздан көрсетуге тырысыңыз. Бастығыңыз сіздің қаншалықты жанкешті жұмысшы екеніңізге көзі жететін болады. Демалыс күндері сауда жасаған сәтті болмақ, гардеробыңызды біраз толықтырып алсаңыз өкінбейсіз.
Шаян
Ақ-қара жолақты өмірдің ақ алаңы басталды. Сөзіңіз бен ісіңізге абай болыңыз, бәрі өзіңізге байланысты. Үйдегі жиһаз орнын ауыстыру, тауар сатып алу-алмау деген секілді ұсақ-түйекке бола ұрыс шықпауын қадағалаңыз. Сонымен бірге бала тәрбиесіне (өз балаларыңыз не бауырларыңыз) көп көңіл бөлген жөн. Ішкі түйсігіңізге ерік беріңіз. Демалыс күндері көрмелерге, театрға барған абзал.
Арыстан
Психологиялық тұрғыда, махаббат мәселесінде, материалдық жағдайда, отбасылық қиындықта барлығы сізден көмек сұрайды. Ешкімнің көңілін қалдырмаймын деп жүріп, өз істеріңіз кейінге қалып қоюы мүмкін. Ештеңе етпейді, оны ойлап көңіл түсірмеңіз. Біреуге жасаған жақсылығыңыз бүгін боламаса ертең еселеніп қайтатынын естен шығармаңыз. Үйге береке кіргізетін істермен көбірек шұғылданыңыз.
Бикеш
Қаражатыңызды жоспарлап, орнымен жұмсауға талпыныңыз. Оңды-солды ақша шашып, мол шығынға кенелсеңіз, арты жақсылыққа апармайды. Қызығушылықтарыңызды да ақылмен, оймен іске асырасыз. Айналаңыздағылар жоғары түсіністік танытады.
Таразы
Таразылар бұрын ата-анасы, туыстары қарсы болған істі енді қолға алып, жүзеге асыруы мүмкін. Әсіресе, ата-анасымен бірге тұрып, үлкендер сөзінен аттамайтын жастар жағына қатысты осылай деуге болады. Тәуекелге бармас бұрын ой-санаңызды іске қосып, жақсылап ойланыңыз. Қиындық туған жағдайда, істі тағы да кейінге қалдыра тұрған жөн болар. Сыртқы келбетіңізді де өзгертуге қолайлы уақыт емес. Киіну стиліңізді, шаш үлгіңізді өзгертпеген дұрыс, шаш түсін өзгерту дегенді ойға да алмаңыз.
Сарышаян
Сыртыңыздан өсек-аяң жүруі мүмкін. Ол өзіңіз не туған туыстарыңыз туралы айтылуы ықтимал. Қаңқу сөз көбіне жақсы адам жөнінде айтылатынын ұмытпаңыз. Сол себепті іші тарлардың қармағына түсіп қалғыңыз келмесе, өтірік шыны аралас жағымсыз пікірлерді еш елемеңіз. Әр ортада белсенділік танытсаңыз, жоспарлаған істеріңіз өзіңіз ойлағаннан да оңай атқарылғанына куә боласыз. Аптаның екінші жартысында кездесуге шақырту алсаңыз таңданбаңыз. Отбасы мен туыстарыңызға мейірімділік танытыңыз.
Мерген
Бұл апта сіз үшін жаңа идеялар мезеті. Бір минутты да босқа өткізбеуге тырысыңыз. Өзіңізді жан-жақты жетілдіруге таптырмас кезең. Аптаның алғашқы күндері құзіретті кісілермен жолығуыңыз мүмкін. Мұндай таныстық өзіңзді орныңызды табуға көмектеседі. Апта аяғына қарай өзіңізді зияткер, парасатты адам сезінесіз, бұл барша игі істің бастауы болмақ. Достарыңыздан, құрбыларыңыздан бір сәтке ажырай тұрған жөн дейді жұлдыздар, әсіресе, қарыз беру, алыс-беріс қатынасынан қашық болыңыз. Бұл апта оған арналмаған.
Тауешкі
Алда күтер сәттіліктер бойыңыздағы жалқаулық пен еріншектікті жеңе білуіңізге байланысты. Достарыңыз бен жақындарыңызға қол ұшын созсаңыз, өзіңіз де қуанышқа кенелесіз. Апта басында мұқият болыңыз. Болашағыңызға әсер ететін маңызды жаңалықты жіберіп алмаңыз. Жақындарыңызбен, туыстарыңызбен араласқанда да абай болыңыз, кез келген істе түсіністік танытып, ұрыс-керіссіз құтылуға талпынған абзал.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар осы апта беделі мен абыройына нұқсан келтірмеуді қадағалауы керек. Аттестация, емтихан секілді өмірдің кіші сынақтарынан сүрінбей өтеді. Апта күндерінің бір-бірінен айнымай, біркелкі өтуі жалықтырып жіберуі мүмкін. Мұңға салынып, мойымаңыз. Біліміңізді жетілдіруге өте қолайлы кезең. Тіл үйрену курстарына, өнер үйірмелеріне осы аптада жазылсаңыз, бағыңыз ашылады.
Балықтар
Жұмыс пен отбасы шаруаларын қатар алып жүріңіз. Біріне артық, біріне кем қарауға болмайды, екеуі де өміріңіздің ажырамас бөлшегі болғандықтан, екеуіне бірдей уақыт бөліп, бәріне үлгеруге тырысыңыз. Достарыңыздың да жағдайын біліп қоюды естен шығармаңыз. Қиялыңыз бен ойларыңыз шынайы өмірден бір табан алыстатып жіберуі мүмкін. Бұлттар арасында қалықтап жүргенде махаббат бен жаңа мансап құру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.