- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 09.11.2015-15.11.2015...
Жұлдыз жорамал: 09.11.2015-15.11.2015
Жұлдыз жорамал жақсылыққа құрылса, жүз пайыз тура келмегенімен игі істердің бастамасы болуы да мүмкін. Тағдырымыз жазулы дегенмен, өзіміз әр іске себепші боламыз.
Тоқты
Тоқтылар үшін осы апта зиянды әдеттермен күресу үшін таптырмас уақыт. Түнімен компьютер алдында отыруды доғарып, белгілі режим қалыптастырыңыз. Таңертең ұйқыдан тұруға қиналатын сәтіңізді елестетіңіз. Тек пайдасыз әдеттеріңіз нәтижелі, өнімді жұмысқа жетуге кедергі келтіреді. Физикалық жаттығу жасап, фитнеске қатысыңыз. Сізде үзіліс уақыты. Осы сәтті пайдаланып өзгеріңіз, жақсы әдеттер табыңыз, өмір бойы осылай қалыптасып кететін болады.
Торпақ
Торпақ жұлдызында туғандарға осы апта махаббат және серіктестік қарым қатынас сыйлайды. Ғашық торпақтар сезім саябағында маңызды қадамдар жасайды. Сізге шынайы қарым-қатынасқа, тұрмыс құруға ұсыныс жасауы мүмкін. Ал егер некедегі адам болсаңыз, онда сезімдеріңіз бен сыйластықтарыңыз бұрынғыдан да ұлғайып, тасып, некеге дейінгі нәзік сезім қайта оралады. Көңіл көтеретін мерекелік шараларға, той-думанға баруға ең қолайлы уақыт. Апта аяғында медициналық тексерістен өтсеңіз сәттілікке жолығасыз.
Егіздер
Осы аптада үй шаруаларын толық қолға аласыз. Ескі-құсқы нәрселерді лақтырудан бастап, жиһаздардың орнын ауыстырып, жуып-тазалауға дейінгі үйдегі көзге көрінбейтін ұсақ-түйек шаруалар атқаруға ыңғайлы уақыт. Үйде тазалық пен реттілік орнаған сайын, береке мен байлық та артып, денсаулық та жақсарады. Егер махаббат мәселеңіз шешілмеген болса, ол да біржақты болады.
Шаян
Шаян жұлдызындағылар үшін ең керемет те бақытты сәт туды. Осы апта жаңа орта, жағымды таныстық, жолсапар және тосын сыйларға толы болмақ. Ойламаған жерден орнаған таныстықтың соңы терең сезімге ұласуы мүмкін. Жаңа ортадан тартынбай, араласатын адамдарыңыздың кеңістігін кеңейтіңіз. Шығармашылық шеберлігіңіз шыңдалады. Байқауға, спорттық жарыстарға, кастингке қатыссаңыз, бағыңыз ашылады, жолыңыз болады. Апта аяғында үйіңізді әдемілеп сәндеп қойыңыз. Өзіңізді қаншалықты еркін ұстасаңыз, қуаныш пен шаттық та бір табан жақындайтын болады.
Арыстан
Сәттілік пен көтеріңкі көңіл күй қаржылық жағдайға байланысты. Жалақыңыз өзіңіз ойлағаннан көп шығуы мүмкін. Ата-анаңыз да қаржылық қолдау көрсетуі ықтимал. Қайткен күнде де осы аптада ақшаңыз біраз артады. Демек, көңіл күйіңіз де өте көтеріңкі болады. Отбасымен қарым-қатынасыңыз нығая түседі. Жақын-жуықтарыңызды сыйлықпен қуантасыз. Отбасы сізге зор қуаныш сыйлайтын ең мықты тірегіңіз екенін осы апта көбірек сезінетін боласыз. Аптаның соңында қаланы аралап, қыдырыс жасайсыздар.
Бикеш
Бұл аптаны адамдармен берік байланыс орнатуға арнайсыз. Шешімін таппаған мәселелеріңіз болса да, айналаға көз салыңыз. Оның түйінін табатын жандар жаныңызда жүр, яғни кез келген мәселеңізді шешуге достарыңыз мұрындық болады. Бейтаныстармен іскерлік қарым-қатынас орнатсаңыз да мәселеңіз оңай әрі тиімді шешіледі. Апта аяқталарда үйге қажетті бұйымдар алуды ұсынамыз. Дәл осы кезде сатып алған тауарларыңыз сізге бар қайырын, игілігін ала келетін болады.
