Жұлдыз жорамал: 06.04.2015-12.04.2015

Жұлдыз жорамал: 06.04.2015-12.04.2015

Өмірдің заңы қатал екені рас. Алайда жаңбырдан кейін әрдайым күн шығатынын ұмытпаңыз. 

Тоқты

Осы апта ішінде өзіңіз күтпеген жаңалық естисіз. Ақпаратты дұрыс қолдана алсаңыз, ісіңіз оңға басады. Туысқандарыңыз өзіңізге қатты сөздер айтып, жанжал шығаратын болса, мән бермеңіз. Әйтпесе жүйкеңіз сыр береді.

Торпақ

Қызметтестеріңіздің арасында беделіңіз артып, дұшпандарыңызды досыңызға айналдырасыз. Қасықтап жинаған абыройыңыз, шөміштеп төгілмесін десеңіз, мойныңызға жауапкершілікті көп артпаңыз. Махаббаттан көңіліңіз қалуы мүмкін. Өмір мұнымен бітпейді. Әлі-ақ бақытты күндер келеді.

Егіздер

Тәкаппарлыққа бой алдырып, көп ақша табу үшін, білек сыбана жұмысқа кірісесіз. Қоғамдағы беделіңізді арттыру үшін барыңызды саласыз. Жақсы таныстарыңыздың арқасында қызметіңізді ауыстырасыз. Махаббат мәселесінде сүйіктіңіздің көңілін қалдырасыз.

Шаян

Осы апта ішінде көңіл күйіңіз болмайды. Алайда барынша қуанышты сәттеріңізді еске түсіруге тырысыңыз. Нашар көңіл күй табысқа жетуіңізге кедергі жасайды. Ал махаббат мәселесінде тізгінді сүйіктіңізге ұстатасыз. Осылайша дұрыс шешім қабылдайсыз.

Арыстан

Ақылға сыймайтын жоспарлар құра бастайсыз. Оларды жүзеге асыруға тырысып көретін болсаңыз, міндетті түрде орындалады. Мұқият орындаған әрбір ісіңіз сізге табыс әкеліп отырады. Ал махаббат мәселесіндегі "табысыңыз" өзіңіздің белсенділігіңізге байланысты болады.

Бикеш

Жан-дүниеңіз тыныштық пен тұрақтылықты ғана аңсап жүргендіктен, осы апта ішінде берілген көп мүмкіндікті жіберіп алуыңыз мүмкін. Өзгерістерден қорықпаңыз. Олар өміріңізді тек жақсы жаққа қарай өзгертеді. Жаңа танысқан адамыңызға байланысты өміріңізге өзгеріс енгізуге асықпаңыз. Себебі ол сіздің көңіліңізді қалдыруы мүмкін. Оны алдымен жақсылап танып алыңыз.

Таразы

Жұмыс істейтін салаңызға қатысты біліміңізді жетілдіре түскеніңіз жөн. Жақын күндерде басшыларыңыз сізге көп талап қоятын болады. Ал олардың талаптарына сай жауап бере алмасаңыз, жағдайыңыз мүшкіл болады. Сүйіктіңізді жалғыз қалдырып отырыңыз. Әйтпесе сізден әбден жалығуы мүмкін. Соңғы күндері оны мезі ететін қылықтар жасап жүрсіз.

Сарышаян

Өз өміріңізге немқұрайлы қарайтындықтан, махаббат мәселесіндегі, қызметтегі қиындықтарды байқамай қалуыңыз мүмкін. Айналаңыздағылардан жанжалдасудан сақтаныңыз. Олар алдағы жоспарларыңызға кедергі жасайды.

Мерген

Қолыңыздан келмейтінін сезсеңіз, көп жоспар құрудың қажеті жоқ. Құрдастарыңыздың сізге қарағанда білімі жоғары болғандықтан, бәсекелестікте сіз жеңіліс табасыз. Ал сүйіктіңізбен қарым-қатынаста эмоцияға ерік бермеуге тырысыңыз.

Тауешкі

Шығармашылыққа бет бұрасыз. Сондықтан қиялыңызға барынша ерік беріңіз. Ал мансабыңызға қатысты мәселелерде тау мен тасты қопарып тастайсыз. Сүйіктіңізден көп нәрсе күтпеңіз. Әйтпесе көңіліңіз қалуы да ғажап емес. Наразылықтарыңыздың санын азайта түскеніңіз жөн.

Суқұйғыш

Осы апта ішінде күтпеген оқиғалар жүзеге асады. Бақытсыз, өзіңізге тіс қайрап жүрген адамдардан сақтаныңыз. Олар сізді және біліміңізді жаман мақсатта пайдаланулары мүмкін.

Балықтар

Апта бойы жолыңыз болады. Барлық қиындықты оңай өткеріп отырасыз. Бірақ армандарыңыз да дәл осылай оңай жүзеге асады екендеп ойлап қалмаңыз. Алдыңызда ұзақ өткелдер күтіп тұрғандықтан, сабырлы болыңыз.

Күндеріңіз сәтті өтсін!

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай