Жұлдыз жорамал: 05.09.2022-11.09.2022

Жұлдыз жорамал: 05.09.2022-11.09.2022
Фото: Josh Rangel, unsplash.com

Апта тенденциясы — сізге деген сыртқы әлем назарының артуы. Егер көмек керек болса, бұл аптада оны оңай ала аласыз.

Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір

Дүйсенбі оқу істеріне, алыс сапарларға және заңды мәселелерге, сондай-ақ жұмыспен байланысты сұрақтарды шешуге қолайлы. Бірақ кей жоспарланған әрекеттерді тоқтата тұру керек болады. Жоспарларыңызды қайта қарастырғыңыз келуі мүмкін. Денсаулығыңызды бақылауда ұстау қажет, әйтпесе, ауырып қалуыңыз мүмкін.

Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр

Апта қандай да бір қиындықтардан басталады. Көңіл күйіңіз нашарлауы мүмкін немесе өмірдің қандай да бір саласында түбегейлі өзгерістер болуы мүмкін. Балаларыңызбен қарым-қатынаста қиындықтар туындауы мүмкін. Дұрыс танымайтын немесе әрекеті «біртүрлі» көрінген адамдармен абай болыңыз. Жалпы бұл аптада сізге біраз салмақ түседі. Егер мүмкіндік болса, демалыс алыңыз.

Егіздер
21 мамыр – 20 маусым

Жалпы бұл апта ауыр өтуі мүмкін. Кей адамдармен сөзге келуіңіз де мүмкін. Апта басында айналаңыздағы адамдармен келіспеушіліктер болғанымен, бар назарыңыз жұмыста болады. Бұл аптада тәуекел ету арқылы қалаған мақсатыңызға жете аласыз.

Шаян
21 маусым – 22 шілде

Шаяндардың жеке өмірде көңілі қалуы мүмкін. Мойындаңыз, ұзақ уақыт бойы өзіңізді бәрі жақсы деп көндіріп келесіз. Ал шын мәнінде ол шындыққа жанаспайды. Проблеманы түбегейлі шешуден қорықпаңыз.

Арыстан
23 шілде – 22 тамыз

Арыстандар барлық артық нәрседен — күмән, қорқыныш және қиялдан арылады. Бұл апта қаржылық сұрақтарды шешуге қолайлы. Содан соң көптен күткен еркіндік сезімі пайда болады.

Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек

Бұрын басқа адамдардың қызығушылықтарын менсінбеген бикештер «бумеранг» ұстап алады. Бұл жағдайдан дұрыс шешім шығаруға тырысыңыз.

Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан

Осы апта бойы тек өз пікіріңізді басшылыққа алыңыз. Азғырушы уәделерге алданбаңыз. Қандай да бір іске оң нәтиже береріне  сенімді болсаңыз ғана кірісіңіз.

Сарышаян
23 қазан – 21 қараша

Сарышаяндар бұл күндері бұрынғыдан да тәуелсіз бола түседі. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, демалуға тырысыңыз: оң энергия қалыпқа келуге көмектеседі.

Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан

Бұл аптада Мергендердің жолы болады: оларға жоғары күштер көмектесіп жатқандай көрінеді. Мақтау, премия, мансаптық баспалдақпен өсу, жеке өмірде сәттілік күтіңіз.

Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар

Тауешкілерді жағымсыз жағдай күтіп тұр: басшылық немесе серіктестер сіздің әрекетіңізді дұрыс емес түсініп, одан қандай да бір құйтырқылық іздейді. Сондықтан әзірге амбицияларыңызды баса тұрыңыз. Жеке өмірде байсалды болуға тырысыңыз.

Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан

Суқұйғыштар ынтасы бұл жұлдыз белгісі өкілдеріне қыржылық сәттілік әкелетіні сөзсіз. Сондай-ақ жақсы сыйлықтар мен тосынсыйлар күтіңіз.

Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз

Балықтар заңдық, қаржылық және қағаз істерімен айналысуы мүмкін: бұл аптада оларды қысқа уақыттың ішінде бітіруге мүмкіндік болады. Жалпы кез келген сұрақтарда сіздің шешімдеріңіз дұрыс болады.

А. Жапатова