Жұлдыз жорамал: 14.12.2015 - 20.12.2015

Жұлдыз жорамал: 14.12.2015 - 20.12.2015
Фото: rudaki.ru

Барлығынан бір сәтте бас тарту оңай, бірақ қайтарып алу өте қиын. Сондықтан маңдай теріңізбен жинаған дүниені шашпас бұрын ойланып көріңіз. 

Тоқты

Айналаңыздағылар сізден көмек сұрап келеді. Қандай жағдай болсын, өзіңіздің пікіріңізді ашық айтпауға тырысыңыз. Аптаның ортасына қарай қызметте беделіңіз артады. Әріптестеріңізге айтқан әр сөзіңізге абай болыңыз. Олардың арасында сатқында да болуы мүмкін.

Торпақ

Достарыңыз көңілді отырыстарға шақырып, уақытты қызықты өткізесіз. Мұнымен қатар, сүйіктіңізбен татуласатын уақыт келген сияқты. Егер қалай татуласу керектігін білмесеңіз, ортақ достарыңыздың көмегіне жүгініңіздер. Жақсы істерге бағыт сілтейтін адамды жолықтырасыз. Сүйіктіңіз қызғанатындай жағдайға қалмаңыз.

Егіздер

Аптаның басында кейінге қалдырып жүрген жұмыстармен айналысуға кеңес береміз. Үй шаруасына қатысты жұмыстарды отбасыңызбен бірігіп жасаңыздар. Осылайша күшіңіз бен уақытыңызды үнемдейсіз. Аптаның ортасына қарай өмірлік жарыңызды жолықтыруыңыз мүмкін.

Шаян

Аптаның басында шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетесіз. Бұл жеке қызығушылығыңызға, қызметіңізге немесе оқуыңызға байланысты. Сүйіктіңізге қайтадан ғашық болғандай әсерге бөленесіз. Әріптестеріңіздің шынайы бейнесіне көз жеткізесіз. Мұнымен қатар, жарыңыздың болмысын тани бастайсыз.

Арыстан

Дүйсенбі, сейсенбі күндері әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді реттеуге құлшынысыңыз артады. Өзіңізді сағынып жүрген алыстағы ағайындарыңызға барғаныңыз абзал. Олардың сізге айтар жаңалығы бар. Мұнымен қатар, ескі құжаттарды ретке келтіріп қойғаныңыз жөн.

Бикеш

Бұл аптада өз қиындықтарыңызды шешіп қана қоймай, өзгелерге көмектесесіз. Өзіңізді көптен бері мазалап жүрген сұрақтарға жауап іздегеніңіз жөн. Сезімге берілемін деп өзіңізді жоғалтып алмаңыз.

Таразы

Қызметте өзіңіздің ерекше қасиеттеріңізді көрсетесіз. Жұлдыздар уақытыңызды үнемдеп, нақты материалдық қиындықтарды шешуіңізге кеңес береді. Көптен бері жинақталып, жаңа іс бастағыңыз келіп жүр. Ойыңызды жүзеге асыру үшін бар болғаны күн тәртібін ретке келтіргеніңіз жөн.

Сарышаян

Бар назарыңызды отбасыңызға бағыттайсыз. Жасы кіші балаларыңыз болса, олардың тәрбиесіне көбірек көңіл бөліңіз. Мұнымен қатар, балаларды оқытуға деген құлшынысыңыз арта түседі. Сүйіктіңізді таңқалдыратын дүниелер ойлап табасыз.

Мерген

Ата-анаңыздан үлкен аталарыңыз туралы сұрап-біліңіз. Бұл ақпарат алдағы уақытта өте қажет болуы мүмкін. Отбасылық суреттерді де қалпына келтіріңіз. Мұнымен қатар, дәл қазір жалғыз қалып, миыңызды тынықтыратын уақыт.

Тауешкі

Жұлдыздар аптаның басында адамдармен танысуға кеңес береді. Осылайша өзіңізге пайдасы тиетін адамдарды жолықтырасыз. Мұнымен қатар, бұл күндері білім алуға кеңес беріледі. Бір нәрсені түсінбей қалсаңыз, сұрауға қысылмаңыз.

Суқұйғыш

Біраp уақыттан кейін бойыңызда көптеген қасиеттің бар екенін біліп, өзіңізді құрметтей бастайсыз. Дәл қазір ата-анаңызбен жолығып, көптен бері өзіңізді мазалап жүрген сұрақтардың жауабын алатын уақыт. Бастапқыда психологиялық тұрғыдан қатты қиналасыз. Позитивтің арқасында барлық қиындықты жеңіп, мықты бола аласыз.

Балықтар

Аптаның алғашқы бөлігінде өзіңізге көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз. Алдыңызға айқын әрі қиын мақсат қойып, оған жету үшін бар күшіңізді салыңыз.

Күніңіз сәтті өтсін!

Қ. Бүйенбай