Күн мен Марстың түйісуі — бұл аптаның негізгі аспектілері. Мұндай құбылыс екі жылда бір рет қана болады. Осы құбылыстың әсерінен адамдардың белсенділігі артады. Алайда шектен тыс белсенділігіңіз жақын адамдарыңызды ашуландыруы мүмкін.
Тоқты
Бұл аптада жүйкеңіз бен өзіңізді ретке келтіргеніңіз жөн. Табысты болғаныңыз жақсы. Алайда оның барлығы көп күшіңізді шығындап, жан-дүниеңізге кері әсерін тигізуде. Жан мен тәннің өзара үйлесімділікте болғанын қаласаңыз, түбегейлі өзгеруіңізге тура келеді.
Торпақ
Дәл қазір жұмысыңыз бен отбасыңызға көңіл бөлгеніңіз жөн. Олардың қажеттіліктерін өтеуге көмектесіңіз. Көп ақшаға кенелгіңіз келіп жүр. Осы мақсатыңызға жеткен кезде, өзіңізді бақытты сезінетін боласыз.
Егіздер
Сіз шектен тыс белсендісіз. Осы белсенділігіңізді пайдаланудың қажеті жоқ. Бұл аптада маңызды шешім қабылдаудан бас тартыңыз. Керісінше жоспар құрып, іске кірісетін оңтайлы сәтті күтіңіз.
Шаян
Кіріс пен шығынды есептеп, қарыздарыңызды иесіне қайтарыңыз. Мұның барлығы да сізге тек пайдасын тигізеді. Ал аптаның ортасына қарай отбасыңызға көңіл бөліп, болашаққа қатысты жоспар құрыңыз.
Арыстан
Әдеттегідей бұл аптада көп идеяны жүзеге асырғыңыз келеді. Алайда оның барлығының біреу арқылы жүзеге асқанын қалайсыз. Ұйымдастырушылық қабілетіңіз өзіңізге көп көмегін тигізеді. Өкінішке орай, айналаңыздағылармен қарым-қатынасыңыздың бұзылуына себепші болады.
Бикеш
Қызметте жолыңыз болып, барлығымен қарым-қатынасыңыз жақсы болады. Аптаның ортасына қарай болашақта көп көмегі тиетін беделді тұлғалармен жолығасыз.
Таразы
Дәл қазір — жақсылап көңіл көтеретін уақыт. Достарыңызбен жиналып, көкке шығыңыздар. Мұнымен қатар, сізге ақшалай сыйақы беріледі.
Сарышаян
Махаббат мәселесінде жолыңыз болады. Өмірлік жарыңызды жолықтырасыз. Бұған дейінгі адамдарды толықтай ұмытасыз. Бұл жолы өткен өміріңіздегі қателіктерді жібермеуге тырысыңыз.
Мерген
Майда-шүйдеге бола уайымдамаңыз. Бұл аптада жүзеге асатын оқиғалар сізді тәртіпке шақырады. Түймедейді түйедей етпей барлығына дұрыс баға беріңіз.
Тауешкі
Аптаның алғашқы бөлігінде әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыңызға мән беруіңізге тура келеді. Уайымдамаңыз, барлық шаруаны реттейсіз. Аптаның ортасына қарай түйсігіңізге сенім артыңыз. Артық мақтанудан сақтаныңыз.
Суқұйғыш
Апта іші қызықты оқиғаларға толы болады. Барлығы өзен ағысындай өз ретімен жүреді. Жеке пікіріңіз басқа болса да, айтылған кеңестерге міндетті түрде құлақ асыңыз.
Балықтар
Аптаның алғашқы бөлігінде қырағылық танытыңыз. Себебі артыңыздан өсек сөз айтылуы мүмкін. Аптаның ортасына қарай сізді тойға шақырады. Осы сәтте ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін жақсылап ойланыңыз.