- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 07.09.2015...
Жұлдыз жорамал: 07.09.2015 - 13.09.2015
Өткен іске өкінбеңіз. Мұны сабақ деп біліп, екінші рет қателеспеуге тырысыңыз. Біз тәжірибеміз көп болған кезде ғана кемелдене түсеміз.
Тоқты
Жұлдыздар дәл қазір жұмыстың барлығын шетке ысырып, тек шығармашылықпен айналысуға кеңес береді. Таза ауада серуендеп, белгілі бір спорт түрімен айналысыңыз. Жақын күндердің бірінде сүйіктіңізді қуантасыз. Туған-туысқандарыңызға да көңіл бөлуді ұмытпаңыз.
Торпақ
Айналаңыздағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайсыз. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыңызды жақсартуға тырысыңыз. Ал демалыста ауылға барып, күшті тағамдар жеңіз. Күнделікті жейтін асыңызға сақ болыңыз, уланып қалуыңыз мүмкін. Мал, үй жануарлары, құс, балық дегендерді сатып алмаңыз. Оларға қарауға уақытыңыз болмайды. Алыс елге жол жүрмеңіз.
Егіздер
Ісіңізден сөзіңіз көп болады. Осының салдарынан алысқа саяхаттап, жаңа адамдармен танысасыз. Мүмкіндік болса, достарыңыздың ұсынысынан бас тартпаңыз. Заттарыңызды жылдам жинастырып, саяхатқа аттаныңыз. Кез келген қиындықты шешуге достарыңыз көмектеседі. Сүйіктіңізге ауыр сөздер айтпауға тырысыңыз. Ол дәл қазір қиналып жүр.
Шаян
Отбасыңыздың шаңырағы шайқалып, берекесі кетеді. Бұл жас жұбайларға қатысты. Қандай жағдай болмасын, жанжал шығармауға тырысыңыз. Ақшаңызды отбасыңыздың қажеттіліктеріне жұмсаңыз. Ұстайтын диетаңызды дұрыс таңдауға тырысыңыз.
Арыстан
Дәл қазір жоспарларыңызды жүзеге асырып, мақсатыңызға жететін уақыт. Әсіресе білім алу мәселесіне келгенде. Спорттық секцияларға жазылып, сыртқы келбетіңізді ретке келтіріңіз. Өміріңізде өзіңіз күтпеген өзгерістер болады. Оның барлығы да сізге қуаныш сыйлайды.
Бикеш
Өкінішке орай, ақшадан қысылып, қатты қиналасыз. Бар ақшаңызды біреуге сыйлық алуға немесе мерекелік кеш ұйымдастыруға жұмсауыңыз мүмкін. Ақшаңыздың жоқтығы сүйіктіңіз екеуіңіздің қарым-қатынастарыңызға кері әсерін тигізеді. Ол қымбат киімдер киіп, қымбат дәмханаларда отырғысы келеді.
Таразы
Жұлдыздар осы апта ішінде барлық арман-мақсатыңызды жүзеге асыруға кеңес береді. Қандай жағдай болмасын, төзімді болыңыз. Барлығын тек сабырмен жеңе біліңіз. Өзіңізді ғана ойлай беретін болсаңыз, туыстарыңызбен байланысыңыз үзіледі. Дәл қазір әлеуметтік желі арқылы жаңа адамдармен танысатын уақыт. Сүйіктіңіз қатты қиналып жүр. Оған қолдау көрсетуге тырысыңыз.
Сарышаян
Жұлдыздар алыс елге саяхаттауға кеңес береді. Жол жүрген сайын жаман күндеріңіз артта қалады. Бейтаныс адамдармен сырыңызбен бөлісуге асықпаңыз. Себебі олар сіздің сөзіңізді өзіңізге қарсы қолданады. Көп ұзамай қызметте жолыңыз болып, биік белестерді бағындырасыз.
Мерген
Сіз саяхаттағанды жақсы көресіз. Шетелге жолыңыз түсіп жатса, білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Қарызға ақша бермеңіз және алмаңыз.
Тауешкі
Бастығыңызбен сөзіңіз жараспай, қатты қиналасыз. Оның пікірімен келіспейсіз. Пікіріне қарсы шығасыз. Алдыңыздан кездескен кедергілерді айналып өтуге тырысыңыз. Мақсатыңызға жете алмай қиналасыз. Сүйіктіңіздің жалақысы өсіп, отбасында береке орнайды.
Суқұйғыш
Дәл қазір сүйіктіңізбен сөзіңіз жарасып, барлығы ойдағыдай болады. Екеуіңіз мақсаттарыңызға бірге жетуге тырысасыздар. Пайдасы тиер жандармен жолығасыздар. Заң қызметкерлерімен сөзге келмеуге тырысыңыз. Жағдай ушығып кетуі мүмкін.
Балықтар
Ақшаны босқа шығындамаңыз. Банктен несие алмаңыз. Техниканы пайдаланған кезде абай болыңыз. Өзіңіздің біліктілігіңіздің арқасында көп жетістікке жетесіз.
Күндеріңіз сәтті өтсін!
Қ. Бүйенбай