- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 12.09.2022-18.09.2022...
Жұлдыз жорамал: 12.09.2022-18.09.2022
Астрологтар ретроградты Меркурий кезеңінің басталғанын айтады. Олар кез келген жағдайда асықпау керегін ескертеді. Жағдайға жақсылап анализ жасаңыз, өзіңіз үшін артығымен уақыт алып қойыңыз және әртүрлі оқиғаларға дайын болыңыз.
Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір
Шұғыл шаруалар шығып қалуы мүмкін, олар жоспарыңызға әсер етеді. Бірақ ол үшін көңіліңізді түсірудің қажеті жоқ, сіз барлық қиындықты жеңе аласыз. Егер жұмысты ауыстырғыңыз келіп жүрсе, осы сәтті пайдаланыңыз. Бұл кезең сіз үшін мүлік сатып алуға, жөндеу жұмыстарын жасауға немесе көшуге қолайлы. Көбірек демалыңыз: 8 сағаттан аз ұйықтамаңыз. Демалыс күндері моншаға немесе саунаға баруға тырысыңыз: ол күйзеліспен күресуге көмектесе алады.
Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр
Сізді тәуекелді және шығынды жобаларға тартуға тырысады, сондықтан шешім қабылдамас бұрын бәріне жақсылап анализ жасаңыз. Сол кезде өзіңізді қаржылық шығыннан құтқарасыз. Бұл кезең достық, туыстық және романтикалық кездесулер үшін қолайлы. Қазір ешкімге қарызға ақша бермеңіз. Иммунды жүйеңізге аса мән беріңіз. Созылмалы ауруыңыз асқынып кетуі немесе ауырып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан денсаулығыңызды күтіңіз.
Егіздер
21 мамыр – 20 маусым
Бұл жұлдыз белгісі өкілдері өмірлік қуат пен шабыттың келгенін сезеді. Олар серіктестер, басшылық және достар ұсынған кез келген жобаға қатысуға тырысады. Бірақ бұл жерде шаманы білген дұрыс, бірден барлық істі мойныңызға алудың қажеті жоқ. Жақын адамдарыңызбен араласу кезінде қиындықтар, жанжалдар пайда болуы мүмкін: шыдамды болыңыз және ымыраға келуге тырысыңыз.
Шаян
21 маусым – 22 шілде
Бұл кезең жоспарлар мен сабақтарды ретке келтіруге, ақпарат жинауға, әріптестермен араласуға қолайлы. Келіссөз жүргізуші рөлін алудан қорықпаңыз, сіз оны жүзеге асыра аласыз. Отбасыда келіспеушіліктер болуы мүмкін, туыстарыңыздың ойларына құлақ асыңыз. Бос уақытыңызда спортпен айналысуға тырысыңыз.
Арыстан
23 шілде – 22 тамыз
Жаңа жобаға кірісесіз және басшылық қойған тапсырмаларды орындай аласыз. Белсенділік танытыңыз: жалқаулық пен өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағалау — сіздің басты жауларыңыз. Қаржылық жағынан аздап қиындықтар өткеруіңіз мүмкін. Сондықтан жоспарсыз сауда жасамауға және біреуден қарыз алмауға тырысыңыз.
Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек
Бұл кезеңде бұрынғы проблемаларды шешіп, қиын жағдайларды реттеуге мүмкіндік туады. Сондықтан жасырын қор мен дарыныңызды қолдана отырып, іске кірісіңіз. Сіздің энергетикалық потенциалыңыз жоғары деңгейде, бұл қаржылық тұрақтылыққа жетуге көмектеседі. Апта ортасында отбасылық сұрақтармен жүруіңіз, туыстармен кездесуіңіз мүмкін: олардың біріне моральді немесе қаржылық қолдау қажет болады. Ірі сауда жасамаңыз және инвестиция жайлы да ұмытыңыз: оған әлі уақыт келген жоқ.
Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан
Табысқа жету үшін білім мен кәсіби дағдылар ғана емес, сондай-ақ оптимистік көзқарас қажет. Өз күшіңізге сеніңіз және тек алға жылжыңыз. Жұмыста өсек айтушылардан аулақ болыңыз. Осы кезеңде басшылықпен сөзге келмеуге тырысыңыз. Демалыс күндері табиғат аясына шығуға тырысыңыз.
Сарышаян
23 қазан – 21 қараша
Осы апта, жалпы қыркүйек айы — жоспарлау, әріптестермен және басшылықпен араласу уақыты. Іскерлік келіссөздер өте жақсы нәтиже әкеледі. Сәттілік қаржылық сала өкілдері, мұғалімдер және шығармашылық жұмыскерлер жағында болады. Апта соңында көптен көрмеген таныстарыңызды көруіңіз мүмкін: мұндай кездесу жағымды естеліктер сыйлайды. Сүйіктіңізбен қатынасыңыз үйлесімді дамиды.
Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан
Бұл жұлдыз белгісі өкілдерінің көпшілігі энергия жетіспеушілігін сезеді, бұл әрине, жұмысқа әсер береді. Мүмкіндік болса, еңбек демалысына шығыңыз немесе бірнеше күн демалыс алыңыз. Сол кезде күш жинап, қателіктер жібермеудің алдын аласыз. Отбасыңызбен көп уақыт өткізуге тырысыңыз. Жақын адамдарыңызбен келіспеушіліктер болуы мүмкін: шыдамдылық білдіріп, ұстамды болыңыз.
Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар
Бұл аптада бәсекелестермен сөйлесуге және әріптестермен қатынасыңызды анықтауға мәжбүр боласыз. Іскерлік серіктестермен және басшылықпен келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Кәсіби қабілеттеріңізді көрсетіңіз, өзіңізді сенімді ұстаңыз және сіздің көзқарасаңызды дәлелдейтін аргументтерді жинаңыз. Жеке өмір сұрақтарын бірінші кезекке қойыңыз. Отбасылық проблемалардан қашпаңыз, әйтпесе, олар жинала береді.
Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан
Көпшілік Суқұйғыштар қаржылық сұрақтарды және жағымсыз жағдайларды шешуге байланысты шаршаңқылық сезеді. Ең болмағанда демалыс күндері ойыңызды басқа нәрсеге ауыстыруға тырысыңыз: шағын сапар жоспарлаңыз немесе сүйіктіңізбен уақыт өткізіңіз. Егер қандай да бір заңға қатысты сұрақ туындаса, интуицияңызға емес, маман көмегіне жүгініңіз.
Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз
Бұл аптада Балықтарды шығармашылық жобалар, келіссөздер және іскерлік кездесулер күтеді. Білімді арттыру мен тәжірибе алмасу жағымды нәтиже береді. Сондықтан басшылық курстардан өтуді ұсынса, бас тартпаңыз. Қаржылық жағдай жақсарады: жалақы өсуі мүмкін. Туыстарыңызбен қатынасыңыз жақсарады.
А. Жапатова