Жұлдыз жорамал: 14.09.2015 - 20.09.2015

Жұлдыз жорамал: 14.09.2015 - 20.09.2015
Фото: rudaki.ru

Әр адамның өмір жолында тағдырына өзгеріс енгізетін жан болады. Ерте ме, кеш пе сол адамды жолықтырасыз. Ең бастысы, оны жоғалтып алмаңыз.  

Тоқты

Аптаның алғашқы бөлігінде ғашық болып жүрген жандардың жолы болады. Себебі сіз ғашық болып жүрген жан сізді де жақсы көреді. Ол өмірлік жарыңыз болуы да ғажап емес. Өкінішке орай, аптаның ортасына қарай денсаулығыңыз нашарлайды. Сондықтан жейтін тағамыңыздың мерзімі мен сапасына мән беріңіз. Ішімдікті мүлдем ішпеуге тырысыңыз.

Торпақ

Отбасылы жандардың жолы болады. Үйіңізде көп мереке тойланып, көп қуанышқа кенелесіздер. Ағайындарыңызбен тату-тәтті өмір сүресіздер. Үй жинау, ыдыс жуу, перде жуу сынды жұмыстармен қуана-қуана айналысасыздар. Осы апта ішінде көптен бері күтіп жүрген қонақтар келуі мүмкін.

Егіздер

Жібектей мінезіңіздің арқасында көп адаммен тіл табысасыз. Өзіңізді шақырған той-жиыннан қалмаңыз. Әсіресе сүйіктіңіз шақырған кезде. Мансап жолында қиындықтар кездеседі. Бірнеше жұмысты қатар алып жүрмеуге тырысыңыз.

Шаян

Дәл қазір материалдық қиындықтарыңызды шешетін уақыт. Күтпеген жерден көп ақшаға кенелесіз. Жақын туыстарыңызбен қарым-қатынасыңыз реттеледі. Ақшаны орнымен жұмсайсыз. Бұрын-соңды дос болмаған адамыңызбен сыр бөлісуге асықпаңыз.

Арыстан

Осы апта ішінде көпшіліктің көзайымына айналасыз. Айналаңыздағылардың көңілін табасыз. Әсіресе әйел адамдар. Жұлдыздар сұлулық салонына барып, өзіңізді түбегейлі өзгертуге кеңес береді. Ең бастысы, өзіңізді сағынатын достарыңыз бар екенін ұмытпаңыз.

Бикеш

Барынша сабырлы болуға тырысыңыз. Ешкімге соқтықпаңыз. Жалғыз қалып, өткен өміріңізге баға беріңіз. Аптаның ортасына қарай сүйіктіңізбен ренжісесіз. Күдікті адамдармен сырласудан сақтаныңыз.

Таразы

Осы аптада толықтай жолыңыз болады. Болашаққа жоспар құрып, оларды орындау үшін барыңызды салыңыз. Себебі жоспарларыңыз сіз ойлағаннан да жылдам жүзеге асады. Лотореялық билет сатып алсаңыз, ұтысқа ие боласыз. Достарыңыз шақырған жерден қалмаңыз.

Сарышаян

Алдыңызға қойған мақсатыңызға жетесіз. Бұған әйелдер мен бойжеткендер көмектеседі. Олардың жанында көбірек жүруге тырысыңыз. Әсіресе мансапқа қатысты мәселелерде.

Мерген

Көп уақытыңызды білімге құмар достарыңызбен бірге өткізуге тырысыңыз. Айналаңызда ондай достарыңыз жоқ болса, оларды әлеуметтік желінің көмегімен табуыңызға болады. Мансап жолында да қиындықтар туындайды.

Тауешкі

Барынша батыл болуға тырысыңыз. Әсіресе мансап пен ақша мәселесіне келген кезде. Сүйіктіңіздің қалтасы қалыңдап, сіз өзіңізге керек заттың барлығын сатып алатын боласыз. Шетелге саяхаттауыңызға болады.

Суқұйғыш

Сүйіктіңізді толықтай түсінетін дәрежеге жетесіз. Қарым-қатынастарыңыз нығайып, қуанышты сәттерді бастан өткересіздер. Оған кез келген қиын сұрақты қоюдан қорықпаңыз. Себебі жауабын бірден айтады.

Балықтар

Жаңа өмір бастайтын уақыт келген сияқты. Шындығында, сіз өз уақытыңызды дұрыс жұмсамайсыз. Үнемі үйге келген қонақтар мен жарыңызды, балаларыңызды қабағыңызды шытып қарсы аласыз. Осы әрекетіңіз туралы да ойланатын уақыт келген сияқты.

Қ. Бүйенбай