Өткен өмірге өкінудің еш пайдасы жоқ. Сондықтан, Жаңа жылда барлығын басынан бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Тоқты. Өмірлік мақсаттарыңызды айқындап, жоспарларыңыз жазылған тізімді жаңартатын кез келді. Орындалмас армандарды шетке ысырыңыз. Осы тұста жақындарыңыздың пікірін де ескергеніңіз жөн. Жаңа көлік алғыңыз келіп жүрген сияқты. Оң нәтижеге қиналып жүріп қол жеткізесіз. Сіздің есебіңізде тамақтануды жөн көретін достарыңыздың арқасында қаржылай қиындыққа тап боласыз. Сүйіктіңізбен көптен бері сөзіңіз жараспай жүр. Сондықтан, демалыс күндері оны кездесуге шақырғаныңыз жөн. Физиологиялық денсаулығыңызбен қатар психологиялық денсаулығыңызға назар аударғаныңыз дұрыс. Тәніңізге таза ауада серуендеу майдай жақса, жаныңыз достарыңызбен сырласу арқылы рахаттанбақ. Шақырған жерден қалмаңыз және армандарыңызбен бөлісіңіз. Бұл аптада сатып алған затыңыз керегіңізге жарайды. Бағасы сапасына сай болады. Егер ақшаңыз жетпесе, жұлдыздар қарыз алуға кеңес береді.
Торпақ. Осы апта ішінде белсенділікті төмендеткен жөн. Өйткені, асығамын деп қателік жіберуіңіз мүмкін. Ұйқыңызды қандырып, жақсылап демалып алыңыз. Болашаққа жоспар құру барысында бірнеше нұсқаны қатар қоюды ұмытпаңыз. Мақсатыңызды өзгертетін жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. Жұма және жексенбі күндері позитивті болуға тырысыңыз. Қиял әлемімен қош айтысып, шынайы өмір сүруді жөн көресіз. Сыйларыңыз жараспай сүйіктіңізбен айырылысуларыңыз ғажап емес. Жөтеліп жүргеніңізге бей-жай қарамаңыз.
Егіздер. Аптаның алғашқы бөлігінде басыңызға түрлі идея оралады. Мүмкіндіктердің көп болатындығы соншалық, арасында таңдау жасауыңызға тура келеді. Сол кезде жақын адамыңыздың пікіріне құлақ асыңыз. Ал, аптаның ортаңғы бөлігінде үй шаруасымен айналысуға мәжбүр боласыз. Ғашығыңыз сіз күткендей әрекеттер жасамайды. Табыспайсыздар және айырылыспайсыздар. Алдымыздағы апта жүрек-қан тамырлар ауруын емдеуге таптырмас уақыт болмақ. Жұлдыздар міндетті түрде денсаулығыңызға байланысты мамандарға жолығуға кеңес береді. Артық салмағыңыз болса, одан да арылғаныңыз жөн.
Шаян. Бір сәтке көзіңізді жұмып, жүрегіңіздің дүрсілін тыңдап көріңіз. Оны ести салысымен өмірдің ағынын, тіршіліктің қайнап жатқанын сезінесіз. Орындау мүмкіндігіңіз болмайтындықтан, ешкімге уәде бермеңіз. Әлін білмеген әлек болады демекші, атан түйеге өзі көтере алатын жүкті ғана артқан жөн. Жұлдыздар ескі қиындықтарыңыз өз шешімін табатындығын баян етуде. Махаббаттың шарайна секілді нәзік сезім екенін білетін шығарсыз. Сондықтан, барлығын қайта қалпына келтіремін деп әуреге салынбаңыз. Достарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың сөзін тыңдамаңыз. Сізді жаңа махаббат хикаясы күтіп тұр. Өзіңізді тыңдаңыз. Дәл қазір ағзаңызда қандай өзгеріс болып жатқанын анықтайтын уақыт келді. Сіздің қай жеріңіз ауырып жүр? Сұрақ қойып, оның жауабын іздеңіз.
Арыстан. Барлығы сіздің қолыңызда еместігін мойындайтын сәт келді. Өзге адамдардың пікіріне де құлақ асып, топпен жұмыс істеп жүргендігіңізді түсініңіз. Бейсенбі, сенбі күндерге жоспарлағаныңызды ысырып, үй шаруасымен айналысқаныңыз жөн. Өзіңізді ұсқынсызбын деп ойлап жүрсіз. Алайда, бұл ойыңыз қате. Одан да сүйіктіңізден сізді не үшін жақсы көретіндігін сұраңыз. Бұл аптада салауатты өмір салтын ұстанып, таза ауада көп жүруіңізге тура келеді. Қыдырыңыз, коньки тебіңіз. Мүмкіндік болса, Медеу, Шымбұлақ сынды көркем жерлерге барыңыз. Мұнымен қатар, атқа мінудің де пайдасы зор болмақ.
