Жұлдыз жорамал: 13.02.2017-19.02.2017

Жұлдыз жорамал: 13.02.2017-19.02.2017
Фото: mygust.blogspot.com

Өткеннің тұңғиығында қалғанды шығарып алудың қажеті жоқ, себебі бұл тұңғиық өзіңізді де бірге ала кетуі мүмкін...

Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір

Аптаның алғашқы бөлігі біліммен айналысқан Тоқтылар үшін жемісті болмақ. Есте сақтау қабілетін жақсартып, зияткерлігін дамытып, өзгеше ойлап үйренеді. Тәжірибелі адамдармен танысады, ол тіпті ұстазына да айналуы мүмкін. Бұл жолы ғаламтордағы ойын-сауық енді қызықтырмауы мүмкін. Себебі, сіз жаңа қызығушылығыңызды табасыз. Өзіңізді жеке тұлға ретінде дамытатын дүниелерге көңіл бөлесіз.

Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр

Осы аптада Торпақтар өмір сүру қағидасын немесе күн режимін өзгертеді. Өйткені алдыңғы жүйенің сәтсіз болып келе жатқанын түсінетін кез келді. Айналада болып жатқан істерге басқа көзқараспен қарайды. Ал аптаның екінші бөлігінде мансабы көтеріліп, жаңа қызметке орналасуы ықтимал. «Аштықта жеген құйқаны тоқтықта ұмытпа» деген керек нақыл есіңізде болсын.

Егіздер
21 мамыр – 20 маусым

Егіздердің біраз тірлігі серіктесінің белсенділігіне байланысты шешілуі мүмкін. Осындай қарқынмен көптеген мәселені тындыруға болады. Ал аптаның екінші бөлігінде достармен қарым-қатынас артады. Әлеуметтік желіде болсын, күнделікті өмірде болсын, бір кезек кездесіп, бас қосып отыру артық етпейді.

Шаян
21 маусым – 22 шілде

Шаяндар аптаның басында сезімталдылығымен көзге түседі. Жерде шашылған киімдер, жұмыс үстеліндегі бір бума қағаз оның көңіл-күйін түсіреді. Бір орында отыра бермей, бәрін бір деммен жинап тастап, бір сергіп алу керек. Сол кезде ғана жаны жай табады. Қысқы қызықтарды жіберіп алмауға тырысыңыз, 2-3 аптадан кейін көктем келеді...

Арыстан
23 шілде – 22 тамыз

Арыстандар аптаның алғашқы бөлігінде жеке бас қамын ойлап жүреді. Сүйіктіңізбен болған арадағы келеңсіз жағдайларды ұмытуға тырысыңыз. Өкпе-ренішті өткеннің тұңғиығынан шығарып алудың қажеті жоқ, себебі бұл тұңғиық өзіңізді де бірге ала кетуі мүмкін. Ал аптаның екінші бөлігінде саяхатпен, білім-ғылыммен айналысқан жөн. Егер достарыңыз не сүйіктіңіз қыдыруды ұсынса, бас тартпаңыз.

Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек

Аптаның басында Бикештер отбасылық мәселелерді шешу үшін көп ойланады. Туыстарға көмектесіп, жиі жүздесіп тұру керектігін естен шығармаған дұрыс. Одан кейінгі мәселе – денсаулық, дене сымбатына мән беру. Ал аптаның екінші бөлігінде назарды іскерлік өмірге бұру керек.

Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан

Аптаның басы Таразылар үшін жемісті болмақ. Достарының қатарынан дос мәртебесінен айрылғандарды өшіріп, жаңа достар табуға қолайлы кезең. Ал аптаның екінші бөлігінде жеке бас мәселелері шешіледі. Сүйіктісін кезіктіре қоймаған Таразылар өмірлік жарын кездесітіріп қалуы да мүмкін. Апта соңында туған күн, үйлену тойы секілді думанды кештерден қалып қоймаңыз.

Сарышаян
23 қазан – 21 қараша

Аптаның бірінші бөлігін отбасылық мәселелерге арнаған дұрыс. Қаржылай, материалдық  мәселелерге әкеп тірелетін кикілжіңдерді шешетін сәт келді. Үйдегі жауапкершіліктен қашпаңыз. Тоңазытқыштың ішін толтыру, үйді ретке келтіру, ауланы таза ұстау секілді нәрселерді біртіндеп жасай беріңіз. Қысқасын айтқанда, үйге мән беріңіз.

Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан

Мергендер аптаның алғашқы бөлігінде барлық жұмысты қадағалап, назарда ұстап отыруы қажет. Егер бір мәселені шеше алмай отырсаңыз, біреудің көмегіне жүгінуден ұялмаңыз. Бұл апта серіктестік құруға сәтті уақыт. Романтикалық кездесулердің де реті туады. Білімге, шығармашылыққа, өнерге бет бұратын сәт те табылады.

Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар

Олар аптаның басында материалдық және қаржылай мәселелердің шешілуіне көңіл бөледі. Қосымша табыс көзін іздеп, жаңа кәсіптің бастауын күтеді. Ал аптаның екінші бөлігінде отбасыңызға мән бересіз. Алыс-жақын туыстар бас қосса, қалып қоймаңыз. Үй шаруасына да көңіл бөліңіз.

Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан

Суқұйғыштар аптаның бірінші бөлігінде өзін-өзі жетілдіру мәселесіне мән береді. Жеке құндылықтарды да, мақсаттардың орындалуын да қадағалайды. Жетістікке жету жолында ескі достар көмектеседі. Олардың кеңестеріне міндетті түрде құлақ асыңыз.

Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз

Аптаның алғашқы бөлігінде мансап жолында зор жетістікке қол жеткізуі мүмкін. Қызметіңіз жоғарыламаса да, басшылар тарапынан қолдау күтесіз. Өзіңізді де қадағалауға мүмкіндік туады. Аптаның екінші бөлігінде немесе апта соңында дүкен аралап, өзіңізді қуантсаңыз да болады.

Г. Берік