Таразы
Осы айда қаржылық қорыңызды жақсартып алғаныңыз жөн. Пайда көзін өзге де табыспен толықтырған абзал. Осы мерзім мемлекеттік жеңілдіктерге, қосымша көмектерге ие болу үшін құжат тағайындауға таптырмас уақыт. Қызығушылығыңызға орай, үйде отырып, тапсырыс алып жасауға болатын жұмыстар арқылы да ақша табуға болады. Апта аяқталар тұста ересек адамдардан көмек алуыңыз мүмкін.
Сарышаян
Сарышаян белгісінде туғандар осы аптада болашағын бағдарлайды, өзіне жаңа кеңістік ашуға даярланады. Ойға алған жоспарларыңызды іске асыруға сізбен ойы бір жерден шығатын достарыңыз бен таныстарыңыз жәрдемдеседі. Барлығыңыздың идеяңызды бір арнаға тоғыстыру арқылы жетікстікке жетуге болады. Өзгелерге көңіл бөліп, қол ұшын созу арқылы өзіңіз де сәттілікке кезігесіз. Ауқымды жоспарлар жасауға таптырмас уақыт. Әлеуметтік қозғалыстарға қатысуыңыз мүмкін. Жұма соңында қаржылық жағдайыңыз жақсарады.
Мерген
Бұл апта мергендер үшін өте құбылмалы өтеді. Көздеген нысанаңызға жету үшін белгілі кедергілерге де кезігуіңіз мүмкін. Бірінші кезекте, кәсібіңізге қатысты болуы ықтимал. «Ақылыңыз бен еңбегіңізге сенсеңіз, екі жақтап алып шығары» анық. Ішкі психологиялық комплексіңізге сүйеніңіз. Өзіне сенімділігі төмен адам психологиялық жай-күйін анықтау арқылы өз-өзіне берер бағасы артып, өзін әлдеқайда жоғарыдан көреді, күмән келтіруді доғарады. Достарыңыз бен құрбыларыңыздың кеңесіне құлақ асыңыз.
Тауешкі
Тауешкілер тұлғалық және кәсіби тұрғыда жетіле түседі. Көптеген адамдармен достасуға тырысыңыз. Әртүрлі адаммен араласу арқылы бұрын ойыңызға да кіріп-шықпаған жаңа дүниелермен танысып, көзіңіз ашылады. Елдің өзге аймағынан келген не шетелдік кісілермен тіл табысу арқасында және интернетте виртуалдық әлемде жаңа таныстар табу арқылы да көптеген нәрсені жаңа қырынан танып, тың ақпаратқа қанығасыз. Апта соңында мансабыңыз өсуі мүмкін.
Суқұйғыш
Алға қойған мақсатқа жету жолын өзгертуге оңтайлы уақыт келді. Егер бір жерде ұзақ уақыт бойы қызмет етіп, әлі де бір де бір жетістікке қол жеткізбеген болсаңыз, басқа қызмет түрін қарастырып көріңіз. Мүмкін, сәттілікке жетудің басқа да әдіс-тәсілдерін қарап көру керек шығар. Жауабы табылмаған сұрағыңыздан нәтиже алу үшін қазіргі ұстанымыңызды өзгерту қажет болар. Жан-жақты ойланып, өзгеріске бет бұрыңыз. Сөрелеріңізді тазалап, артық қоқыстардан, енді пайдаланбайтын бұйымдардан арылыңыз.
Балықтар
Балықтар осы жұмада кез келген серіктестік мәселесін, келіспеушілігін шешіп алуына болады. Сыбайласыңызбен осы уақытқа дейін келісім орнатпаған болсаңыз, арнайы шарт жасасатын мерзім туды. Бұл іскерлік серіктестікке де, жұптық серіктестікке де қатысты әңгіме. Осы аптада некеге отырсаңыз, шаңырақ керегесі кең, берекесі мол болмақ. Апта аяғында мансап жолыңыз жоғарылайды. Жұмыс орныңызды ауыстыруға да болады.
Әр аптаңыз қуаныш пен шатыққа толы болғай, құрметті оқырман!
@. @assel_assanova