- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 09.02.2015-15.02.2015...
Жұлдыз жорамал: 09.02.2015-15.02.2015
Аптаның алғашқы бөлігінде тәтті сезімнің құшағында жүресіз. Алайда, ең бастысы, қиын жағдайдан сытылып шығу екенін ұмытпаңыз.
Тоқты. Достарымен қарым-қатынаста тоқтылар белсенділік танытады. Қызықты хабарлардан құлақдар етіп отыратын адамдармен танысасыз. Той-жиынға шақыру билеттері келеді. Мансап жолында өзіңіз күткендей ілгерілеу мүмкіндігі тумайды. Басшылыққа айтар қарсы уәжіңіз болса да, ұстамдылық танытқаныңыз жөн. Дәл қазір - білім алу мен саяхаттау үшін таптырмас уақыт. Ұзақ жолда қиындыққа тап боласыз. Махаббат мәселесінде де жолыңыз болмай жүр. Сезім мәселесіндегі сұрақтардың жауабын табу үшін сүйіктіңізден жырақта жүруге тура келеді. Білгіңіз келген құпияны ашасыз. Ал жаңа іс бастаған тоқтылардың айы оңынан туып, жолы болады. | ||
Торпақ. Осы аптада қызметіңізге өзгеріс енеді. Өзіңіздің ұстанымыңыз бен пікіріңізді соңына дейін қорғауға жұлдыздар кеңес береді. Басшылық ойыңызды құптап, сізге жаңа мүмкіндіктер береді. Мұнымен қатар, достарыңызбен бірге жүріп, көңіл көтеретін қызықты күндер күтіп тұр. Үйіңізде жасайтын мерекелік кештерге туысқандарыңызбен бірге достарыңызды да шақыруды ұмытпаңыз. Жалғыз жүрген торпақтар өмірлік жарын жолықтырады. Заң қызметкерлерімен сөзіңіздің жараспай қалу қаупі бар. Жол жүру ережесін жиі бұзып жүрсіз. Айыппұлды уақытында төлеуді ұмытпаңыз. | ||
Егіздер. Осы апта ішінде өмірге жаңа көзқараспен қарап, құндылықтарын ауыстырады. Бұл адамгершілік сынды терең ойлауды талап ететін мәселелерге қатысты болуы мүмкін. Аталған әрекетіңізге соңғы күндері болып жатқан оқиғалар әсер етеді. Жан дүниеңіз толықтай өзгерді десек болады. Шетелдіктермен тілдесуге, білім алуға және саяхаттауға мүмкіндіктер беріледі. Сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынас аздап салқындайды. Сүйіктіңізге толықтай сенім артуыңызға болады. Ол – жауапкершілігі мол жан. Мансап жолында өзгерістер болуы мүмкін. Мұнымен қатар, мойныңызға артылар жауапкершіліктің салмағы ауырлай түседі. | ||
Шаян. Олардың қаржы табу тәсілдері өзгереді. Бұл серігіңіздің арқасында көп ақшаға кенеліп жатқаныңызбен байланысты болуы мүмкін. Мұнымен қатар, жинаған ақшаңыздың тең жартысын жұмсауға міндетті боласыз. Шетелдіктермен танысып, саяхаттайтын уақыт келді. Қоршаған орта туралы біліміңізді жетілдіре түсіңіз. Мансап жолында тұрақтылық болмайды. Ұзақ мерзімді ауруларға мұқият болыңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз. | ||
Арыстан. Қоршаған ортаға деген көзқарасыңызды өзгертуіңіз керек. Мәселе әріптестеріңіз бен сүйіктіңізге қатысты айтылып жатыр. Сүйіктіңіздің қарсылығына түсіністікпен қараңыз. Өзіңізді оның орнына қойып көріңіз. Осы әрекетіңізден кейін ғана қарым-қатынастарыңыз жақсара түседі. Кей арыстан романтикалық шытырман оқиғалардың бас кейіпкеріне айналады. Өзіңізге деген сенімділік басты қорғаныңыз болады. | ||
