Осы аптада жұлдыздарға өзге планеталар әсерін тигізеді.
Тоқты. Дүйсенбі мен сейсенбіні қолға алған жобаны аяқтауға немесе ауруханаға қаралуға арнаған жөн. Ал сәрсенбі мен бейсенбіде тоқтылардың күш-қуаты мол болады. Бірақ түймедейді түйедей ететін қасиетке де ие болады. Жұманы ақша мәселесіне арнау керек. Аптасына бір рет қана жасайтын қосымша жұмыс тауып қалуыңыз да мүмкін. Сенбі – серіктестік қатынастар үшін өте қиын күн. Жексенбі күні өміріңізді өзгертетін ұсыныс түсуі мүмкін.
Торпақ. Оларды демалыс, той-думан, балалармен сөйлесу, кездесуге бару сынды қызықты оқиғалар күтіп тұр. Дүйсенбі достармен көңіл көтереді. Ал сейсенбіде достармен тағы да жолығады, алайда көп уақытын жұмысқа арнайды. Сәрсенбі күні торпақтардың достарының жоспарлары өзгергендіктен, құрдастар болып бас қосу бақыты бұйырмайды. Осыған орай бейсенбіні де жалғыз өткізеді. Сәрсенбі күні кездескен жағдайда да достарының бірі астан уланып, жексенбі күні сол досының халін білу үшін ауруханаға барады. Жұма мен жексенбі аралығын сыртқы келбетін жөнге келтіруге арнаған дұрыс. Ал жексенбі – нағыз шабыт сыйлайтын күн.
Егіздер. Оларды әлеуметтік мәселелер аз қызықтыратын болады. Жеке өміріне, үй шаруасына, махаббатқа, хоббиге қатысты істермен айналысады. Ал кейбірін қоныс той, құдайы тамақ беріп қонақ шақыру мәселесі күтіп тұр. Сейсенбі мен сәрсенбі – демалу үшін қолайсыз уақыт. Бұл аптада сүйіктіңізбен кездесуге бармаған жөн. Есте негативті оқиға ретінде сақталуы мүмкін. Егер бір қиындыққа тап болса, одан арылу мүмкіндігі сәрсенбі немесе бейсенбі күндері келуі мүмкін. Және тағы да бір қолайсыз күн – сенбі. Тек жексенбі күні егіздердің көңіл күйі көтеріліп, бір нәрсе жасауға құмартады.
Шаян. Бұл 7 күн естерінде ең қиын, жолы болмағандығын ойға салып тұратын апта болады. Басқа жұлдыздарға қарағанда шаяндарға айдың толуы қатты әсер етеді. Ашуланшақ болады. Тіпті, әділетсіз шешім қабылдайды. Сәрсенбі мен бейсенбі жұмыс туралы еске түсіреді. Басшылықпен сөйлесу, мансап жолы, бизнес сынды мәселелермен жүреді. Жұма мен жексенбі күндердің аралығы достарға арналады. Ұжымда жұмыс істеп, өзгелердің қолдауына ие болғысы келеді. Ал жексенбі күні шаяндар үйде жатып, келесі аптаға күш қуат жинайды.
Арыстан. Оларды көруге барлығы ынтық болады. Көпшіліктің алдында беделі артады. Егер арыстан жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізгісі келсе, онда алдында барлық есік ашылады. Бұдан өзге арыстандарды материалды құндылықтар мәселесі мазалайтын болады. Қуаныштарына орай, бұл апта көп табыс пен көп ақша әкеледі. Ал дүйсенбі мен сейсенбіде көңіл күйлері болмайды. Сейсенбі күні көбісі қарызға ақша береді, немесе несие алады. Ең бастысы – олар бұл ісіне өкініп қалмаса болғаны. Сәрсенбі мен бейсенбі – кітап оқуға, жаңа таныстарды жолықтыруға қолайлы уақыт. Бейсенбі мен жұма күні қаржы мәселесінде әбден жолы болады. Сенбі күні жұмысты ойға алып, жексенбіні достарға арнауға кеңес береміз.
