- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 08.08.2016-14.08.2016...
Жұлдыз жорамал: 08.08.2016-14.08.2016
Әр аптаның өз еншісі бар. Еншіңізді алуға тырысыңыз!
Тоқты
Аптаның басында үйді не жұмыс үстелін ретке келтіріп, жинақтау керек. Мұның бәрі психологияңызға әсер етеді. Керек емес дүниелерді тастап, жаңа дүниелеге орын босатыңыз. Апта соңында құқық бұзушылықтан сақтаныңыз. Жолда жүру ережесін, қоғамдық орында жүру мәдениетін бұзбаңыз.
Торпақ
Торпақтар бұл аптаны махаббат пен шығармашылыққа арнайды. Білім алудың жаңа белестері қол бұлғап тұр. Бала тәрбиесіне мән беретін кез келді. Педагогикалық шеберлігіңіз осы тұста көрініс табуы мүмкін. Әдетте сөйлеп жүріп, отыз екі тістен шыққан сөзге жауап бере алмай қалып жатамыз. Аптаның екінші бөлігінде осындайдан сақ болыңыз.
Егіздер
Егіздер бұл аптада туған-туыстарымен жақын араласып, оларға көмек қолын созады. Демалыс күндері сіз оларды немесе олар сізді қонаққа шақырып, өткен-кеткенді еске алыңыз. Кикілжіңнен, дау-дамайдан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Ашуға тез берілмеңіз. Біраз сабыр сақтап, көпке үлгі бола біліңіз.
Шаян
Шаяндар аптаның басында маңызды сұрақтарды шеше алады. Себебі, олардың зияткерлік танымы арта түседі. Аптаның екінші бөлігінде қиындықтар туындауы мүмкін. Егер үйде үй жануарын ұстасаңыз, оның жоғалып кетпеуіне немесе орынсыз қылық танытуына жол бермеңіз. Денсаулығыңызды сақтаңыз.
Арыстан
Арыстандар болашаққа сеніммен қарайды және сол үшін қаржы қорын ақылмен сақтайды. Жұмыста тасыңыз өрге домалап, материалдық сұрақтар да өз шешімін табады. Ал аптаның екінші жартысында сүйікті адамыңызға барынша көп көңіл бөлуге тырысыңыз. Аптаның соңында ақшаңызға сақ болыңыз. Құмар ойындарға бармаңыз.
Бикеш
Бикештер аптаның басында өзін ойлауы тиіс. Өзін-өзі қалай жетілдіре алады, қалай дами алады? Осы тұрғыда көп ойлануы керек. Көп ақпарат жинап, білім алу ешқашан кеш болған емес. Шығармашылық үшін, махаббат үшін қолайлы кезеңде көптеген істің шыр айналдыруға болады.
Таразы
Таразылар бұл аптада жан тыныштығын сақтауы тиіс. Физиологиялық және психологиялық күйіңізді бірізділікке келтіріңіз. Әдеби кітаптар оқып, психологиядан да біраз еңбектермен танысып, өзіңізді шыңдаңыз. Танымайтын адамдармен араласпауға тырысыңыз. Сіз туралы жалған ақпарат таратып жүрген адамдар аз емес. Олардың кім екенін білсеңіз, бетпе-бет сөйлескеніңіз дұрыс.
Сарышаян
Сарышаяндар аптаның басында оптимисттік көзқараспен жүреді. Мүмкін, мұның бәрі жаңа достардың әсері болар. Әдемі естелік сыйлаған достармен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз. Аптаның соңында қаржылық тұрақсыздықтан шаршауыңыз мүмкін. Өзгеге қарыз бермеңіз, өзіңіз де біреуден ақша алмаңыз.
Мерген
Мергендер бұл аптада жұмыста өте белсенді болады. Кәсіби бағытта шыңдалған Мергендер ойлаған мақсатына жете алады. Ал апта соңында қиындықтарға тап болуы мүмкін, сол себепті, ойға алған істерді аптаның басында шешкен дұрыс.
Тауешкі
Тауешкілер бұл аптада зияткерлігімен көзге түсе алады. Аптаның басында ғылым-білімге деген құштарлық артады. Дәл сол уақытта рухани азыққа молынан кенеледі. Бастысы, көп біліп, көп түсінуге тырысыңыз. Адамдармен танысып, өмірлік көзқарасыңызды өзгертуіңіз мүмкін. Бұл адам сізге жол сілтеп, үлкен жетістікке жеткізуі ықтимал.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар бұл аптада тәуекелге белу бууы мүмкін. Бұл өте қауіпті, бірақ, соңы жемісті болады. Мұның бәрі сезу мен түйсіктің нәтижесінде жүзеге асады. Адам көп жерде және апатты орындарда ұзақ отырмауға тырысыңыз. Той-думандарда, салтанатты кештерде де бір көрініп шыға бергеніңіз абзал болады.
Балықтар
Балықтар бұл аптада барлық адаммен тіл табысуға тырысады. Әркімнің психологиясын оқып, оларды түсінгісі келеді. Айналадағы адамдармен еркін сөйлесіп, олардың ойын алдын ала оқып, мінез-темпераментін тануға тырысады. Бұл – көптің қолынан келе бермейтін іс. Көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде әркімнің ойын оқып, соған қарай бет бұра бастайды.
Г. Берік