Бикештер. Бұл аптада бар қиындық пен қуаныш тек сүйіктілеріне қатысты болады. Отбасылы бикештер тізгінді жұбайына береді. Себебі, дәл қазір өзіңізге деген күдік басым. Бұған дейін мықты көшбасшы болып келсеңіз де, жағдай өзгереді. Жалғыз жүрген бикештерге көп ұсыныс түседі. Бірнеше үміткердің бірін таңдау мүмкіндігіне ие боласыз. Аптаның ортасында қызметіңізде өзгеріс болып, қиындықтарды жеңіп шығасыз. | ||
Таразы. Денсаулықтарына назар аударуға жұлдыздар кеңес береді. Бір жеріңіз ауырып жүрген болса, бірден дәрігерге қаралыңыз. Әрі спортпен белсенді түрде айналысуды ұмытпаңыз. Уақтылы ұйықтап, салауатты өмір салтын сақтаныңыз. Жұмыс пен демалатын уақыт арасында тепе-теңдік болуы тиіс. Сүйіктіңізбен қарым-қатынаста сезімнен гөрі сөз басым болады. Бұл серігіңізді жақсы тануға мүмкіндік береді. Достарыңызбен, көршілеріңізбен байланысты үзесіз. | ||
Сарышаян. Сүйіктісі бар сарышаяндар осы апта ішінде ыстық сезімге ынтық болады. Қызғаншақтық мінез пайда болады. Отбасын құру туралы ұсыныс түседі. Алайда дәл қазір шаңырақ көтеретін уақыт емес. Бір-біріңізді қызғанып, артынша жанжал туындауы мүмкін. Ал отбасылы сарышаяндардың жағдайы жақсы болады. Мұнымен қатар, отбасы бір мүшесінің өмірінде үлкен өзгеріс болып, өзгелерді қуанышқа бөлейді. Қаржы жағынан қиналасыз. Сол себепті, ақшаны қазірден бастап үнемдей бергеніңіз жөн. | ||
Мерген. Парасаттылық қабілеті оқуда, күнделікті тұрмыста көп көмектеседі. Мысалы, құжаттарды реттеу мәселесінде. Сіз адамдармен жылдам тіл табысып, оңай қарым-қатынасқа түсетін боласыз. Маңызды шешім қабылдауда жүректің емес ақылдың көмегіне жүгінесіз. Отбасылық өмірде аздаған қиындықтар туындайды. Үй мәселесіне қатысты жанжал тууы мүмкін. Мысалы, сіз қонақ үйге кілем алғыңыз келсе, басқалары жаңа теледидар алуды жөн көреді. | ||
Тауешкі. Бұған дейін қабылдаған шешімдеріңізді қайта қарап, өзгеріс енгізесіз. Дәл қазір өзіңізді жан-жақтылыққа баулып, кемелдендіре түсуіңізге болады. Бейтаныс адамдарға сырыңызды айтудан сақтаныңыз. Оларға жеке өміріңізге қатысты детальдарды жария етпеңіз. Мұнымен қатар, отбасы мүшелері сіздің пікіріңізге толықтай қарсы келетіндіктен, оларға жоспарларыңызды ашып айтпағаныңыз жөн. | ||
Суқұйғыш. Бұл жолы шешімді дұрыс қабылдайсыз. Бірақ, қателіктерді түзетуді ұмытпаңыз. Сіз өзіңізге және өзгелерге сын көзбен қарай аласыз. Шешім қабылдауда өзгелермен ақылдасқаныңыз жөн, бірақ соңғы сөзді тек өзіңіз айтуыңыз керек екенін ұмытпаңыз. Жалақыңыз өскен сайын оны жұмсайтын жер де көбеюде. Жаңа таныстықтардан бас тартыңыз. Сүйіктіңізден жақсы сыйлық алуыңыз мүмкін. | ||
Балық. Осы аптада мойнына артылатын жүк ауырлап, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі көбейеді. Ақшаңыз аз болғандықтан, түрлі қиындық туындайды. Сол себепті, ақшаға қатысты жоспар құрмағаныңыз жөн. Бойыңызда сенімсіздік басым болса да, шешімді өзіңіз қабылдап, өз бетіңізше жұмыс істеуіңізге тура келеді. Психологиялық кітаптар оқып, шет тілін меңгеретін уақыт келді. |
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай