Әлемді махаббат қана құтқарады. Айналадағы адамдарға жылы шыраймен қарайық!
Тоқты
Бұл аптада жұмыс, қаржы және жылжымайтын мүліктерге қатысты сұрақтар туындауы мүмкін. Кірістерді көбейтіп, шығындарға сақ болған дұрыс. Сауда жасап, өзіңізге қажет заттарды сатып алған дұрыс. Мұның өзі адамға рахат сыйлары анық. Қаржы тұрғысында пайда болған мәселелер тез шешіледі, бірақ бұл сізге ендігіде зор сабақ болады. Аптаның екінші жартысында денсаулығыңызға көңіл бөлуге тура келеді. Медициналық тексеруден өтіп, аурудың алдын алу керек. Спортпен айналысқан соң, бойыңыздағы қуаттың артқанын сезіне бастайсыз.
Жұлдыздар бұл аптада Торпақтар өздеріне көңіл бөлуі тиіс деп жориды. Шығармашылықпен айналысып, өзіңізге деген сенімділікті арттыру керек. Өз-өзіңізді бағалай алуыңыз керек. Өзімшілдікке салынбаңыз. Аптаның екінші жартысында батыл қадам жасап, жаңа достар тауып, ортаңызды кеңейтесіз. Тосынсый, сыйлық, махаббат жолында ұсыныс күтіп тұр. Апта ортасында қаржылық мәселелерде тәуекелге бармаңыз, ешкімге ақша бермеңіз де, ешкімнен ақша алмаңыз.
Егіздерге бұл аптада демалыс тапшы. Өткен аптадағы қауырт істер мен аяқ асты пайда болған мәселелер оларды қатты шаршатқан болуы мүмкін. Қуаты таусылған бойыңызды қалыпқа келтіру үшін тыныштық керек. Бір аптаға демалыс алып, тыныққан дұрыс. Жиі душ қабылдап, тынығыңыз. Ішкі үндестікті арттыру үшін кітап оқып, жай әуен тыңдаңыз. Сонымен қатар, бұл апта – келесі аптаға жоспар құру үшін қолайлы кезең. Серігіңізбен сөзге келуден қашыңыз.
Шаяндар бұл аптада ерекше күйге бөленеді. Достарының арасында беделі артып, жолдастарымен кездесулерге шақырту алады. Өзіңізге жайлы орта іздеңіз, жақын әрі жақсы көретін адамдармен қарым-қатынасты үзіп алмас үшін олар шақырған жерден қалмау керек. Мақсаты бір достардың ойы да – бір. Қоғамда пікірін еркін айта алатын ортада сақ болған жөн. Аптаның басында жаңа таныстық орнатасыз. Аптаның басты мәселесі жұмыстағы техникалық келеңсіздіктер болуы мүмкін. Денсаулығыңыға сақ болыңыз.
Арыстандар осы аптада өзгелерден өзіндік пікірімен ерекшеленеді. Бұл жағдай сіздің әлеуметтік не кәсіби дәрежеңізбен байланысты. Мысалы, жұмыста қызметтік дәрежеңіз артуы мүмкін. Шығармашылық байқауда жүлделі болуыңыз да ғажап емес. Яғни, бұл аптада жетістікке жетіп, өзгелерді таңғалдыра аласыз. Ата-анаңыз және басқа да беделді адамдар сіздің бұл жетістігіңізбен мақтанады. Аптаның басты мәселесі махаббат майданында болмақ. Істің байыбына бармай, бірден шешім қабылдаудан сақ болыңыз.
Бикештер бұл аптада айналада болып жатқан оқиғаларға қызығушылықпен қарайды. Білімге деген құштарлығы артады. Бұл құштарлық осыған дейін бұйырмаған шыңды бағындыруға көмектеседі. Шетелде білім алушыларға бұл аптада тіл меңгеруге қолайлы сәт болмақ. Аяқ астынан сізге үлгі болатын тұлғамен танысасыз. Оның болашақ бағытты таңдауға берген ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз. Өзіңізге рухани тәрбие алыңыз. Аптаның екінші жартысында романтикалық танысу күтіп тұр. Бұл аптаның басты мәселесі ата-ана және туған-туыстармен қарым-қатынаста. Сол себепті, аңдап сөйлеген дұрыс.
Бұл аптада Таразылар үшін үш ұйықтаса да түсіне енбеген жағдай болуы мүмкін, бірақ бұл жағдай олардың өміріне оң әсерін тигізеді. Жұлдыздар сол жағдайды осыған дейін шешуге батылы жетпеген мәселенің күрмеуі ағытылады деп жориды. Бұл апта – Таразылар үшін жаман әдеттен тыйылуға қолайлы кезең. Оның орнына жақсы әдетке үйрене бастайды. Достармен, таныстармен, көршілермен суық қарым-қатынас – ағымдағы аптаның басты мәлесесі болмақ.
Бұл апта Сарышаяндар үшін өте сәтті апта болмақ. Махаббатта жолы ашылып, тәтті сезімнің иесі атануы мүмкін. Көңілді саяхат, мейрамға толы апта тірліктен шаршаған Сарышаяндарға демалыс сыйлайды. Ақшаны көп жаратпай, ақылмен жұмсаған дұрыс деп жориды жұлдыздар. Апта соңында қаржы жағынан тарылуы мүмкін. Күнделікті керек-жараққа ақшасы таусылмас үшін көп шығынға ұшырамау керектігін есте ұстаған дұрыс.
Мергендердің осыған дейін сыр берген ағзасы бұл аптада ерекше қуатқа ие болады. Медициналық тексеруден өтіп, дереу емдеу шараларын жасау керек. Өзінің айығып келе жатқанын сезген Мергеннің денсаулығы одан әрі жақсара түспек. Демалысты пайдаланып, үй тазалағына мән берген дұрыс. Үй жануарын асырап, оған күтім жасауға кедергі жоқ. Көзге көрінбейтін дүниелер үшін сүйіктісімен сөзге келе беретін Мергендерге сабырлылық керек.
Махаббатқа бөленген Тауешкілер үшін бұл апта бақытқа толы болмақ. Қуаныш, шаттық, сыйлық, күлкі, тосынсый – бәрі-бәрі осы аптаның еншісінде. Бұл аптаны алдағы мейрамға арнаған дұрыс, апта мерекелік көңіл-күймен өткені абзал. Концерт, мейрамхана, театр секілді мәдени орынға барып, көңіл көтерген тиімді. Сүйіктісіне әлі жолығып үлгермеген Тауешкілер де бұл аптада бақытқа кенеледі. Жаңа махаббат хикаясының алғашқы бөлімдері жазылмақ. Олардың бұл аптаны шығармашыққа арнағаны дұрыс. Мерекені достармен өткізетін Таушекілер туған-туыстарын ренжітіп алмауы керек.
Бұл аптада Суқұйғыштар отбасындағы барлық жағдайға қуанышпен қарайды. Туғандардың жанында болу оларға жайлылық сыйлайды. Оларға қамқор болып, көмек көрсетуден ләззат алады. Үйге қонақа келіп, уақытты көңілді өткізеді. Көктем мезгілі болған соң, Суқұйғыштарға уақытты бау-бақшада өткізген тиімді. Әулеттің құнды жәдігерлерін қарап, кішкентайларға мұра екенін ұғындырған абзал. Жұлдыздар бұл аптада жаңа адамдармен танысуды артық деп есептейді.
Бұл аптада Балықтар айналадағы адамдармен байланысын арттыра түседі. Адамдармен танысып, қоршаған ортаға, қоғамға деген ойы өзгере бастайды. Достармен телефон арқылы не мейрамханада сөйлескеннен біраз ақпарат жинайды. Жаңалықтардан да құр қалмайды. Адамдардың көмегімен, кеңесімен басты мәселелерді шеше алады. Бұл аптаның басты мәселесі – қаржыға тіреледі.