Бикеш. Салдары жаман болатындықтан, бұл аптада асығыс шешім мен ашуға бой алдырудан аулақ болған жөн. Жақын адамыңызға құпияны әзірге айтпаңыз. Өйткені, материалдық, рухани құндылықтарға байланысты көзқарасыңыз өзгеруі мүмкін. Жаныңыз жаңа сезімге құмартуда. Қалыпты қарым-қатынастан эмоцияға берілуді жөн көресіз. Жаңа адамдармен таныссаңыз да, олармен тағдырыңызды біріктіруге асықпаңыз. Зиянды әдеттермен күресіңіз. Себебі, осы аптада кез келген қиындыққа қарсы тұра алатындай күш-қуатқа ие боласыз. Жұлдыздар жақсы нәтижеге уәде беретіндіктен, істі кейінге қалдырмаңыз.
Таразы. Көңіл көтеріңіз, қыдырыңыз, демалыңыз. Саяхатқа аттаныңыз, ауылда сарғая күтіп отырған ата-әжеңізге барып қайтыңыз. Өзіңізбен бірге шана ала барыңыз. Жалған романтикаға алданып қалмаңыз. Сенбі – жақсы таныстық үшін таптырмас күн. Сіз спортпен айналысып, салауатты өмір салтын жүргізуге дайынсыз. Бірақ, тым көп шұғылдану арқылы денсаулығыңызға зиянын тигізіп алмаңыз. Эксперименттерден аулақ болыңыз. Сіздің мақсатыңыз – өзіңізге зиян келтіру емес.
Сарышаян. Көпшіліктің көзайымына айналғыңыз келсе, жұмбақ жан болып көрінуге тырысыңыз. Шығармашылықпен айналысуға уақыт тауып, философиялық кітаптар оқыңыз. Сәрсенбі күні түйсігіңізге сеніп, ешкіммен ренжіспеңіз. Сүйіктіңіздің қолы босамаса да, жалғыз жүрмегеніңіз абзал. Өзіңізді күтіңіз. Осы аптада жүйкеңіз сыр беріп, күйзеліске ұшырауыңыз мүмкін. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Шығармашылықпен, спортпен айналысуға уақыт табыңыз.
Мерген. Бұл апта көп іске нүкте қоюға себепші болады. Көп мүмкіндікті жіберіп алғаныңыз үшін өкінбеңіз. Өткенді өзгерту қолыңыздан келмесе де, оған деген көзқарасыңызды өзгерте аласыз. Ақылды емес, жүрегіңізді тыңдаңыз. Отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Ағзаңызда түрлі бактерия мен микроорганизм көбейіп, денсаулығыңызға кері әсерін тигізуде. Сондықтан, мерзімі өткен косметикаларыңызды қоқысқа тастап, тіс щеткаңызды ауыстырыңыз. Тоңазытқышты да тазалауды ұмытпаңыз. Кеңістікті жақсылап желдетіңіз.
Тауешкі. Мақсатына жетпесе тынбайтын жанға айналуға тырысыңыз. Арманыңыздың орындалатындығына өзгеден бұрын өзіңіз сеніңіз. Қателіктеріңізді анализдеп, алға қадам басыңыз. Дәл қазір өзгелердің де мақсатын жүзеге асыруға көмектесе аласыз. Махаббат сезімінің тәртіпке бағына қоймайтындығын ескеріңіз. Қандай жағдай болмасын, көңіл күйіңіз түспесін. Әрине, жасап жүрген істеріңіз сіз күткендей нәтиже әкелмеуі мүмкін. Десе де, өткен іске өкінгеннен пайда жоқ. Психолог маманға қаралып, ішіңізге жиналған ауыртпалықтың барлығын сыртқа шығарыңыз.
Суқұйғыш. Осы аптада еңбегіңіздің жемісін жейсіз. Бойыңыздағы күш-қуатыңыз спортпен айналысуға да, жақсылап көңіл көтеруге де жетеді. Алайда, күдікті іспен шұғылданудың қажеті жоқ. Себебі, нар тәуекелге барамын деп қолыңыздағы бақыт құсын ұшырып алуыңыз мүмкін. Жұма сіз үшін сәтті күн болмақ. Шектен тыс белсенділігіңіз сезімдеріңізге кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан, шешім қабылдау мәселесін сүйіктіңізге қалдырыңыз. Сәрсенбі күні романтикалық кездесуге барасыз. Ал, жексенбіде жалғыз қалып, ойыңызды жинақтау мүмкіндігіне ие боласыз. Аяғыңыз қақсап, мойныңыз ауыруы мүмкін. Сол себепті, ақшаңызды аямастан SPA рәсімдерге барыңыз.
Балықтар. Апта ішінде шығармашылыққа уақыт табылады. Мамандардан дәріс тыңдап, бимен айналысыңыз. Бейсенбі, жұма күндері қолыңыздан барлығы келетініне көзіңіз жетеді. Ал, жексенбі күні демалып, таза ауада серуендеген дұрыс. Сүйіктіңізді қатты ренжітесіз. Ал жалғыз жүрген жандар достарымен жиі кездесуге барғандары жөн. Теріңіз бен тырнағыңызға, шашыңыздың саулығына мән беріңіз. Көз тиді, суық тиді сынды диагноздардан аулақ болып, мамандардың көмегіне жүгініңіз. Ұйқыңызды қандырып жүріңіз.
Сурет: rumbur.ru