- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 08.12.2014-14.12.2014...
Жұлдыз жорамал: 08.12.2014-14.12.2014
Адамдардың барлығына күдікпен қарау орынсыз. Бір адам ренжітті екен деп, көпке топырақ шашпаңыз.
Тоқты. Мансап жолында ілгерілеуге мүмкіндік туады. Ең бастысы – оны жіберіп алмау. Өзіңіздің ең үздік деген қасиеттеріңізді көрсетіңіз. Маңызды шаруаларды кейінге қалдырмаңыз. Сәрсенбі, жұма күндері шешім қабылдайсыз. Сенбі күні ерекше сезімталдыққа ие болатындықтан, тек жақын адамдарыңызбен ғана сөйлесіңіз. Әйтпесе, ренжісіп қаларсыз. | ||
Торпақ. Қызметке байланысты істер өздігінен реттелетіндіктен, жеке басыңызға қатысты мәселелерді шешуге кірісіңіз. Белсенділікке ие болып, қошемет сөздер естисіз. Алайда, мақтанып жатудың қажеті жоқ. Бақыт құсы алыста емес, бар болғаны оның барына сеніңіз. Серіктеріңізбен келісім шартқа отырыңыз. Бірақ, олардың да қалауын ескеруді ұмытпаңыз. Ескермеген жағдайда жанжал туындауы мүмкін. | ||
Егіздер. Ұяң мінезіңіз өзіңізге серік болып, көп жанжалдан аман сақтап қалады. Өзіңізге өзгенің назар аударын талап етудің қажеті жоқ. Егер дұрыс шешім қабылдап, қиындықтарыңызды ретке келтіргіңіз келсе, әлсіз тұстарыңызды жасырыңыз. | ||
Шаян. Дұрыс стратегияны таңдап, қажырлы еңбегіңізбен ілгерілейсіз. Көп ұзамай табысқа да жетесіз. Бірақ, мұрныңызды көкке шүйірудың қажеті жоқ. Бұдан да көбірек еңбектенуіңізге тура келеді. Аптаның ортасында артыңыздан айтылатын қауесет сөзге мән бермеңіз. Алдыңызға мақсат қойып, бар күш-жігеріңізді соған қарай бағыттаңыз. Бейсенбі күні көпшіліктің көзайымына айналу мүмкіндігі туады. | ||
Арыстан. Алдағы апта көтеріңкі көңіл күй мен үлкен мүмкіндіктер сыйлайды. Дүйсенбі күні еститін жаңалығыңыз қуанышқа бөлеп, жақын адамдарыңызбен жылы қарым-қатынаста боласыз. Сәрсенбі күні бойыңызға деген сенімділік пайда болады. Дәріс оқуыңыз, көпшіліктің алдында тілек айтуыңыз мүмкін. Сондықтан, жақсылап дайындалыңыз. Жұмадан бастап демалуға мүмкіндік туады. Жұлдыздар денсаулығыңыз қалпына келген болса, жұмысқа кіріскеніңіз жөн болатындығын айтады. Себебі, әріптестеріңіз сізді сағынып қалды. | ||
Бикеш. Көп жұмбақтың шешімін тауып, өтірікшілерді сөзінен ұстайсыз. Сәрсенбі күні сөзшеңдігіңіз артып кетуі мүмкін болғандықтан, бұл күні біреумен жанжалдасуыңыз ғажап емес. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Жұма күні орындай алмайтын уәдені бермегеніңіз дұрыс. | ||
Таразы. Қажетсіз кикілжіңнен арылуға сабырлы мінезіңіз көмекке келеді. Мұнымен қатар, сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыздың қандай екеніне де назар аударыңыз. Туған-туысқандарыңыз сізден ерекше қамқорлықты күтеді. Жұма күні өзіңізге берілген уәдеге сенбейсіз. Және жұлдыздар бұл шешімнің дұрыс екендігін айтады. | ||
Сарышаян. Шығармашылыққа деген құлшынысыңыз әріптестеріңіз бен достарыңызға тың идеялар ойлап табуға көмектеседі. Ешкімнің сөзіне ермей, шешімді өзіңіз қабылдаңыз. Арманыңыздың барлығы бір сәтте орындалуы мүмкін болғандықтан, тек жақсылық туралы ойлауға тырысыңыз. | ||
Мерген. Жаңа жобаға деген ұсынысқа ие боласыз. Сондықтан, мансап жолыңызға да назар аударыңыз. Табысқа жеткіңіз келсе, имиджіңізді өзгертіңіз. Бір нәрсе айтпас бұрын жеті рет өлшеп алыңыз. Бұдан өзге жұлдыздар демалыс күні достарыңызбен кездесуді ұсынады. | ||
Тауешкі. Сіз өте мейірімді жан болғандықтан, көптеген жаңа адамдармен танысасыз. Артынша таныстықтарыңыз достыққа ұласады. Сәрсенбінің сәтті күнінде белсенділікке ие болатындықтан, ең қиын деген жұмыстарды ретке келтіріңіз. Ал жұма болашақта нені өзгерткіңіз келетіндігі жайында ойлаңыз. | ||
Суқұйғыш. Барлығына сыншыл көзқараспен қарайсыз. Жұлдыздар көптен бері шешімін таба алмай жүрген сұрақтардың жауабын достарыңыздан сұрауға кеңес береді. Жұмысқа тым берілмей, бір мезгіл отбасыңызға, сүйіктіңізге назар аударыңыз. Әр істің соңына нүкте қойып үйреніңіз. Демалыс күндері жақсылап демалып алыңыз. | ||
Балықтар. Достарыңызды қай шығармашылықпен айналысатындығыңызды айту арқылы таңқалдырасыз. Осы аптада тыңдай білу қасиеті қажет болады. Жұлдыздар басқа салаға ауысуға кеңес береді. Жаңа жұмыспен қатар саяхат, жаңа таныстықтар күтеді. Туған-туысқандарыңыз өмірдегі қиындықтарыңызды шешуге көмектеседі. |
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай