- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 12.01.2015-18.01.2015...
Жұлдыз жорамал: 12.01.2015-18.01.2015
Бұл әлем сіз ойлағандай емес. Бірақ жаңбырдан кейін міндетті түрде кемпірқосақтың шығатынын біліңіз.
Тоқты. Бақталастарының қарсылығына тап болады. Көлік апатынан, ауыр жарақат алудан сақтаныңыз. Байқағыштық қасиетіңіз болмаса да, алдыңызда қасқайып күтіп тұрған қиындықты оңай шешесіз. Құдды жаныңызда періште көмектесіп жүргендей әсерде боласыз. Достарыңызбен көңілді кешке барып, өзіңізге жаңа өмірдің есігін ашасыз. Жаңа қызығушылығыңыз пайда болады. Эксперимент жасаңыз, бірақ ақшаңызды көп шығындамаңыз. | ||
Торпақ. Бұған дейін бастан кешірген махаббат сезімі қайтып оралады. Қазіргі әрекеттеріңіз ұнамай жүрген болса, абай болыңыз. Сіз де, үйіңіз де көп қонақ шақыратын боласыздар. Көре алмай жүргендерден сақтанып, үйіңізге келген қонақтан пайда көруге тырысыңыз. Сенбі күні көңіл-күйіңізді сұлулық салоны көтереді. Ұмыт болған достарыңызбен қайта табысуыңыз мүмкін. | ||
Егіздер. Сәрсенбі мен бейсенбі күндері ерекше сыншылдық қасиетке ие боласыз. Жіберген қателіктеріңізді мойындап, бірден шешу жолдарын ұсыныңыз. Осылайша әріптестеріңіздің арасында беделіңіз артып, мақсатыңызға жетесіз. Ал бастығыңыз сізге деген көзқарасын өзгертеді. Жаңа мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз. Істі келер аптаға қалдырсаңыз, күткен пойызыңыз келмей қалуы мүмкін. Сондықтан соңғы вагонға болсын ілігуге тырысыңыз. Маңызды жоспарларыңызға бола несие алмаңыз. | ||
Шаян. Жолы болғыш бұл жандар кез келген іспен қуана айналысады. Дәл қазір қатысып жүрген курстарының, косметикалық рәсімдерінің ақшасын төлейтін уақыт келді. Ал жеке өмірде ашулану, еркелеу сынды мінезден аулақ болыңыз. Айналаңыздағылардың пікіріне қосылуға міндетті емессіз. Бастысы қолыңыздан көп іс келетініне өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз. | ||
Арыстан. Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз. Бейсенбі күні сүйіктіңіздің сізден не жасырып жүргенін білуге тырысыңыз. | ||
Бикеш. Бір істі оңай орындай алсаңыз, қуаныңыз. Серіктестеріңіздің сөзіне құлақ асыңыз. Жоспарларыңыздың жүзеге асуы сол адамдарға тікелей байланысты болмақ. Жаңа іспен айналысудан бас тартпаңыз. Алдыңызда тек жақсы күндер күтіп тұр. | ||
Таразылар. Әр күніңіз ертегідегідей таңғажайыпқа толы болуда. Алайда барлығы сіз ойлағандай емес. Сіз сүйіктіңізбен жәй ғана ренжістім деп жүрген кезде, ол айырылысу туралы деп шешім қабылдауы мүмкін. Көзден кеткен көңілден де алыстайды демекші, сізді достарыңыз ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан олардың қал-жағдайын жиі сұрап тұрыңыз. | ||
Сарышаян. Өміріңіздегі тепе-теңдікті махаббат пен қылымсушылық бұзуы мүмкін. Өзіңізге жараспайтын әрекеттер жасаудан сақтаныңыз. Шыдамдылық танытсаңыз, мақсатыңызға оңай қол жеткізесіз. Әзірге ең құнды идеяларыңызбен бөліспей тұра тұрғаныңыз жөн. | ||
Мерген. Осы аптада энергияңызды көп шығындайсыз. Айналаңыздағылар жоспарларыңыздың жүзеге аспауына жағдай жасайды. Уақытыңызды тек өзіңізге жұмсаңыз. Мұнымен қатар өзіңіз де өзгелердің қатесін есіне салмаңыз. Ал демалыс күндері табиғат аясында серуендеуіңізге болады. | ||
Тауешкі. Келер апта жаңа әрі ерекше істердің жүзеге асуына көмектеседі. Тылсым күштердің жолдайтын белгілерін өзгелердің құпия-сырын білу арқылы анықтай аласыз. Алайда негізгі жұмысыңызбен айналысуды ұмытып кетпеңіз. Сізді көп сыйлық күтіп тұр. Жеке өміріңізде де өзгерістер болады. Бұрынғы қателіктеріңізді қайта саралап, көптен бері аңсаған жұмыспен айналысып көріңіз. Жұмыстан ләззат алып үйреніңіз. | ||
Суқұйғыш. Қаңтар айында өмірлері құпия мен жұмбаққа толы болады. Көп идеяңыз болса да, оларды тек наурыз айында жүзеге асыра аласыз. Мақсаттарыңызды, қажет ақпаратты іздеңіз. Ал осы апта ішінде жаңа елдің мәдениетімен танысып, жаңа достар табасыз. Қадір тұтар затыңызды бағалауды ұмытпаңыз. | ||
Балықтар. Түс аралас махаббат сезімінің құшағына енеді. Ең маңызды деген оқиғалар үйден тыс жерде өтеді. Ол әлеуметтік желі болуы мүмкін. Айналаңыздағылар бар көмегін аямайды. Сіздің танымалдылығыңыз артып келеді. Сондықтан мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз. |
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай