Жұлдыз жорамал: 11.04.16 - 17.04.16

Аптаның сәтті өтуі өзіңізге байланысты. Өз-өзіңізге деген сенім қай жерде де алып шығарына сеніңіз.

Тоқты

Бұл апта маңызды кездесулерге толы болмақ. Жаңа адамдармен танысып, достар қатарын көбейтесіз. Сол кездесулерде өміріңізді өзгертетін шешім қабылдануы мүмкін. Айналадағы адамдар туралы ұмытып кетпеңіз. Оларсыз мәселе шешілмейді. Жіберген қателіктерді түзеуге күш салыңыз. Мінезіңіздегі олқылықтарды өшіруге тырысыңыз.

Торпақ

Торпақтарды көп жұмыс күтіп тұр, оларды бітіру үшін серіктес іздеп уақыт көтірмеу қажет. Жауапкершіліктен қашпасаңыз, шешілмеген мәселелер күрмеуін табуы мүмкін. Жаныңыздағы адамдарды танып білдім деп ойласаңыз, қателесесіз. Олардың кейбірі сіз елестеткен жандар емес, оларды өз болмысымен қабылдаған жөн.

Егіздер

Барлық іске қорытынды жасайтын кез келді. Қорытынды жасай келе, бір шешім қабылдайсыз. Бұл шешімнің соңы сізге кері әсерін тигізбеуі керек. Жұмыста барлық іске сабырлықпен қараңыз. Аптаның екінші бөлігінде маңдай теріңіз еш кетпгенін көресіз. Сүйіктіңізге уақыт бөліп, серуендеп, болашаққа жоспар құрыңыздар.

Шаян

Бұл аптада қол қусырып отыруға болмайды. Келген ұсыныстан бас тартсаңыз, бәрінен қағыласыз. Тәуекелге бас тігу – сіз үшін өте қауіпті. Сол үшін аяқты аңдап басыңыз. Апта соңында күтпеген қонақтармен кездесуіңіз мүмкін. Жексенбі күні жақындарыңызға көңіл бөліңіз.

Арыстан

Мансап жолына қызықсаңыз, ресми кездесулерден қалмаңыз. Бұл аптада шығармашылық энергия жанартау секілді атқылауы мүмкін. Бірақ бұл энергия шыдамсыздыққа әкеп соқтыруы мүмкін. Сол үшін сабырлы болыңыз, дау арасында даусыңыз қатты шығып қалмасын. Апта ортасы – достармен не әріптестермен бас қосуға қолайлы сәт. Ал апта соңында туған-туысқандарыңызға көмектесіңіз.

Бикеш

Нақты жоспар құрып, соның негізінде жүріңіз. Бұл аптада өз қызығушылығыңызбен көп мағлұмат жинап, тәжірибе жинайсыз. Өзгелердің көмегіне жүгінудің қажеті жоқ, қолдан келер істі өзіңіз-ақ тындыра берген абзал. Сүйіктіңізбен қарым-қатынас суымас үшін даудың алдын алған жөн. Апта соңында жағымды жаңалық естуіңіз мүмкін.

Таразы

Бұл апта Таразылар үшін өте қолайлы. Мәселені шешерде өз пікіріңізде қалмай, өзгенің сөзіне құлақ асып, көңіл бөліңіз. Аптаның басында ойлаған жоспарыңыз жүзеге асып, сізге жетістік әкелуі мүмкін. Ал аптаның соңында театрға баруға не кино көріп, бір демалсаңыз болады.

Сарышаян

Аптаның басында үлкен жоспар құрып, оның жүзеге асуына күш жұмсайсыз. Басы қатты болғанымен, соңы тәтті болатынын естен шығармаған дұрыс. Жұмыста бұл туралы дау тумасы анық, себебі бәрі сіздің ойыңызбен келіседі. Апта ортасында оптимистік көзқарасаңыз артып, өз-өзіңізге сенуіңіз керек. Бірақ адамдарға сенуге келгенде аяғыңызды аңдап басқаныңыз жөн.

Мерген

Бұл аптада аяқ астынан дұрыс шешім қабылдау керек болады. Аптаның басында басшылықпен сөзге келіп қалсаңыз, жылы-жылы сөйлеп, өзіңізді ақтап шығуыңыз керек. Аптаның ортасында балаларға, кішкентай бауырлаңызға көңіл бөлгеніңіз абзал. Ал апта соңында жаңа адамдармен таныса аласыз. Апта соңында өткізген іскерлік келіссөздердің жемісті болуы сізге байланысты.

Тауешкі

Сізде қызықты идеялар мен жаңа жоспарлар жетіп артылады, бірақ жұлдыздар болашағы бар істермен айналысқаныңызды қалайды. Жаңа кірістің көзін ойлаңыз. Туыстарыңыз, достарыңызды ұмытып кетпеңіз, оларға бір кезек көңіл бөліп, қуантып жүріңіз. Білімді адамдармен көбірек сөйлескен дұрыс. Уақытты құр өткізбегеніңіз азбал.

Суқұйғыш

Өз түйсігіңізге сеніңіз де, қадам басыңыз. Ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Жалқаулықты маңыңызға жоғалтпағаныңыз дұрыс. Ол мойныңызға бір мінсе, түспей қояды. Қаржылық мәселелер сіздің пайдаңызға шешілуі мүмкін. Бұл аптада жұмыс қауырт, бірақ отбасыңызға әсер етпеуін қадағалаңыз. Бәріне үлгеруге болады.

Балықтар

Өзіңізді ғана емес, айналадағы адамдарды да ойлаңыз. Жаныңызда жаны жаралы жандар көп, олармен салмақты сөйлесіңіз, ойыңызға келген сөзді айта салмаңыз. Өзіңізге қандай жақсылық жасасаңыз, өзгемен бөлісіңіз. Бұл апта – тану, білу, үйрену, сүю аптасы.