- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 06.10.2014-12.10.2014...
Жұлдыз жорамал: 06.10.2014-12.10.2014
Адам баласы пенде болғандықтан, амалсыздан сізді алдауға мәжбүр болатын сәттері болады. Сондықтан, бар болғаны әр ісіңізге мұқият болыңыз.
Тоқты. Бұл аптада басшыларыңыздың өтінішіне мұқият болыңыз. Мұнымен қатар, оларды бұлжытпай орындағаныңыз өзіңізге жақсы. Ал өзіңіздің қалауыңызды шетке ысырыңыз. | ||
Торпақ. Жұлдызнамаңыз ашу үстінде асығыс шешім қабылдамауыңызға кеңес береді. Өйткені, мұның салдары жаман болуы мүмкін. Айтпақшы, көмекті де ақылмен көрсеткеніңіз абзал. Бұл аптада, тіпті, осы мәселеге де мұқият болғаныңыз жөн. | ||
Егіздер. Жаңа танысқан адамыңызға бизнес жоспарларыңызды айтуға асықпаңыз. Ақша тыныштықты жақсы көретінін білесіз ғой. Ұстамдылық танытып, бастапқы жоспармен жүруге тырысыңыз. | ||
Шаян. Күшіңізді болмашы істерге жұмсамаңыз, назарыңызды ауқымды жұмыстарға бағыттаңыз. Барлығы ойдағыдай болса, көптен күткен үлесақыңызды да аласыз. | ||
Арыстан. Ескі қарыздарыңызды қайтарыңыз. Мұның уақыты келді. Несие берушілерге алғыс айтуды ұмытпасаңыз, олар сізге барынша көмектеседі. Тіпті, үстеме пайызсыз несиеңізді жабуға рұқсат береді. Және маманнан кеңес сұрауға қысылмаңыз. Бұл жолы олардың рекомендеулері сізге көп септігін тигізеді. | ||
Бикеш. Барлығы аз-аздан болсын. Яғни, уақыт пен күшті бірдей мөлшерде жұмсаңыз. | ||
Таразы. Осы аптада өзіңізге де, айналаңыздағыларға да дұрыс баға беріңіз. Қоршаған ортада болып жатқан үрдісті әсірелеудің немесе керісінше толық бағаламаудың қажеті жоқ. | ||
Сарышаян. Алдымыздағы аптаның 7 күні де мәңгілік есіңізде қалады. Әр күн тосын сый дайындайды. Өкінішке орай, кейбір тосын сый көңіліңізге жақпауы мүмкін. Сондықтан, ұстамдылық танытыңыз. | ||
Мерген. Артық қимыл жасаудан сақ болыңыз. Бұл күндерде рахатқа бөленуге тырысыңыз. Тіпті, бір нәрсе кедергі жасаса да, мән бермеңіз. | ||
Тауешкі. Бұл аптада жұмысыңыз тым көп болады. Өзіңіз үшін ғана емес, сүйіктіңіз үшін де жұмыс істеуіңізге тура келеді. Жұлдыздарыңыз соңына дейін шыдап бағуға кеңес береді. | ||
Суқұйғыш. Өз ісіңізбен ғана айналысыңыз. Көмек сұраған жағдайда ғана қол ұшын беріңіз. Осы апта ішінде сұраған адамға ақыл-кеңес бермегеніңіз абзал. Берген жағдайда қате болады. | ||
Балықтар. Жұмысыңызды, бизнесіңізді ауыстыруға таптырмас уақыт. Немесе кезекті демалысқа шығып, жаңа жерлерді аралаңыз. Қазіргі жұмысыңыз табысқа жеткізбейді. |
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай