- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 04.08.2014...
Жұлдыз жорамал: 04.08.2014 - 10.08.2014
Назарларыңызға 04.08.2014 - 10.08.2014 уақыт аралығына арналған жұлдыз жорамал ұсынамыз. Жұлдыздар бұл аптада жұмыстың көп болатынын баяндайды...
Тоқты. Олар көп демалып, сүйіктілерімен жиі жолығып, отбасылық отырыстарда көңіл көтереді. Дүйсенбі күні алданады. Сейсенбі күні алыс жол жүреді. Ал сәрсенбі мен жұма күндері барлық істе бір тылсым күштің көмектесіп жүргенін байқайды. Жұма мен сенбі күндері жанына жайлылық сыйлайтын туысқандарымен жолығады. Олардың қолдауының арқасында аз уақыттың ішінде жетістікке қол жеткізеді. | ||
Торпақ. Олардың ынтасы отбасына бағытталады. Дүйсенбі күні серіктесінің қыңырлығын байқайды. Сейсенбі күні қызметте келісім шарт жасасып, неке куәлігіне қол қоюы мүмкін. Сәрсенбі мен бейсенбі күндері нар тәуекелге бел буады. Осы уақытта жасатқан кішігірім хирургиялық ота сәтті өтеді. Торпақтар жұма және сенбі күндері шетелге барып, алыстан хабар алады. Ал жексенбі күні жұмысқа байланысты жоспар құрады. Ал торпақ балақайлар ата-аналарымен ренжісіп қалуы мүмкін. | ||
Егіздер. Осы аптада үнемі қозғалыста болады. Жаңа адаммен жолығады, тың жаңалықтар естиді. Дәл қазір олардың алға қойған мақсатының жүзеге асуы қоршаған ортасымен тікелей байланысты. Дүйсенбі және сейсенбі күндері күнделікті жұмыстарымен ғана айналысады. Мұнымен қатар көп егіздерге медицинамен бетпе-бет келуіне тура келеді. Егіздер сәрсенбі мен бейсенбі күндері табысқа жету үшін өзге біреулермен серіктес болу керектігін түсінеді. Ал жұма мен сенбі оларға, расымен де, өте қуанышты жаңалық әкеледі. Өкінішке орай, демалыс күндері осы жаңалыққа байланысты азын-аулақ қиындық туындайды. | ||
Шаян. Олар өзгелерді мінезінің жұмсақтығымен, сұлулығымен тамсандырады. Ал айналасындағылар қошемет сөз айтып, мақтайды. Қалағанына қол жеткізуге көмектеседі. Шаяндар эстетикалық талғамының арқасында сәнді киінеді. Дүйсенбі күні көңіл-күйі жақсы болғанмен, демалуға мұршасы болмайды. Ең сәтті демалыс сейсенбі күні болады. Сәрсенбі мен бейсенбі жұмыс көбейеді. Мұнымен қатар осы күндері дәрігерге қаралады. Жұма мен сенбі жаңа серіктестері пайда болады. | ||
Арыстан. Олардың жұмысы, жоспары көп болатындығы соншалық, барлығына үлгеремін деп қатты шаршайды. Бір шетінен қызықты жұмысынан айырылғысы келмейді. Дүйсенбі күні денсаулығының нашарлағанын сезінеді. Сейсенбіні үй шаруасына арнайды. Ал сәрсенбі мен бейсенбі күндері арыстандарды көңілді бастаңғылар күтіп тұр. Жұма және сенбі күндері болашақтағы өмірді өзгертетін үлкен мүмкіндіктер туады. Кейбір арыстандарға қызықты идеялар ойластырады. Демалыс күндері қалағанына қол жеткізу үшін бар күшін салып жұмыс істеуіне тура келеді. | ||
Бикеш. Олар осы аптада ерекше жұмысбасты болады. Адамдармен араласқысы келмегендіктен, кітап оқып, жеке хоббиімен айналысады. Жұлдыздар табиғат аясына барып демалуға кеңес береді. Ал стационарда емделіп жатқандардың жолы болады. Кейбір бикештер өзгелердің құпиясын біліп қояды. Осы аптадағы ең жақсы күндері деп жұма және сенбі күндерді атауға болады. Демалыс күндері жақын адамынан хабар ала алмай қиналады. Ол қиындық кейбір құжаттардың жоқ болуымен байланысты болуы мүмкін. Мұнымен қатар жұлдыздар жол ережесін қатаң сақтауды ұсынады. | ||
Таразы. Олардың осы аптадағы ең елеулі деген оқиғалары достарымен, сыбайластарымен байланысты болады. Мұнымен қатар басшыларымен тіл табысып, мансап жолында ілгерілей түседі. Дүйсенбі күні ақша жетіспеушілігі болады. Бірақ осы жетіспеушіліктің арқасында сейсенбі күні үлкен қаражат табады. Сәрсенбі мен бейсенбі жаңалық пен қызу тірлікке толы болады. Жұма, сенбі күндері үйде болады, ал жексенбі қызықты бастаңғыға барады. | ||
Сарышаян. Дүйсенбі күні олардың жүйкесі сыр береді. Айтқан пікіріне байланысты қоғамда үлкен дау туы мүмкін. Басшыларына алданып, көп жұмыс істейді. Сейсенбі күні түйсігі жақсарғанмен, көңіл-күйі болмайды. Сәрсенбі мен жұма күндері махаббат пен шығармашылықта жолы болады. Демалыс күндері зиялы қауым өкілімен, ата-анасымен жанжалдасуы мүмкін. | ||
Мерген. Олардың қызығушылығы өзгереді. Күнделікті тұрмыстағы әдетін қайталамауға тырысады. Біреу үшін бұл – шетелге саяхат, ал келесі бір адам үшін – философияға, дінге, мәдениетке деген қызығушылық болуы мүмкін. Дүйсенбі күні мақсатқа жету үшін өзгелермен жанжалдасуына тура келеді. Сейсенбі күні күш-жігерінің сарқылғанын сезініп, артынша қайта толысады. Осы энергияның арқасында жұмаға дейін көп мүмкіндіктерге ие болады. Жұма мен сенбі күндері ақша үнемдеулеріне тура келеді. Ал жексенбіде жұмысы көп болады.
| ||
Тауешкі. Олар осы аптада өміріне қауіп төндіретін іспен айналысады. Қандай жұмыс жасаса да, оны жұма күні бастаған дұрыс. Дүйсенбі және демалыс күндері қиындықтары көп болатындықтан, көп күш жұмсауына тура келеді. Сейсенбінің алғашқы бөлігінде достарымен жолығады, ал екінші бөлігінде бойын жылғыздық сезімі билейді. Бұл сезім жұмаға дейін созылады. Жексенбі күні ақшаны ысырапсыз жұмсайды | ||
Суқұйғыш. Олардың бар маңызды оқиғалары жұмыстағы әріптестерімен, сүйіктісімен, туған-туысқандарымен және қоғаммен байланысты болады. Дүйсенбі күні осы адамдармен сөзі жараспауы мүмкін. Сейсенбі мен бейсенбі күндерін достары мен сыбайластарына арнайды. Жұма және сенбі күндері болашақтағы өмірін толығымен өзгертетін құжатқа қол қояды. Жексенбі күні түйсігі көмекке келгенмен, көңіл-күйі нашар болады. Өкінішке орай, аптаның соңында мінезі ұшқалақтыққа ие болып, әріптестерімен ренжіседі. | ||
Балықтар. Олардың жұмысы көп болады. Мұнымен қатар жұлдыздар балықтарға денсаулықтарын күтуге кеңес береді. Біріншіден, дәл қазіргі уақыт емделу үшін қолайлы. Екіншіден, дүйсенбі мен демалыс күндері өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Сәрсенбі мен жұма аралығында балықтардың армандауға мүмкіндігі туады. Армандап қана қоймай, ойлағандарын іске асырады. Шетелге саяхаттауы да ғажап емес. Және шетелдіктермен сөзі жарасады. Ал кейбір балықтар шын мәнінде шығармашылық белсенділікті сезінеді. |
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай