- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 11.05.2015-17.05.2015...
Жұлдыз жорамал: 11.05.2015-17.05.2015
Жақын адамдарыңыз жүрегіңізге қаяу түсіретіндей әрекеттер жасауы мүмкін. Қандай жағдайға тап болсаңыз да, үмітіңіз үзілмесін.
Тоқты
Осы апта ішінде Юпитер мен Шолпан тоқтыларға арнап «бақыт шәрбатын» дайындап қойды. Бойыңыздағы сенімділігіңіз арта түседі. Аталған белгі иелері айналасындағыларға махаббат пен мейірімділік сыйлайды. Егер бірнәрсе бірінші реттен жүзеге аспаса, мұңаймаңыз. Табандылығыңыздың арқасында міндетті түрде жолыңыз болады.
Торпақ
Бұл аптада уақыт пен әліңізді дұрыс бағалай біліңіз. Ненің маңызды екенін анықтауға достарыңыз көмектеседі. Қызметтестеріңізбен жұмысыңызды еш ойланбастан бөлісуіңізге болады. Қаржы мәселесінде ешбір қиындық болмайды.
Егіздер
Басшылықтың алдында беделіңіз жоғарылайды. Кез келген қиын істі соңына дейін жеткізесіз. Әріптестеріңіз жасай алмаған дүние сіздің қолыңыздан келеді. Демалыс күндердің қызықты өткенін қаласаңыз, ауылға қыдырып қайтыңыз. Жақындарыңыз сізді сағынып қалған болар.
Шаян
Жұлдыздар айналаңыздағыларға сенім артпауға кеңес береді. Әріптестеріңіз қошемет сөзді жалған айтады. Олар сізді пайдаланып өз мақсаттарына жеткісі келеді. Ал жалғыз жүрген жандар әлеуметтік желі арқылы сүйіктілерін жолықтыруы мүмкін.
Арыстан
Басыңыздағы қиындықтарды реттеу үшін шыдамлық қажет. Аптаның ортасына қарай танысыңыз қолыңыздың ашықтығын пайдалануға тырысады. Бірақ барынша қатты болуға тырысыңыз. Қаржы мәселесінде қиындықтар туындайтындықтан, үнемдеуіңізге тура келеді. Әзірге қымбат зат сатып алмағаныңыз жөн.
Бикеш
Осы апта ішінде пікіріңіздің дұрыс екенін дәлелдеумен боласыз. Жұлдыздар сабыр танытуға кеңес береді. Қандай жағдай болмасын, басшылыққа қарсы пікір айтпауға тырысыңыз. Демалыс күндерін отбасыңызға арнаңыз.
Таразы
Қалтаңыз қалыңдайды. Сәрсенбі, бейсенбі күндері тұрмыстық техника аламын деп көп ақша жұмсайсыз. Ойлағаныңыздан көп ақша жұмсап қойсаңыз да, көңіл күйіңіз түспесін. Демалыс күндері ескі таныстарыңызбен жолығасыз.
Сарышаян
Қызметке қатысты көп мәселені реттейсіз. Ең маңызды деген істермен ғана айналысыңыз. Сәрсенбі-жұма күндері орынсыз сын айтып қоюыңыз мүмкін болғандықтан, басшылықпен жолықпағаныңыз жөн. Жұлдыздар сүйіктіңізге көңіл бөлуге кеңес береді. Демалыс күндері таза ауаға шығып демалыңыз.
Мерген
Бұл аптада «асау мінезіңізге» тұсау салып, барлығын ішіңізде жасыра тұрғаныңыз жөн. Әйтпесе, әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңыз нашарлайды. Отбасыңызда ақшаға қатысты қиындық туындайды. Көп ақша құртпас бұрын жақсылап ойланыңыз.
Тауешкі
Бұрын-соңды жасап үлгермеген істерді соңына дейін жеткізіңіз. Сейсенбі мен сәрсенбі күндері ақшаға қатысты келісім-шарттар сіз үшін барынша табысты болады. Демалыс күні хабарласатын досыңыз басыңызға бұлт ұялатады. Одан сақ болыңыз.
Суқұйғыш
Бұл апта жаңа өмір бастау үшін таптырмас уақыт болмақ. Ойланбастан қалаған курсыңызға жазылуыңызға болады. Демалыс күндері тек жақын адамдарыңызбен шектеліңіз. Өйткені ең жақын достарыңыз ауыр сөздер айтып, сізді ренжітуі мүмкін.
Балықтар
Аптаның алғашқы бөлігінде сөзіңіздің дұрыс екенін дәлелдеймін деп әуре болмаңыз. Пікір-таластарда ұтылуыңыз мүмкін. Ал қалған күндері көңіліңіз көтеріңкі болады. Жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылады.
Қ. Бүйенбай