Жұлдыз жорамал: 04.04.16 - 10.04.16

Жұлдыз жорамал: 04.04.16 - 10.04.16
Фото: gorod.lv

Армандар орындала ма? Оның орындалуы не орындалмауы оған артылған сенімге байланысты. Сенімдеріңізді жоғалтпаңыздар.

Тоқтылар апта басында сақ болғаны дұрыс. Біреудің сөзіне ермегені жөн. «Жылтырағанның бәрі алтын емес» дегенді есте ұстау қажет. Ал апта ортасында оларды қаржылай тосынсый күтіп тұр. Ол ұмтылып кеткен қарыз не атқарған еңбегіне қарай берілген қаржы болуы мүмкін. Жұлдыздар апта соңында бір істің басында өз ойына берік болуын болжайды. Әйтпесе, сол істі өзіңізге жүктеп жіберуі мүмкін.

Жаңа орынға барғанда сізді бөтен деп қабылдайды. Сол үшін алаңдамаңыз, өзіңізге сеніңіз. Апта ортасында осыған дейін құпия болып келген жайттың сырын ашасыз. Апта соңында шешілмей жүрген сұрақтың жауабын естисіз. Сол жауапқа сәйкес өткенге есеп беріп, болашаққа жаңа мақсат қою керек.

 Егіздер

Болашақ туралы көп ойлау қажет. Кезекті демалыстың қалай өтетіні туралы, келген қаржыны қалай жұмсайтыныңызды жоспарлау керек. Апта ортасында маңызды кездесуге қатысуыңыз мүмкін. Ал апта соңында дүкен аралап, сауда жасауға шықсаңыз, ақшаңызды үнемдеп ұстаңыз.

Шаян

Апта басында күш алып, жұмысқа білек сыбана кірісезіз. Дегенмен, тау қопаруға әлі ерте. Амалдап, уақыттың тиімділігін қадағалаңыз. Қолдан келмейтін жұмысты мойынға алудың қажеті жоқ. Апта ортасында алдағы уақытта пайдаңызға жарар бір хабар аласыз. Ал апта соңында қала сыртына не басқа жаққа демалысқа шықсаңыз болады.

Өзіңізге деген сенімділік табыстың кілтін ашады. Әріптестеріңізбен, басшылықпен қарым-қатынасыңыз нығая түседі. Мансапта ілгерілеушілік барын айтып, сізге тың жобалар ұсынуы мүмкін. Егер дау туа қалса, қарсыласыңызды көп сынамаңыз. Айналадағы жақындарыңыз бен достарыңыз сізге шығармашылық тұрғыда қолдау көрсетеді. Ойыңыздағы ұсақ-түйекті ысырып тастаңыз, бәрі ойдағыдай болады.

Таразы

Бұл аптада жасаған әр ісіңіз сізді алға жетелейді. Жұмысқа деген сүйіспеншілігіңіз бен ынтаңыз артып, потенциалды күш жинайсыз. Апта ортасында да саяхат жасап, сапар шегіңіз. Қызығушылықтарыңыз туралы өзге адамдарға айтпағаныңыз дұрыс. Ал апта соңында тыныштықта қалған жөн.

Позитивті көңіл күй ешкімге артық етпесі белгілі. Күліп жүріп қана жетістікке жетесіз. Шығармашылыққа көптеп көңіл бөліңіз. Апта басында қомақты қаржыға ие боласыз. Ал апта соңында достарыңыздың қолдауына ерік беріңіз. Өзіңізге демалыс жариялап, санаңызды бір тынықтырып алыңыз.

Әр сөзіңізге мұқият болыңыз. «Он пәленің тоғызы – тілден» дегенді жадыңыздан шығармаңыз. Әңгіме арасында бұрын айтқан сөзіңіз өзіңізге қарсы жұмсалуы мүмкін. Апта маңызды оқиғаларға толы болмақ. Әр істі бастамас бұрын бас-аяғын ойланып алыңыз. Сіз ойлап жүрген мәселелерді тез шешетін амалмен ойланып көріңіз. Көмекшілеріңіз көп болса да, орындалатын жұмыстың барысын өзіңіз құрастырыңыз.

Сіз өте ақылдысыз, сол себепті орнымен қалжыңдайсыз. Жақындарыңызбен сөзге келмес үшін өз пікіріңізді тежей тұрған абзал. Жұмыста сабырлы болыңыз. Демалыста үй тірлігімен айналысып, мәселелерді ойламауға тырысыңыз. Үй тірлігімен айналысқаныңыз мақтаусыз қалмайды. Әсіресе, сенбі күні үйде болғаныңыз жақсы.

Суқұйғыш

Қандай іс бастасаңыз да, заңмен әрекет етіңіз. Ережелерге бағынып жүрсеңіз, артық мәселелерден де ада боласыз. Уақытыңыз да үнемделеді. Ортаңызда мәртебеңіз артады. Апта ортасында сізден көмек сұрай келген жандардың қолын қайтармағаныңыз абзал. Апта соңында жаңа адамдармен танысып, өзіңізді танытуға күш салыңыз.

Балықтар

Жақсы нәрселерді ғана ойлаңыз. Сонда ғана өміріңізді жарқын бояумен бояй аласыз. Аяқ астынан ойлаған жоспарларыңыздың өзгеруі әбден мүмкін. Тірлікті сөзбен емес, іспен дәлелдеңіз. Олай болмаған жағдайда, мәртебеңізге сын түсуі мүмкін. Әр нәрсенің өз уақыты бар: өз идеяларыңызды бұл аптада ешкімге айтпағаныңыз дұрыс. Апта соңында табиғат аясына шығып сергіңіз, маңызды кездесулерді кейінге қалдырыңыз. Одан да туыстарыңызбен, достарыңызбен сөйлесіңіз.

Г. Берік