Жұлдыз жорамал: 13.07.2015 - 19.07.2015

Өмір бумеранг заңына негізделген. Өзгеге жасаған жақсылығыңыз міндетті түрде қайта айналып келеді. Ал жасаған қиянатыңыз керісінше бармағыңызды тістеп қалуға себепші болады. Нені таңдайтыныңыз өз еркіңізде...

Тоқты

Жұлдыздар көп уақытты отбасымен бірге өткізуге кеңес береді. Өйткені осы апта ішінде ең маңызды мәселелерді талдап, ортақ шешім қабылдайсыздар. Өкінішке орай, махаббат мәселесінде қиындықтар туындайды. Серігіңіздің өзіңізді сүймейтініне көзіңіз жеткен кезде, бәрінен көңіліңіз қалады. Алайда біржақты шешім қабылдауға асықпаңыз. Сүйіктіңіздің алдына орындалмас мақсат қоюдың қажеті жоқ. Мұнымен қатар, сезімдеріңіздің беріктігін тексеріп әуре болмаңыз.

Торпақ

Көп уақытыңызды айналаңыздағыларға арнауға тырысыңыз. Әңгімелесу барысында өсек сөзді шетке ысырып, пайдалы мәлімет айта түсіңіз. Оқу мен сапарда жолыңыз болады. Аптаның ортасына қарай отбасыңыздың шырқы бұзылып, қиындықтар туындайды. Араларыңызға жақын туысқандарыңыз от салады. Сол себепті ашуға бой алдырмауға тырысыңыз. Бұдан өзге құжат жөндету барысында қиындықтарға тап боласыз.

Егіздер

Аптаның алғашқы бөлігінде мансапта жолыңыз болып, алдыңызға қойған мақсаттарыңызға жетесіз. Қиын сұрақтардың жауабын іздеу барысында қиялыңызға ерік беріңіз. Дүйсенбі, сейсенбі күндері бастаған ісіңіз оң нәтижесін береді. Ал қалған қиындықтар ақшамен байланысты болуы мүмкін. Танысыңыз қарызға ақша сұрайды немесе шығынға батасыз. Апта ішінде тұмауратып ауыруыңыз мүмкін. Желді ауа райында жүрмеуге тырысыңыз. Ал аптаның соңына қарай үйіңізге қонақтар келеді.

Шаян

Апта ішінде көп уақытыңызды танымыңызды кеңейтетін білімге арнағаныңыз жөн. Дін, философия, өзге елдің өркениеті сынды дүниелерге қызығушылығыңыз артуы мүмкін. Мұнымен қатар, шетел тілін оңай меңгересіз. Апта ортасында ақшаға байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Сүйіктіңізге, туысқандарыңызға сыйлық алуға асықпаңыз. Мұнымен қатар, жақын күндердің бірінде сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз нашарлауы мүмкін. Өзгелердің салқынқандылығына шыдамдылық танытып, олардың қысымына қарсы жауап қайтара біліңіз. Ал демалыс күндерін ауылда өткізуіңізге болады.

Арыстан

Аптаның алғашқы бөлігінде ең қиын деген сұрақтардың жауабын іздеуге тырысыңыз. Маңызды мәселелерді өзгелердің назарына түспей-ақ реттей аласыз. Ал аптаның ортасына қарай бауырларыңызбен ренжісесіз. Сүйіктіңізді ерекше жерге қыдыртыңыз. Оның мәңгілік жаныңызда болғанын қаласаңыз, көңілін барынша аулауға тырысыңыз. Киіну мәнеріңізге қатысты өзгеден сын естисіз. Өкінішке орай, өзіңізді өзгенің шырмауында жүргендей сезініп, ойға алғаныңызды жүзеге асыра алмай қиналасыз.

Бикеш

Сүйіктіңізбен сөзіңіз жарасып, үнемі ортақ шешім тауып отырасыз. Сондықтан ең маңызды деген мәселелердің шешімін осы апта ішінде табуға тырысыңыз. Болашақ туралы сөйлесіп, жоспарды нақты құруға тырысыңыздар. Осы апта құрған жоспарларыңыз да жылдам жүзеге асып отырады. Аптаның ортасында достарыңызбен тіл табыса алмай, араларыңызда кикілжің туындайды. Өсек сөзден аулақ болыңыз. Аптаның соңында сізді қуанышты жаңалық күтіп тұр. Жақын адамыңыз сыйлық тарту етуі мүмкін. Сырт келбетіңізді, киіну мәнеріңізді өзгертетін уақыт келген секілді.

