- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 04.05.2015-10.05.2015...
Жұлдыз жорамал: 04.05.2015-10.05.2015
Таңғажайып оқиғалар мен өзгерістерді күтудің қажеті жоқ. Әрине, күнделікті қайталанатын әрекеттерден жалыққан боларсыз. Алайда барлығын басынан бастауға болатынын ұмытпаңыз.
Тоқты
Жұлдыздар осы апта ішінде ойын-сауыққа көп ақша жұмсаудан сақ болуға кеңес береді. Бұл құмар ойындарды жақсы көретін жандарға қатысты айтылуда. Махаббат мәселесінде қиындықтар туындайды. Ал аптаның ортаңғы бөлігінде қаржылай қиындықтарды шешесіз. Қызметте жолыңыз болады. Еңбекқорлығыңыздың арқасында алдыңызға қойған мақсатыңызға жетесіз. Ата-анаңызбен, басшылықпен қарым-қатынасыңыз реттеледі. Достарыңыз сізге демалыс күндері алыс аймаққа бірге қыдыруға ұсыныс айтады. Алайда келісе кетуге асықпаңыз. Суға шомылудан, жаңа адамдармен танысудан сақтаныңыз.
Торпақ
Аптаның алғашқы бөлігінде туысқандарыңыз ойға алғаныңызды жүзеге асыруға кедергі жасайды. Мүмкіндігінше сөз таластырмауға тырысыңыз. Сәрсенбіні күтіп, ойға алғаныңызды қайтадан жүзеге асырып көріңіз. Бұл жолы ешкім де кедергі жасай алмайды. Аптаның соңына дейін барлық істе жолыңыз болады. Алдыңыздан көп мүмкіндіктің есігі ашылады. Алыс сапарда да ісіңіз оңға басады. Мүмкіндік болып жатса, шетелдіктермен байланыс орнатқаныңыз жөн. Ал демалыс күндері достарыңыздың шақырған жеріне бармағаныңыз дұрыс болады.
Егіздер
Аптаның алғашқы бөлігінде бұрын-соңды араласып көрмеген адамдармен жолықпағаныңыз жөн. Олар сіз күткендей әрекет жасамайды. Мұнымен қатар, алдап кетулері де ғажап емес. Өткен өмірі туралы жалған ақпарат береді. Бейтаныс жандарға сырыңызды айтпаңыз. Аптаның ортаңғы бөлігі спортшылар мен экстремалдықты жақсы көретін жандар үшін оңтайлы болады. Жалғыз жүрген егіздер бір сәттік сезімге беріліп, өміріндегі ең үлкен қателікті жасауы мүмкін. Демалыс күндері маңызды шешім қабылдамас бұрын ойланып алыңыз.
Шаян
Аптаның алғашқы бөлігінде қапшығыңыздағы ақшаны тиынына дейін санап отырыңыз. Жұлдыздар қымбат техника сатып алмауға кеңес береді. Аптаның ортасына қарай сізге дәл осындай тауарды арзан бағаға ұсынатын болады. Жарыңызбен бірге кезекті демалысты қайда өткізетіндеріңізді жоспарлайсыздар. Мұнымен қатар, достарыңызбен көңілді кештерде бас қосуға оңтайлы уақыт болып саналады. Демалыс күндері көлік апатына түсуіңіз мүмкін болғандықтан, рөлге отырмағаныңыз жөн.
Арыстан
Өз мүмкіндігін асыра сілтеп бағалайтын арыстандар көп қиындыққа тап болады. Жұлдыздар мойынға артылар міндеттердің санын азайтып, белсенділік танытудан аулақ болуға кеңес береді. Бұл, ең алдымен, қызметіңізге қатысты айтылып жатыр. Ал аптаның ортаңғы бөлігі керісінше жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады. Дәл қазір – қиын сұрақтардың жауабын іздейтін уақыт. Үйді жөндеу жұмыстарымен айналысыңыз. Осылайша көңіл күйіңіз көтеріледі. Аптаның соңына қарай достарыңызбен жүздесуден, көңілді кештерге барудан бас тартыңыз. Әйтпесе айналаңыздағылар сіздің оғаш қылықтарыңызды дұрыс бағаламауы мүмкін. Артынша бармақ тістеп қаласыз.
