- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 11.07.2016-17.07.2016...
Жұлдыз жорамал: 11.07.2016-17.07.2016
Әр бақыттың өз иесі бар. Өз бақытыңызды жоғалтып алмаңыз...
Тоқты
Бұл апта Тоқтылар үшін күйзеліс аптасы болмақ. Үлкендермен сөйлесу кезінде туған дау-дамайды мейлінше сабырлықпен жеңген дұрыс. Әрине, үлкеннің аты – үлкен, олардың алдында қызыл кеңірдек болып, ақталу да ыңғайсыздық тудырады. Алдыңызда түрған адамның пікірі қате болса да, асықпай мән-жайды түсіндіріп көріңіз. Жанұядағы тыныштықты басты назаға қойыңыз!
Торпақ
Торпақтар осы аптада жаңа адамдармен танысып, достар қатарын көбейтеді. Тіпті қоғамдық көлік ішінде келе жатып, бейтаныс әрі әсерлі адаммен кезігіп, тіл табысып кетуі мүмкін. Бірақ, кездескеннің бәріне сырыңызды жайып жүруге әсте болмайды. Өзі туралы ашылып айтпаған адамға өзіңіз туралы айтудың қажеті жоқ.
Егіздер
Егіздер бұл аптаны жанұясына арнайды. Бұл апта – олар үшін дастархан басында отбасымен бас қосып, үлкен мәселелерді бірге шешуге оңтайлы кезең. Аптаның соңында достар арасында кикілжің тууы мүмкін. Танысыңызға қарыз берсеңіз немесе сіз қарыз алсаңыз, осы әңгіменің төңірегінде дау туса, сабырлық танытыңыз. Демалыс күндері өзіңізге көңіл бөліңіз.
Шаян
Шаяндар бұл аптада материалдық мәселелерді шешеді, кіріс-шығысын есептейді. Сатып алған дүниелері қалтасында тиімді әрі сапасы да көңілінен шығады. Іскерлік, әлеуметтік байланысы артады. Алайда, көңіл-күйді басқару қиынға соқпақ. Қит еткен нәрсеге қабақ шытып, ренжудің қажеті аз. Бәрін төзімділікпен жеңесіз.
Арыстан
Арыстандар бұл аптада стилін, имиджін өзгертеді. Бұған айналадағы барлық оқиға әсер етуі мүмкін. Тіпті, өмір сүру қағидасы да өзгеруі мүмкін. Сән салонына барып, шаш үлгісін өзгертіп немесе киім дүкенінен осыған дейін киіп көрмеген өзгеше киім киіп, айнаға қарап, «жаңа» адамды көру артық етпейді. Ал апта соңында құқық бұзушылықтан алшақ болуы керек.
Бикеш
Бикештер бұл аптада өзіне деген сенімділігін арттыра алады. Ол үшін ішкі үндестік пен оптимистік көзқарас керек. Бұл уақыт өз-өзін тануға зор мүмкіндік береді. Себебі, жүйкеге тиетін артық ақпараттардан алшақ болған дұрыс. Ал аптаның аяғы қала сыртында демалуға өте қолайлы болмақ. Бол уақытты оқуға арнаған да артық етпейді.
Таразы
Таразыларды бұл аптада ерекше тосынсый күтіп тұр. Бұл тартуды алу үшн көп тер төгуге тура келеді. Осы аптада жұмысқа жоспар құрып, жеке өмірге өзгеріс енгізген артық етпейді. Ескі достармен қарым-қатынас орнату керек, олар сізді кешке шақыруы мүмкін, бас тартпаған дұрыс. Қолөнерден құр алақан болмасаңыз, бос уақытты соған арнаңыз.
Сарышаян
Сарышаяндардың бұл аптада әлеуметтік және кәсіби дәрежесі арта түседі. Осы уақыт аралығында шығармашылық сайыстарға, кастингтерге қатысуға, халық алдында сөз сөйлеуге еш қысылмау керек. Аптаның соңында денсаулыққа мән берген жөн. Аяқ астынан суық тигізіп алу қаупі бар. Саяхатқа шығу да септігін тигізеді.
Мерген
Мергендер бұл аптада білімге деген қызығушылығы артады. Мерген шоқжұлдызындағы оқушы не студентті білім жолында сәтті қадам тосып тұр. Позитивті ойлармен өрілген әр күн Мергендерге қуаныш әкеледі. Үнемі жақсы ойдың жетегінде жүрген артық етпейді.
Тауешкі
Тәуекелге бел буу Тауешкілердің осы аптадағы басты ерлігі болмақ. Өткенде қалған достармен бас қосып, ренжіскендерімен татуласу керек. Олармен бірге демалысқа шығып, достық қарым-қатынасты берік орнатқан жөн. Көп адаммен бас қосқанда көп мәселенің түйіні шешілетінін ұмытпау керек.
Суқұйғыш
Бұл апта мансап үшін оңтайлы болмақ. Тың идеялар ұсынып, жоғары дәрежеге көтерілу мүмкіндігі туып отыр. Ал отбасы жағдайында ше? Жанұядағы дау-дамайды ақылмен шешіп, ретін келтіріп отырған адам отбасының періштесіне айналады. Мансап пен отбасыны бөліп жармайтын қасиеті көп жерде екі жақтап алып шығады.
Балықтар
Балықтар бұл аптада денсаулығыны толықтай көңіл аудара алады. Оған көтеріңкі көңіл-күй мен иммунитет себепші болады. Салауатты өмір салтын ұстанып, жаттығу жасап, бассейнге түсіп, фитнеспен шұғылдану керек. Үй ішін ретке келтіріп, жұмыс үстеліне де көңіл бөлген артық етпейді. Бос уақытты кітапқа арнаған жөн.
Г. Берік