Назарларыңызға 14.07.2014 - 21.07.2014 уақыт аралығына арналған жұлдыз жорамал ұсынамыз. Бұл аптада жұлдыздар жұртқа емес, жүрекке ғана сену керектігін айтады.
Тоқты. Шексіз қиындықтарды ұмытып, жаныңыздың саулығына мән беріңіз. Бұл кезекті демалысқа дейін бастығыңызбен және өзге әріптестеріңізбен ұрысып қалмау үшін қажет. Бір сәтке елестетіп көріңізші, сын мен өзіңізге қарсы айтылған өсек сөздерге мән берместен «сөніп», әдеттегі жұмысқа қайта оралсаңыз қандай тамаша болар еді...
Торпақ. Бұл аптада бұрын-соңды қиын болып көрінген жобаларға мән беріп көріңіз. Оларды жүзеге асырмау үшін қаншама сылтауыңыз болды? Демеуші мен ақшаны да ұзақ уақыт күттіңіз. Армандауды доғарыңыз! Егер сіз біреуден көмек сұрап, іске білек сыбана кіріспесеңіз, өміріңізде барлығы өкінішпен аяқталуы мүмкін.
Егіздер. Жұлдызыңыз қорқыныш пен күдікті артқа тастап, бастығыңызға барып кезекті демалысқа өтініш жазуыңыз керектігін айтады. Сіздің небары екі апта жоқ екеніңіз байқалмауы да мүмкін. Ең бастысы - рухани байлықты қалпына келтіру. Ал егер жұмыссыз жүре алмайтын болсаңыз, демалыстан кейін адамның бар күшін салып жұмыс істейтінін біліңіз.
Шаян. Сізге жаңа жұмыс табу керек. Университеттен кейін бұл жұмысқа басқа таңдауыңыз болмағандықтан түскеніңіз анық. Әріптестеріңіз баяғыда достарыңызға айналған, ал жалақыңыз соңғы 5 жылдың ішінде еш өзгермеді. Сондықтан дәл қазір ұтымды ұсынысқа ие болатын кез. Уайымдамаңыз, сіз міндетті түрде жақсы жұмысқа орналасасыз.
Арыстан. Осы аптада шынайы ләззат пен қуаныш сыйлайтын хоббимен айналысуды ұмытпағаныңыз жөн. Жұмыс көп уақытыңызды алады. Егер жұмыстан рахат алатын болсаңыз, тіпті, жақсы. Тепе-теңдікті сақтау үшін бимен, спорттық жаттығулармен айналысыңыз.
Бикеш. Жігіт болсаңыз, бұл аптада ең болмаса бір күн отбасыңызға жұмыстан кейін бір бөлке нан ала барыңыз. Ал бойжеткендер киноға, мейрамханаға барып демалғаны абзал. Жұмыс қанша жерден маңызды болса да, романтиканың не екенін ұмытып кетпеңіз.
Таразы. Кезекті демалыс барысында қосымша жұмыс істеуден бас тартыңыз. Сіздің жұмыс басты болғаныңыз бастығыңызға жақсы болғанымен, өзіңізге зиянын тигізеді.
Сарышаян. Алдағы аптада әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды жөндеген абзал. Егер сізге әлі ренжіп жүргенін байқасаңыз, көңілдерін таба түсуге тырысыңыз. Оларды дәмханаға шақыруыңызға болады.
Мерген. Сіз ешкімге еш нәрсе беруге міндетті емессіз. Өзіңізді бірнеше жылдан кейін қалай елестетесіз? Осы сұрақтың жауабын іздеп, отбасы, махаббат, мансап жолының орнын ретке келтіріңіз. Сол кезде ғана тыныш өмірге қол жеткізесіз.
Суқұйғыш. Асығыс шешім қабылдап, бір-екі рет қана көрген адам туралы ғайбат сөз айтпаңыз. Егер бірге жұмыс істейтін әріптесеңіз бен тұтынушы ұнамаса, олардың бойынан тек жақсы қасиетті ғана байқауға тырысыңыз. Ол адамдарды су қаныңыз сүймесе, мүлдем араласпауға тырысыңыз.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: rumbur.ru