Бикеш
Аптаның алғашқы бөлігінде құпияның бетін ашамын деп әуре болмаңыз. Қызығушылығыңызға бола өзгелердің ісіне араласпаңыз. Керісінше әрекет жасар болсаңыз, заңды бұзып, түрмеге түсуіңіз де ғажап емес. Спорттық жарыстарға қатысып, алыс елге саяхаттаңыз. Өкінішке орай, демалыс күндері сүйіктіңізбен ренжісесіз. Қызғаншақ мінезіңіз жарыңызды мезі етіп жібереді.
Таразы
Ойын-сауық орталықтарына барамын деп уақытыңызды босқа шығындайсыз. Нәтижесінде ақшасыз қалып, жан-дүниеңіз құлазиды. Сіз үшін тыныштықтан артық көмекші жоқ. Үлкен кісілерге құрмет көрсетіп, қамқорлық танытыңыз. Демалыс күндері ағзаңыз вирустық инфекцияға төтеп бере алмай, қатты ауырасыз. Өзге науқастардан ауру жұқтырып алу қаупі бар болғандықтан, мүмкіндігінше адам көп жерге бармағаныңыз жөн.
Сарышаян
Аптаның алғашқы бөлігінде қиындықтарға тап боласыз. Кез келген істе жолыңыз болмай қиналасыз. Сол себепті маңызды шешім қабылдамас бұрын бірнеше күн бойы мұқият ойланып алыңыз. Ал аптаның ортаңғы бөлігінен бастап жолыңыз болады. Сүйіктіңізбен кез келген мәселені талқылаудан қорықпаңыз. Екеуіңіз міндетті түрде бір шешімге келесіздер. Демалыс күндері жарыңыз сізді қатты қызғанатын болады. Қандай жағдай болмасын, өзіңізге күмән келтіруге мүмкіндік бермеңіз.
Мерген
Аптаның алғашқы бөлігінде қызметте қиындықтар туындайды. Басшылық сізге біліктілігіңіз жетпейтіндей тапсырма беруі мүмкін. Мұның барлығы сіздің абыройыңызға дақ түсіреді. Мұнымен қатар, алыс елге саяхаттамай қоя тұрғаныңыз да жөн. Бұған дейін денсаулығыңызға дұрыс көңіл бөлмей жүрген болсаңыз, медициналық тексеруден өтетін уақыт келді. Аптаның соңына қарай сүйіктіңізбен сөзіңіз жараспай, отбасылық өмірде қиындықтар туындайды. Сіз оған талапты тым жоғары қоясыз. Сол себепті барынша түсіністікпен қарауға тырысыңыз.
Тауешкі
Аптаның алғашқы бөлігінде тақырға отырасыз. Бұл несие алуды жоспарлап жүрген жандарға қатысты айтылуда. Аптаның ортасына қарай сүйіктіңізге деген сезіміңіз қайта күшейіп, ол үшін тау мен тасты қопаруға дайын боласыз. Кішкентай балалармен тіл табысып, ұстаздық қызметке орналасуыңыз да ғажап емес. Бауырларыңызды ертіп қуыршақ театрына, циркке баруыңызға болады. Демалыс күндері денсаулығыңыз сыр береді. Вирустық инфекциялардан сақтаныңыз.
Суқұйғыш
Аптаның алғашқы бөлігінде серігініңіз айтқаныңызға көнбейді. Сол себепті бұл уақыт ішінде онымен маңызды мәселелерді талқыламағаныңыз жөн. Бірнеше күн күте тұрыңыз. Аптаның ортасына қарай ренжіскен адамдарыңызбен татуласасыз.
Балықтар
Денсаулығыңыз нашарлайды. Мұның барлығы қызметіңізге әсер етеді. Жоспарлаған жұмыстарыңыз орындалмайды. Ауыр заттар көтермеңіз. Табысты болғыңыз келсе, жаңалықтардан хабардар болып отырыңыз. Таныстарыңыздан көмегіңізді аямаңыз. Олар да өз кезегінде сізге қол ұшын созады.
Күндеріңіз сәтті өтсін!
Қ. Бүйенбай