Таразы

Мамандығыңызға байланысты жұмыстарды орындауға уақыт табылады. Мінезіңіздің жұмсақтығының арқасында мансап жолында айтарлықтай ілгерілейсіз. Мұнымен қатар, дәл қазір денсаулығыңызды күтетін уақыт. Өкінішке орай, аптаның ортасына қарай отбасыңызбен, достарыңызбен сөзіңіз жараспай қиналасыздар. Туысқандарыңызға қарыз беруден сақтаныңыз.

Сарышаян

Бақыттан басыңыз айналып, махаббат атты құдіретті сезімнің құшағында жүресіз. Шығармашылыққа деген шабытыңыз артады. Қиялыңыздағы ғашығыңызды жолықтыруыңыз мүмкін. Апта бойы ертегі әлемінде жүргендей сезімде боласыз. Ал егер сүйіктіңізбен бірнеше жыл бойы жүріп жүрген болсаңыздар, оған деген сезіміңіздің қайта тұтанғанын байқасыз. Дәл қазір — жасы кіші бауырларыңызбен сыр шертісетін уақыт. Өкінішке орай, аптаның ортасына қарай қызметте қиындықтар туындайды. Қолға тиген ақпараттардың барлығына сене бермеңіз. Сұрамаған адамға қол ұшын берудің қажеті жоқ. Демалыс күндері көптен күткен армандарыңыз орындалуы мүмкін. Жолыңыз міндетті түрде болатындықтан, лоторея билетін сатып алып көруіңізге болады. Бағыңызды сынап көріңіз.

Мерген

Аптаның алғашқы бөлігін отбасыңыздың қасында өткізгеніңіз жөн. Олармен толықтай түсінісіп, жан жылуын сезінесіз. Отбасыңыздағы береке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік жасайды. Ешбір кикілжің болмайтынына сенімді болып, қиын деген мәселелерді қорықпастан ортаға салыңыз. Аптаның ортасына қарай кішігірім көлік апаты болуы мүмкін. Көлікті өзіңіз жүргізіп жүрген болсаңыз, жол жүру ережелеріне мұқият болыңыз.

Тауешкі

Қоғаммен байланысқа қызу түсіп, қызметте беделіңіз артады. Бұрын досыңыз болып, жақсы сырласқан адамды жолықтырасыз. Сондықтан араласатын адамдарыңыздың қатары көбейеді. Аптаның ортасына қарай сүйіктіңізбен ренжісесіздер. Осы кезде оған қысым жасамауға тырысыңыз. Дене жарақатын алуыңыз да ғажап емес. Ашушаң адамдарға назар аудармаңыз. Әйтпесе олардан жақсылап таяқ жеуіңіз де ғажап емес.

Суқұйғыш

Ақшаға қатысты қиындықтарды шешетін уақыт келген сияқты. Жақын күндері шотыңызға ақша түсіп, оларды орнымен жұмсауыңыз мүмкін. Үйіңізді, жұмыс орныңызды ретке келтіріңіз. Аптаның ортасына қарай денсаулығыңыз сыр береді. Қара жұмыс істемеуге тырысыңыз. Көп уақытыңызды денсаулығыңызды қалпына келтіруге арнаңыз.

Балықтар

Шығармашылыққа деген шабытыңыз келіп, тау мен тасты қопаруға дайын боласыз. Жаңа бір іспен айналысып, бар уақытыңызды соған арнайтын боласыз. Мысалы, белгілі бір аспапта ойнауға қызығушылығыңыз артуы мүмкін. Бойыңызда көп жылдан бері бұғып жатқан талантыңыз оянып, жұртты таңқалдырасыз. Тік мінезіңіздің арқасында сүйіктіңізбен сөзіңіз жараспай, көп уақыт бойы сөйлеспей жүрулеріңіз мүмкін. Қуанышыңызға орай, демалыс күндері барлығы да реттеледі. Сүйіктіңізбен той-томалаққа барып, үнемі бірге қыдыруға тырысыңыз.