Бикеш. Олар Күн мен Шолпанның әсерін сезетін болады. Күн жарық сыйлап, көпшіліктің көзайымына айналуға мүмкіндік береді. Ал мінезіне эгоистік сипат енгізеді. Шолпан сұлулық пен махаббатқа деген құмарлығын арттырады. Дүйсенбі мен сейсенбі күндері саудада жолы болмайды. Сәрсенбі күні серіктестерімен тіл табыса алмай қиналады. Бұдан өзге сұлулық салонына барудың қажеті жоқ. Ал бейсенбі мен жұма – серуендеуге қолайлы уақыт. Оқып, білімді толықтыруға да жақсы. Жексенбі шығармашылықпен айналысып, сүйіктіңізбен кездесуге баруға арналады.
Таразы. Өте белсенді, қызығымпаз, сөзшең болады. Олар ішкі тебіренісімен, білімімен бөлісуге құмартады. Өкінішке орай, көпшіліктің арасында болуға уақыттары жетпейді. Кейбіріне күш немесе тыныштық жетіспей, жалғыз қалуына тура келеді. Сейсенбі мен сәрсенбі күндері алысқа сапар шегіп, жаңа қарым-қатынас орнатуға жағдай туады. Ал сәрсенбі мен бейсенбіде осы іске қатысты қолдау табады. Жұма күні көңіл күйі алабұртып, ойына күдік ұялайды. Сенбі күні жүрген келіссөз ойдағыдай іске аспайды. Есесіне жексенбі ерекше белсенділік пен қуанышқа толы болады.
Сарышаян. Жексенбіге дейін ерекше белсенділік кезеңі болады. Егер бұрын-соңды шеше алмай жүрген жұмыстарыңыз болса, осы уақыт аралығына жоспарлаңыз. Аздап ақша мәселесінде қиындықтар туындайды. Бірақ бұл уақытша ғана құбылыс. Назарыңызды достарыңызға, жаңа таныстыққа аударыңыз. Осының арқасында өміріңізде елеулі деген оқиғалар орын алуы мүмкін. Осы аптада бейсенбі және жұма күндер сіз үшін табысты болады. Сенбі күні бар мәселені өзге сенімді адамға табыстаңыз, ал жексенбіні достарыңызбен қыдыруға арнаған абзал.
Мерген. Негізгі ісі қызметімен тығыз байланысты болады. Сейсенбі күні күш-қуатыңыз тасып тұратындықтан, ең ауыр деген жұмыстарды осы күні орындаған абзал. Артынша жеткен жетістігіңізді сол қалпында ұстап тұруыңыз ғана қажет. Сәрсенбі, бейсенбі күндері демалып алыңыз. Ал жұма мен жексенбіні қайтадан жұмыстарыңызды реттеуге арнаған жөн. Денсаулығыңызды қолға алыңыз. Жексенбіден бастап бірнеше айға жететін белсенділікке ие боласыз. Және алдымыздағы жексенбіде өмірлік жарыңызды табуыңыз ғажап емес.
Суқұйғыш. Суқұйғыштар сары уайымға салынады. Әр кәлләда бір қиял демекші, қиындықтары бір-біріне ұқсамайтын, түрліше болады. Бұл апта жылына бір рет келіп, өзгеріс енгізетін ең қиын апта болады. Әрине, басыңыздан ауыр жағдай өтеді деуге келмес, бар болғаны әдеттегіден сақ болыңыз. Көптен бері мазалап жүрген қорқынышыңыз бен комплекстеріңізді ескеріп, психолог маманға қаралуыңызға болады. Және, үшіншіден, сіз бұрыннан бері аңсап жүрген салаңызға ауысуға мүмкіндік аласыз. Ең сенімді деген қадамдарды сейсенбі күні жасаған жөн. Осы кезде ұстамды болуды ұмытпаңыз.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: rumbur.ru