Жұлдыз жорамал: 16.05.2016 - 22.05.2016

Өзіңізге деген сенімділік өзгелердің мысын басады. Сеніміңізді жоғалтпаңыз.

Тоқты

Аптаның басы мен ортасы Тоқтылар үшін өте сәтті өтпек. Қаржылық және рухани тараптан өсіп, өзін жайлы сезінеді. Қаржы мәселесі бойынша құрған жоспарлар осы аптада шешімін табуы ықтимал. Ақша жинап, өз қорыңызды көбейтесіз. Аптаның соңында жақыныңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Сол себептен әр сөзіңізге абай болыңыз, апта соңында сапарға шықпағаныңыз абзал. Жаңа адамдармен де танысудың қажеті жоқ. Таныса қалған жағдайда оның ашуға толы сөздерінен сақ болыңыз, өзіңізді одан алшақ ұстаңыз.

Торпақ

Торпақтарға бұл аптада көп таңдау түсіп отыр. Бірақ кей таңдауда жаңылысуы мүмкін. Сондықтан тәуекелге бару кезінде өзіне сенімді болғаны дұрыс. Бұл аптада Торпақтар өз қателіктерін түсінетін болады. «Қай жерден есе жіберіп алдым?» деген сұраққа жауап іздейді және сол қателіктермен күреседі. Кемнің орнын толтырып, енді қате баспауға сенім білдіреді. Жұлдыздар бұл аптада сауда жасамауға, несие алмауға кеңес береді. Ақшаны ақылмен жарату керегін айтады.

Егіздер

Жұлдыздар Егіздерге бұл аптада өз-өзіне көңіл бөлу керек екенін айтады. Өмірлік жолы мен өз мүмкіндіктерін саралап, ендігі бағытты айқындауға кеңес береді. Дәл қазіргі уақытта психологиялық комплекстеріңізбен, ішкі эмоционалдық күйіңізбен күресіңіз. Алдымен, ерік-жігеріңізді қайрайтын әңгімелер оқып – рухани күшіңізді, одан кейін жаттығу залына барып – физикалық күшіңізді арттырыңыз. Бастапқы орынға рухани байлығыңызды қойыңыз.

Шаян

Шаяндар үшін бұл аптаның айдары «достарға баға беру» деп аталады. Себебі, айналаңыздағы адамдарға сын көзбен қарай бастайсыз. Олардың кейбіріне деген сеніміңіз артып жатса, екіншісімен араңызды суыта бастайсыз. Сонымен қатар, осыған дейін бас қатырып келген жоспарларыңыз маңызын жояды, есесіне жаңа жоспарлар пайда болады. Жұлдыздар апта соңында денсаулыққа көңіл беру керек деп кеңес береді. Мүмкіндік болса, жұмыстан демалыс алып, емделіп көріңіз.

Арыстан

Арыстандар бұл аптада даудан алшақ болғаны дұрыс. Апта ортасында өзіне демалыс жариялап, тынығуы тиіс. «Жаңа» деген дүниелерге сақтықпен қарайтын болады. Жарнамадан көрген жаңа бұйымға қатты қызыққан Арыстандар сол затты сатып алуы мүмкін. Сан соғып қалмас үшін жарнамаға көп көңіл бөлмеңіз.

Бикеш

Бикеш бұл аптаны білім-ғылымға арнай алады. Көп жетістікке жету үшін көп білу қажет. Сол үшін білімге деген қызығушылығыңыз артады. Білім парағында ашық қалған орындарды толтыруға оңтайлы кезең. Бұрын оқып, кейін есте қалмаған деректерді қайтадан жаңғырту үшін де ыңғайлы. «Қайталау – білім анасы» дегенді растайсыз. Осы ретте ғаламтор сізді емес, сіз ғаламторды басқара аласыз. Апта соңында мансап және отбасыға көңіл бөлуге тура келеді.

Таразы

Бұл аптада экстремалды спорт түріне деген қызығушылығыңыз артуы мүмкін. Жұлдыздар жолға шығар кезде өзге нәрсеге алаңдамауға кеңес береді. Мүмкіндігінше, жолға шықпағаныңыз абзал. Өзгенің сырын түсіну, өзгеге көмек беру – сізге тән. Бұл қасиет осы аптада көмегін тигізері сөзсіз.

Сарышаян

Отбасын құрған Сарышаяндар бұл аптада сүйіктісімен ара-қатынасын ретке келтіруі тиіс. Егер жұбыңыз сізге көңіл аудармай жүрсе, мәселенің бсын ашып алуға тырысыңыз. Ол үшін артық мінез танытпай-ақ, бар эмоцияңызды жиып, ашық сөйлесіңіз. Апта соңында ақшадан тарылуыңыз мүмкін. Сол себепті, ақшаны есеппен жұмсағаныңыз дұрыс.

Мерген

Егер осыған дейін денсаулығыңызға көңіл бөлмей келсеңіз, әлі де кеш емес. Аурудың алдын ала емдеу шараларын жасап жүріңіз. Бұл апта аяқсыз қалған істеріңізді бітіруге қолайлы кезең. Кәсіби мүмкіндігіңіз көбейіп, жұмыста беделіңіз артады. Аптаның соңында даудан қашық болыңыз. Бұл мансапқа да, отбасыға да ортақ айтылған сөз. Егер сүйіктіңізбен таңдауларыңыз сәйкес келмей жатса, шу шығармай шешкен дұрыс.

Тауешкі

Өткенде қалған сезімді қайтаруға қолайлы кезең. Осыған дейін сүйіктіңізден қол үзіп алсаңыз, сезім отын қайта жағуға кеш емес. Екінші мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Ол үшін өз қателіктеріңізбен күресе алуыңыз керек, «менікі дұрыс» деумен ойлағаныңызға жете алмасыңыз сөзсіз. Апта соңында денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Ауа-райына қарай киініп жүріңіз. Жауын астында қалмағаныңыз жөн.

Суқұйғыш

Бұл аптаны Суқұйғыштар жанұясымен өткізеді. Үй тірлігіне мән беріп, отбасы мүшелеріне жылу сыйлай алады. Тұрмыстық техникалық зат сатып алып, өзін жайлы сезінеді. Дастарқан басында көтерілген мәселені жылы жабуға тырысыңыз. Апта соңында көңіл көтеретін ойын-сауық кештеріне бармағаныңыз дұрыс.

Балықтар

Бұл аптада Балықтар өткен шақтағы достарымен көп кездесуі мүмкін. Олармен өткенді еске алып, бас қосуы да ықтимал. Таныстарыңыздан жақсы жаңалық естуге дайын болыңыз. Апта соңында жұмысбастылықпен бас ауыртпаңыз, керісінше, отбасыңызға көңіл бөліңіз. Өзіңізге көп міндет артып алмаңыз, бірінен екіншісіне үлгере алмауыңыз мүмкін.