Жұлдыз жорамал: 13.06.2016-19.06.2016

Жұлдыз жорамал: 13.06.2016-19.06.2016
Фото: youtube.com

Бақыт тым алыста емес. Ол біздің жанымызда. Тек бақытты әркім әртүрлі бағалап, әртүрлі көреді. Бақытты болыңыз!

Тоқты

Аптаның алғашқы бөлігінде Тоқтылар жаңа достар табады. Әсіресе, шығармашылық адамымен танысып, жаңа байланыс орнатады. Көптен хабар алыспай жүрген достарымен сөйлесіп, қуанышты жаңалықтармен бөліседі. Алдағы демалыста туысқандары табиғат аясына сейіл құруға шақыруы мүмкін. Ал аптаның екіші бөлігі қауырт жұмыспен өтеді. Қандай да бір іс туса, өз құқығын қорғай алуы керек.

Торпақ

Торпақтарды аптаның басында қаржылық және материалдық жағдай қызықтырады. Бұл жолы көптен күткен нәрсеңізді сатып ала аласыз. Бұл апта табысты әрі жемісті апта болмақ. Семинар, жиналыс, конференция секілді маңызды отырыстар Торпақтарға жаңа мүмкіндікке жол ашады. Аптаның екінші бөлігінде Торпақтар саулығына мән берулері тиіс. Спортпен шұғылданбай, біраз уақыт тыныққан жөн.

Егіздер

Егіздер бұл аптада шығармашылық қарқынды сезінуі мүмкін. Жаңа қызығушылықтары оянады. Достарымен бірге бұл аптаны естен кетпестей өткізеді. Достардың, туған-туыстардың шақырған жерінен қалмаған жөн. Біреуге тосынсый жасап қуантуы ықтимал. Маңызды жаңалықтардан құлағдар болады. Ал аптаның екінші жартысында дау-дамайдан алшақ болыңыз.

Шаян

Аптаның бастапқы күндерінде Шаяндардың жанына тыныштық орнайды. Жұлдыздар бұл белгідегі жандарға сабырлы болуға кеңес береді. Тіпті болмаса, бұл аптада демалыс орнына, шипажайға немесе табиғат аясына барып тынығып қайтқан дұрыс. Аптаның екінші бөлігінде денсаулыққа көп көңіл бөлу керек. Суықтан сақ болған дұрыс. Тұмау тиіп, дене температурасы көтерілуі мүмкін.

Арыстан

Арыстандар бұл аптада ғаламторға байлануы мүмкін. Әлеуметтік желіде жиі отырып, жаңа достар табады. Бірақ мұның кері әсері барын да барлығы жақсы біледі. Шығармашылықтан алыстап қалмас үшін, ғаламторға тәуелділікті мейлінше тежеу керек. Ал аптаның екінші бөлігінде Арыстандар сүйіктісімен сөзге келуі мүмкін. Аяғын аңдап басып, қателік жібермеуге тырысу керек.

Бикеш

Бұл аптада Бикештер мансап жолында жаңалық күтеді. Жаңа жұмыс табылған кезде алғашқысынан шығып кетуден қорықпай, нық қадам баса білу керек. Егер жұмыс орнында жаңа кадр жасақтап жатса, олардың алдынан қызықты бос орын туады. Тәуекел түбі – жел қайық. Тәуекелге бел буса, сан соғып қалмайды, себебі Бикештер барлық істің алдын алып жүреді. Мейлінше, сабырлы болған дұрыс.

Таразы

Таразылар бұл аптада өз бойынан бір серпілісті байқайды. Бар қиындық артта қалды деген ниетпен жаңа істерді қолға алады. Есте қалатын қызықты оқиғалар – үстіміздегі аптаның еншісінде. Аптаның екінші бөлігінде жаңа таныстыққа бармаған жөн. Ал жұмыста өзі жасай алмайтын іске жауапкершілік алмаған жөн.

Сарышаян

Аптаның бірінші бөлігі Сарышаяндар үшін оңтайлы кезең болмақ. Медициналық тексерістен өтемін дегендері бұл аптада ем-дом алып, профилактикадан өтеді. Жағымсыз әдеттерден тыйылып, фитнеске көңіл бөледі. Мысалы, шылым шегуден бас тартып, спортпен шұғылданады. Апта мәселесі қаржыға тірелуі мүмкін. Бірақ, соңынан бір жақсы іс күтіп тұрады.

Мерген

Мергендер бұл аптада шығармашылықпен айналысады. Тосыннан жасалған сый, аяқ астынан естіген қуанышты хабар, сезім білдіру – бәрі осы аптаның еншісінде. Мергендер әрбір істі өзінің хоббиіне айналдыра алады, яғни, барлық іске сүйіспеншілікпен қарайды. Өз-өзін бағаламағандықтан, көпшілік Мергеннің басы дауға қалуы мүмкін. Бұл аптада үйге жөндеу жұмысын жасау артық етеді.

Тауешкі

Тауешкі бұл аптада барлық іспен айналыса алады. Өз жұмысында да тасы өрге жылжып, үй тірлігінде де біраз істің басын қайырады. Өз кеңістігіндегі жайлылық оған бақыт әкеледі. Отбасыдағы қарым-қатынас нығаяды. Жұлдыздар аптаның екінші бөлігі сапар шегуге, саяхатқа шығуға қолайлы мерзім емес дейді. Жол-жөнекей кез келген адаммен таныса кетуге асықпаған дұрыс.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар бұл аптада шығармашылықпен айналысады. олардың көпшілігі бұл аптада махаббатқа кенеледі. Сыңарын кезіктірмеген жұлдыз белгілері де өз адамын жолықтыруы мүмкін. Аптаның екінші бөлігінде ойын-сауық орталығына не көңіл көтеретін кешке, базарға бармаған дұрыс. Артық энергияны сақтаған жөн.

Балықтар

Балықтар аптаның басында сүйікті ісімен айналысады. Үй тірлігінде де бір өзгерісті қалап тұрады: жиһаздардың орнын алмастырып немесе жаңа бұйым сатып алғысы келеді. Отбасы мүшелерімен табиғат аясына шығып, демалу да артық етпейді. Аптаның екінші бөлігінде жұмыс барысында қысым байқалуы мүмкін. Өзіңіз жасай алмайтын тірлікті мойныңызға алмауға тырысыңыз.

Г. Берік