Жұлдыз жорамал: 15.09.2014 - 21.09.2014

Жұлдыз жорамал: 15.09.2014 - 21.09.2014

Шаяндар кез келген адамды өз ырқына көндірсе, егіздердің қиындықтары көбейеді. 

 

Тоқты. Аптаның алғашқы бөлігінде үлкен табысқа жетеді. Бұл жетістігі қызметімен тікелей байланысты болады. Сіз жолыңыздың болғыштығын пайдаланып, кез келген іске білек сыбана кірісетін боласыз. Үйіңізді ретке келтіріп алыңыз. Өсімдіктен жасалған дәрілік шөптерді тұтынуды ұмытпаңыз. Және көлігі барлар бұл аптада жол ережесін бұзатын болса, бірден тәртіп сақшыларының көзіне түседі. 

   

Торпақ. Аптаның алғашқы бөлігінде торпақтар ыстық махаббат сезімін бастан кешіреді. Егер сүйіктіңіз бар болса, оған деген құштарлық сезіміңіз де арта түседі. Ал жалғыз жүргендері осы аптада алыс сапарға шығып, өмірлік жарын жолықтыруы мүмкін. Аптаның екінші бөлігі тосын жағдаймен, жол апатымен байланысты болады. Пышақ, қайшы секілді үшкір заттарды ұстағанда абай болыңыз. Және хирургиялық ота жасатпай тұра тұрғаныңыз абзал. 

   

Егіздер. Аптаның алғашқы бөлігін үйде отбасы мүшелерінің қасында өткізгендері дұрыс. Үйде болған кезде жиһаздардың орнын ауыстыруыңыз мүмкін. Несиеге зат алуыңыз да ғажап емес. Осы апта ішінде маңызды қонақтарды қабылдайсыз. Ал араздасып қалған туған-туысқандарыңызбен татуласасыз. Өкінішке орай, аптаның екінші бөлігінде әріптестеріңізбен тіл табысуыңыз қиындайды. 

     

Шаян. Алғашқы аптада күш-қуатқа толы боласыз. Бұл уақыт туған-туысқандарыңызбен, достарыңызбен, сүйіктіңізбен уақытты бірге өткізуге қолайлы. Қаланың сыртына қыдырып қайтуыңыз мүмкін. Осы аптада кез келген адаммен тіл табысатын боласыз. Сондықтан осы аптада маңызды деген мәселелеріңізді шешіп алыңыз. Ал аптаның екінші бөлігінде денсаулығыңызға мән беріңіз. Өйткені оған инфекциялық қауіп төнуі мүмкін. 

   

Арыстан. Аптаның алғашқы бөлігінде ақшаға қатысты мәселелерді шешіп алған жөн. Керек затыңызды алу үшін танысыңыз ақша ұсынады. Егер семіздік ауруына шалдыққан болсаңыз, бұдан артық толып кетпеуге мән беріңіз. Дұрысы 2-3 күн жеміс диетасын ұстаныңыз. Екінші апта романтикалық қарым-қатынастардың тұрақсыздығымен байланысты болады. Сүйіктіңізді қызғанбауға тырысыңыз. 

     

Бикеш. Аптаның алғашқы бөлігі имиджіңізді өзгертіп көруге қолайлы. Осылайша көпшіліктің көзайымына айналасыз. Және осы уақыт аралығында отбасы мүшелеріңіздің көмегімен өзіңіздің сыртқы көрінісіңізге дұрыс баға бересіз. Бойжеткендердің сән салонына барғаны, ал жігіттердің гардеробын толықтырғандары жақсы болатын еді. Ал аптаның екінші бөлігінде сүйіктіңізбен арадағы қатынаста қиындық туындайды.

     

Таразы. Олар аптаның алғашқы бөлігінде жырақта жүріп демалуды аңсайды. Сондықтан осы аптада тау баурайында орналасқан демалыс кешеніне, өзен-көлдің жағасына барып демалғандары дұрыс. Бұл жаныңызға жайлылық сыйлап, табиғатпен үйлесімділікті қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Ал аптаның екінші бөлігінде агрессивті адамдармен көп жолығатын боласыз. 

     

Сарышаян. Аптаның алғашқы бөлігі сарышаяндарға жағымды сезімдер сыйлайды. Мысалы, көптен бері аңсап жүрген армандарыңыз орындалуы мүмкін. Тосын сый күтіңіз. Жақындарыңыз өзімен бірге ауыл аймаққа қыдырып баруды ұсынады. Ал аптаның екінші бөлігі, өкінішке орай, ақшаға байланысты қиындықтар әкеледі. Немесе сіз сатып алған сыйлық «ол» адамға ұнамауы мүмкін. 

     

Мерген. Аптаның алғашқы бөлігі ойдағыдай өтеді. Басымдылық танытып, алдыңызға қойған мақсатыңызға жетесіз. Ал танытқан белсенділігіңіз міндетті түрде марапатталады. Шығармашылық конкурстарға, спорт жарыстарына қатысыңыз. Міндетті түрде жеңіске жетесіз. Аптаның екінші бөлігінде ата-анаңызбен тіл табысуыңыз қиындай түседі. Оларға қарсы келмей, өзіңізді ұстап бағуға тырысыңыз. 

    Тауешкі. Аптаның алғашқы бөлігін біліміңізді толықтыру үшін арнаңыз. Жаңа кітаптар оқығаныңыз өзіңізге пайдалы. Әсіресе шет тілі мен психологияны меңгергеніңіз дұрыс. Осы аптада сізге үлгі боларлық адаммен жолығасыз. Шетелге бару мүмкіндігі туса, еш ойланбастан сол жаққа қарай жол тартып кетіңіз. Кездейсоқ адамдарға өзіңіздің жеке өміріңізге қатысты мәселелерді айта бермеңіз. Олар мұны пайдаланып кетуі мүмкін. Және осы аптада моншаға түспегеніңіз жөн болар. 
     

Суқұйғыш. Олар бұл аптада бір емес, бірнеше адамға ғашық болады. Және ақша мәселесін реттеп алуға таптырмас уақыт. Қысқа уақытқа қажет болса, қарызға ақша беріңіз. Ал аптаның екінші бөлігінде достарыңызбен жолықпауға тырысыңыз. 

    Балықтар. Олар осы аптада сүйіктілеріне қайта ғашық болады. Тұла бойынан жақсы қасиеттерді ғана көруге тырысады. Және мұны жүзеге асыруға ортақ достары көмектеседі. Дәл қазір сүйіктіңізбен бірге болашаққа бағытталған жоспарлар құрған жөн. Бұл сіздерді жақындастыра түседі. Ал аптаның екінші бөлігінде мансапқа байланысты кей қиындықтар туындайды. Сондықтан табандылық танытуға тырысыңыз. 

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай