Жұлдыз жорамал: 16.02.2015-22.02.2015

Адамдардың бәріне бірдей сенуге болмайды. Кейде олар өздері ойламаған жерден жамандық жасауы мүмкін. 

Тоқты

Осы апта ішінде өмірге деген көзқарасыңыз өзгеріп, мансап жолында тұрақсыздыққа ие боласыз. Қандай жағдай болмасын, басшылықпен бетпе-бет сөйлеспеуге тырысыңыз. Өзгерістерді өзіңіз енгізуден сақтаныңыз. Дәл қазір басшылықпен сөзіңіз жараспай, арада кикілжің туындайды. Есесіне желідегі достарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Олармен пікір алмасып, тәжірибе жинақтай аласыз. Қызығушылықтарыңыз ортақ адамдар тауып, түрлі курсқа барғаныңыз жөн. Ол жерден өмірлік жарыңызды жолықтыруыңыз да ғажап емес. Нағыз махаббаттың дәмін татасыз.

Торпақ

Осы аптада қызметте жолыңыз болады. Әсіресе жоғары лауазымды адамдарға қатысты айтылып жатыр. Мұнымен қатар, алдына нақты мақсат қойып, сол мақсатына жету үшін тынбай еңбек ететін жандардың жолы болады. Апта ішінде заң өкілдерімен сыйыңыз жараспай, қиындықтар туындайды. Сақтансаң, сақтайды демекші, жолдан өткен кезде, көлік айдап келе жатқанда абайлаңыз. Аптаның соңғы бөлігіне қарай тылсым күштерге қызығушылыңыз артады. Психологияға қатысты түрлі кітап оқуға құмартасыз. Өзіңізді ұстай білу қабілетіңіз айналадағыларды қызықтыратын болады.

Егіздер

Осы аптада өздерінің білімді екенін көрсете алатындай мүмкіндігіне ие боласыз. Ақылды да парасатты қарсыластар бар сайыстарға қатысуға таптырмас уақыт. Осылайша өз беделіңізді көтересіз. Аптаның алғашқы бөлігінде дене жарақатын алу қаупі бар. Сол себепті, техника мен электр қуатын абайлап пайдаланыңыз. Және несие алып, депозитке ақша салудан бас тартыңыз. Демалыс күндері достарыңыз тойға шақыруы мүмкін. Алайда жұлдыздар сол жерде танысқан адамдарыңыздың өміріңізге жақсы өзгеріс әкелмейтінін айтады.

Шаян

Қаржы мәселесіне ерекше ыждағаттылықпен қарайсыз. Барлық қарызыңыздан құтыласыз. Мүлікке қатысты мәселелерді де реттейсіз. Уақытты бос шығындамай, маңызды істерге жұмсағаныңыз жөн. Қызметте серіктестікке байланысты көп қиындық туындайды. Ол қиындықтар отбасылық қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін. Аптаның алғашқы бөлігінде болатын сынақтардан бас тартыңыз. Әйтпесе, жолыңыз болмауы мүмкін.

Арыстан

Сүйіктіңізбен, әріптестеріңізбен сөзіңіз жарасады. Пікір-таластарда өзіңізді барынша сабырлы ұстайсыз. Өзімізді өзгенің орнына қойып көру арқылы түсіністікке қол жеткізе аламыз деген ұстанымды қолдайсыз. Отбасылық өмірге қарағанда әріптестеріңізбен сыйыңыз жарасады. Ал қиындық тек алыс сапарларға қатысты туындайды. Туристік жолдамалардан сақтаныңыз. Мұнымен қатар, іс-қағаздарымен айналыспағаныңыз жөн.

Бикеш

Дәл қазір - қалыпты өмір сүру дағдысын жеңілдететін уақыт. Бұл қызметте жоғарылау үшін ғана емес, мансап жолында ілгерілеу үшін де қажет. Күн тәртібін сақтау арқылы денсаулығыңызды да жақсарта аласыз. Махаббат мәселесіне қатысты қиындық туындайды. Қызғаншақ мінез танытудан сақтаныңыз. Дәл қазір сүйіктіңіз сіздің қамқорлығыңыз бен мейірімділігіңізге зәру болуы мүмкін.

Таразы

Романтикалық кездесу ұйымдастырып, шығармашылықпен айналысуға, білім жинақтауға таптырмас уақыт. Саяхаттау кезінде жаңа таныстар табуыңыз мүмкін. Мұнымен қатар, әңгімелеріңіз жарасып, махаббат оты ұшқындайды. Алайда мұның алдамшы сезім екенін ұмытпаңыз. Ал отбасылы жандардың өзара қарым-қатынасы нашарлай түседі. Қатты жанжалдасып, айырылысып кетулеріңіз де ғажап емес. Мұнымен қатар, арадағы кикілжіңді реттеуге достарыңызды араластырмаңыздар.

Сарышаян

Үйіңізге ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізуіңізге болады. Бұдан өзге отбасылық бюджетті орнымен жұмсауға ат салысасыз. Өкінішке орай, ескі таныстарыңыз сізге қиындық тудырады. Ауа райына сай киінбесеңіз, ауырып қалуыңыз мүмкін. Демалыс күндері төсек тартып жатып қалуыңыз да ғажап емес.

Мерген

Контактілер тізімін ретке келтіргеніңіз жөн. Оны ретке келтіру арқылы маңызы жоқ адамдарды өміріңізден де ысырып тастай аласыз. Мұнымен қатар, жаңа достар табу мүмкіндігіне де ие боласыз. Алыс елге сапарыңыз сәтті өтеді. Қаржы мәселесінде аз қиындық туындайды. Пәтер ақысын төлей алмай қиналасыз. Егер сүйіктіңіз кездесу кезінде салқынқандылық танытса, араларыңыз суып кетуі мүмкін.

Тауешкі

Ақшаны орнымен жұмсайсыз. Мақсаткерлік қасиетке ие боласыз. Ата-анаңызбен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасыңыз нашарлайды. Жұлдыздар сабырлы болуға кеңес береді. Демалыс күндері отбасы ішінде кикілжің туындайды. Оның басты себебі мал-мүлікті дұрыс бөлісе алмау болуы мүмкін.

Суқұйғыш

Жұлдыздар жеке басыңызға қатысты мәселелерді ғана реттеуге кеңес береді. Бұл бірінші кезекте білімге қатысты болуы мүмкін. Уақытты үнемдеуге қатысты семинарлар мен түрлі курсқа қатысыңыз. Мақсаттастарыңызды іздесеңіз, ісіңіз жеңілдейді. Ал жаңа таныстарыңыз шығынға батырады. Демалыс күндері қызықты бағдарлама күтіп тұр.

Балықтар

Ешкімге соқтықпай, тыныш қана өмір сүргендеріңіз абзал. Сыншы көз аз болған сайын, ісіңіз ілгері басады. Жұмыс орныңызды ешкім кедергі жасамайтындай етіп ұйымдастырыңыз. Бар күш-жігеріңізді жайлылық табуға бағыттаңыз. Демалыс күндері қымбат дүние сатып алудан сақтаныңыз. Бұл уақытта сізге сауда жасаудың кері әсері тиюі мүмкін.

Сурет: cluber.com