Жұлдыз жорамал: 13.10.2014-19.10.2014

Табыс бар жерде адалдық пен сатқындық қатар жүреді.  Сондықтан, айналаңыздағыларға мұқият зер салыңыз. 

 

Тоқты. Айналаңызда өзіңізге жамандық ойлайтын адамдар пайда болады. Көз алдыңызда өтіп жатқан оқиғаларға зер салып қараңыз. Тіпті, сізді қолдайды деген адамдар сатып кетуі мүмкін. Түйсігіңізге ғана сеніңіз, ол сізге дұрыс жолды көрсетеді. Жұмысыңызда өзгерістер болады. Бірақ ол өзгерістердің сізге ешқандай да қатысы жоқ. Үйде бұрынғыдай болып жүре беріңіз. Өйткені отбасы мүшелері қандай болсаңыз да, жақсы көреді. 

   

Торпақ. Сіз көп жұмыс істедіңіз, және жүйкеңіз қатты тозып кетті. Қажетсіз жүкті арқалай бермеңіз. Алысқа бара алмасаңыз, үйде кішігірім демалыс ұйымдастырыңыз. Кешкісін сүйіктіңізбен бірге фильм қараңыз. Жақындарыңызға тосын сый жасап, өзіңізге ұнайтын іспен ғана айналысыңыз. Әрбір сәттің рахатын сезініңіз. 

   

Егіздер. Осы аптада болашақта салдары жаман болатын махаббат хикаясы орын алады. Кездейсоқ ешкіммен таныспаңыз. Сезіміңізді ішіңізде сақтаңыз. Біліміңізді толықтырып, көп уақытты кітаптарға арнаңыз. Жаңа идеялар ойға келсе, оларды жүзеге асырып көріңіз. Егер ақша немесе зат тауып алатын болсаңыз, оларды алмай, айналып өтіңіз. 

     

Шаян. Аптаның бастапқы бөлігінде еш өзгеріс болмайды. Ал ортасынан бастап сізде ерекше шабыт пайда болады. Кездейсоқ ұсыныстардан бас тартпаңыз. Сізге періштелеріңіз көмектеседі. Ал өмірлік жарын іздеп жүрген шаяндар оны табуы мүмкін. Бұл аптада сіздің түсіңіз – қызыл сары. 

   

Арыстан. Алдағы аптада сенім артпауыңыз тиіс серіктестер пайда болады. Өте сақ, және қарсы жауабыңыз дайын болсын. Барлық жағынан өзіңізді сақтандырған жағдайда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз. Ал сот ісімен жүрген арыстандар уақытты барынша соза түскені жөн. 

     

Бикеш. Сіз көңіліңізден шықпаса да, көп нәрсе жасап үлгердіңіз. Оқиғаларды сол күйінде қабылдаңыз. Сол кезде ғана жеңілдейсіз. Егер бір нәрсе қолыңыздан келмесе, оны жасамаңыз. Ол сізге қажет болмағандықтан, күшіңізді босқа жұмсайсыз. Алға жүріңіз, барлығы өздігінен реттеледі. 

     

Таразы. Бұл аптаны отбасыңызға арнаңыз. Сіздердің ортақ жұмыстарыңыздың көбейіп кеткендігі соншалық, оларды жақын уақытта шешпесеңіз болмайды. Дүкен аралап, жиһаз бен техниканы жаңартыңыз. Үйдің жайлылығын қолға алыңыз. Балаларға көп уақыт бөліңіз. Олардың жоспары мен қажеттіліктерін біліңіз. Жолдан өтер кезде абай болыңыз. 

     

Сарышаян. Инфекциялық аурулар тарап жатқандықтан, адам көп жерге бармаңыз. Жұмысыңыз тұрақсыз болуда. Бұл өте жақсы немесе өте жаман болуы мүмкін. Қандай жағдай болмасын, бұған бола уайымдамаңыз. Ең бірінші орынға өзіңіздің денсаулығыңызды қойыңыз.  

     

Мерген. Жақсы адамдармен танысасыз. Тіпті, бір ақын сізге өлеңін арнауы мүмкін. Яғни жастық шаққа қайта оралайын деп тұрсыз. Сондықтан өзіңізді жағымды эмоция сезіну мүмкіндігінен айырмаңыз. Айналадағылардың қатал сынына мән бермеңіз. 

    Тауешкі. Еңбегіңіз ақталады. Ешкімге қарызға ақша бермеңіз. Бұл ақша жаңа жұмысқа жұмсалуы тиіс. Біреу сізге сатқындық жасайды, сондықтан айналаңыздағыларға зер салып қараңыз. Ал біреуге ғашық болсаңыз, үйленуге ұсыныс жасамай қоя тұрыңыз. Дәл қазір отбасылық өмір бастауға қолайсыз уақыт. Жылы киініңіз.       

Суқұйғыш. Демалыс туралы ұсыныс аласыз. Жұмысыңыз аз болса, міндетті түрде келісіңіз. Дәл қазір тосын сый мен романтикаға арналған уақыт. Шет тілдерін меңгеруді бастаңыз. Сіз көптен бері осыны ойлап жүрдіңіз емес пе? Және қарыздарыңызды таратыңыз. Ақша қазір барлығына да керек. 

    Балықтар. Өзіңізге бағыттамаған жамандықты, өзгеге тілемеңіз. Жаман ойлардың жетегінде кетпей, ұстамдылық танытыңыз. Егер сізді біреу ренжітсе, кек қайтару арқылы бақытты боламын деп ойламаңыз. Жеңіске күш қолданбай-ақ жетесіз. Әділетсіз болып жатқанын байқасаңыз да, шетке шығып бақылаңыз. Бұл – ең дұрыс шешім. 

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: rumbur.ru