- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 02.11.2015...
Жұлдыз жорамал: 02.11.2015 — 08.11.2015
Ұтымды мүмкіндіктердің аз берілетінін ескеріп, шешім қабылдауда батыл болуға тырысыңыз. Әйтпесе арада 10-20 жыл өткен соң, қатты өкініп қалуыңыз мүмкін.
Тоқты
Осы аптада дүниетанымыңыз бен өзіңіз туралы ойыңыз өзгереді. Жақын достарыңыз дұшпаныңызға айналса, кеше ғана сізді ұнатпай жүрген жандар жақыныңызға айналады. Аптаның алғашқы бөлігінде қатты шаршайсыз, ал екінші бөлігінде жаныңызға жақын жұмыстармен айналысасыз.
Торпақ
Сізде барлығы ойдағыдай болады. Алдыңыздан кедергілер шықса да, оларды оңай өткеріп отырасыз. Аптаның алғашқы бөлігінде сізге жұмысқа байланысты ұсыныс түседі. Табандылығыңыз бен шешім қабылдай білуіңіздің арқасында алдыңызға қойған мақсатыңызға жетесіз. Ал аптаның екінші бөлігінде аздаған қиындық туындайды.
Егіздер
Алдыңызға қойған мақсатыңыздың не екенін білмей, адасасыз. Әріптестеріңізден көңіліңіз қалып, олардың сынын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Ал аптаның екінші бөлігінде жан дүниеңіздің тыныштығын ойлап, үйіңізді ретке келтіргеніңіз жөн.
Шаян
Айналаңыздағылармен тіл табыса алмай, қатты қиналасыз. Жақындарыңызбен ренжісіп, олардың тарапынан көп сын естисіз. Жұмыста сізге тиесілі сыбағаны басқа әріптестеріңіз алып қояды. Сіздің көңіліңізге жағу қиынға соғады.
Арыстан
Табандылық танытсаңыз ғана, белгілі бір нәтижеге қол жеткізесіз. Аптаның алғашқы бөлігінде ұйқыңыз қанық, ойыңыз сергек болады. Бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіп отырасыз. Аптаның екінші бөлігінде адамдардың жан дүниесіне үңіліп, оларға түсіністікпен қараңыз. Бірақ кей адам сіздің бұл мінезіңізді пайдаланып кетуі мүмкін. Сондықтан сақ болыңыз.
Бикеш
Осы аптада алдыңызға қойған мақсаттарыңызды жүзеге асыруға көмектесетін адамдармен жолығасыз. Тіпті, әріптесіңізге ғашық болып, оған өз сезіміңіз туралы айтуыңыз мүмкін. Егер қызметіңізді ауыстырсаңыз, жаңа әріптестеріңізбен оңай тіл табысып, өмірлік достар табасыз.
Таразы
Өзгелердің ұсынысын қабылдау арқылы өміріңізді түбегейлі өзгертуіңіз мүмкін. Сондықтан сақ болыңыз. Аптаның алғашқы бөлігінде өткен өміріңізге баға беріп, майда детальдарға назар аударасыз. Сырт көзге қатты адам болып көрінсеңіз де, іштей мұңайып жүретін боласыз.
Сарышаян
Қиын сәттер көп болады. Бірақ қуаныштысы одан да көп болады. Бұл аптада өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, қолыңыздан көп нәрсенің келетінін байқайсыз. Белгілі бір спорт түрімен шұғылдануыңызға болады. Ол жан тыныштығын қамтамасыз етеді.
Мерген
Бұл апта сізден төзімділік пен жинақылықты талап етеді. Салқынқанды мінез танытсаңыз, табысқа қол жеткізесіз. Егер бір рет болсын эмоцияңызға ерік берсеңіз, ұзақ жылдар бойы құрастырған дүниеңізден айырыласыз. Білім алып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіңіз.
Тауешкі
Достарыңыз бен әріптестеріңіздің арқасында көп нәрсеге қол жеткізесіз. Оларды ойланбастан жеке шаруаларыңызға кірістіруіңізге болады. Дәл қазір шешімді батыл қабылдайсыз. Өмірлік жарыңызды жолықтыруыңыз мүмкін.
Суқұйғыш
Бұл апта сіз үшін ойдағыдай өтеді десек те болады. Алдыңыздан кездескен қиындықтарды оңай өткеріп, олардан сабақ аласыз, көп тәжірибе жинайсыз. Достарыңыз бен әріптестеріңіз көп игі істер жасайды. Беделіңізді арттыру мүмкіндігі де туады. Дәл қазір қаржыға байланысты қиындықтарды шешетін уақыт.
Балықтар
Өзіңіз ұнатпайтын адамдармен жүздесіп, олармен тіл табысуыңызға тура келеді. Мұнымен қатар, хабарыңыз жоқ салады жұмыс істеп, қатты қиналасыз. Ал аптаның екінші бөлігінде жұлдыздар барынша сабырлы болуға кеңес береді.
Күніңіз сәтті өтсін!
Қ. Бүйенбай