Бұл аптада Шолпан мен Уран планеталарының сыртқы пішіні бірдей қалыпқа түседі. Бұл өз кезегінде әр жүректе махаббат сезімінің тұтануына әсер етеді.
Тоқты
Осы апта ішінде барлық мәселені ақылға салып шешеді. Дәл қазір – кемелдене түсуге ұмтылатын уақыт. Болашағына қажет ақпаратты игеріп, ақыл–парасат деңгейін көтеруге тырысады. Берілген тапсырмаларды мұқият орындайды. Физикалық жаттығулармен белсенді түрде айналысады. Өзгелерге шын мәнінде ұнағысы келсе, сұлулық салонына барып, фитнеске жазылғандары жөн. Ішімдік ішуден бас тарту арқылы үлкен жанжалдың алдын алады.
Торпақ
Аз уақыт жақындарынан алыстай тұрғандары жөн. Той-томалаққа барған кезде жайсыз оқиғаларға тап болып, ұятқа қалады. Өзімен бірге барған достарына белгілі бір себептерге байланысты күдікпен қарайды. Ал сабырлы торпақтардың жолы болады.
Егіздер
Өздерін маман ретінде таныту мәселесінде қиындықтар туындайды. Басшылықпен сөзі жараспай біраз қиналады. Мұнымен қатар, оларды жағымсыз әрекеттер жасады деп айыптаулары мүмкін. Жаман атты қылу үшін сырттарынан өсек сөз айтылады. Осы апта ішінде лауазымы жоғары адамдармен танысады. Ал достарымен қарым-қатынасы нығая түседі. Мақсаттастарын кездестіріп, жақсы адамдармен жолығады. Бұдан өзге шығармашылықпен бірге айналысатын адамдардың жанында жүру арқылы көп мүмкіндіктің есігін ашады.
Шаян
Қоғамдағы беделі артады. Көпшіліктің көзайымына айналатындай оқиғаға тап болады. Бұл оқиға жетістіктерімен тікелей байланысты болуы мүмкін. Аталған оқиғаның арқасында қоғамдағы дәрежесі көтеріліп, беделді тұлғалармен танысады. Ата-аналарының қолдауына ие болып, қаржылай қиындықтардан құтылады.
Арыстан
Жұлдыздар арыстандарға сақ болуға кеңес береді. Себебі, қаржылай қиындыққа тап болып, дене жарақатын алулары мүмкін. Мұнымен қатар, саяхатқа аттанып, білімдерін толықтыру мүмкіндігіне ие болады. Саяхаттау кезінде таңғажайып романтикалық оқиғаны бастарынан өткереді. Осыған орай арыстандар өзіне барынша сенімді болуы керек.
Бикеш
Бикештердің қаржылай қиындықтары реттеледі. Банктегі шоттарына көп ақша түсуі мүмкін. Өздеріне осыған дейін қолдау көрсетіп жүрген туысқандарына толықтай сенім артуларына болады. Несие алуға байланысты мәселелер де оңай шешіледі. Жалғыз жүрген бикештер өмірлік жарын жолықтырады. Ал сүйіктісі бар бикештер оларға күмәнмен қарайды. Нәтижесінде сүйіктісін қызғанады.
Таразы
Дәл қазір – серіктестерін табуға таптырмас уақыт. Ал отбасылы жандар сүйіктісінің мінезі өзгергенін байқайды. Мұнымен қатар, арадағы сезім оты қайта ұшқындағандай әсерге бөленеді. Сүйіктісінің бойынан бұрын-соңды байқамаған қасиеттерді көріп, қайта ғашық болады. Ал жұмыста жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылады.
Сарышаян
Физикалық денсаулықтарының жақсарғанын байқайды. Жаттығу залы мен бассейнге жазылғандары жөн. Егер денсаулықтарына қатысты қандай да бір қиындықтарды байқаса, уақытты созбай медициналық тексеруден өткендері дұрыс. Әріптестерімен қарым-қатынасы жақсарып, жұмыс істеу қабілеті артады. Ал ғашық жандардың жағдайы қиын болмақ. Себебі, сүйіктісінің өзіне деген сезімі қандай екенін ажырата алмай дал болады.
Мерген
Сүйіктілеріне деген сезімдері күшейіп, ерекше ұстамдылықтарымен көзге түседі. Ата-анасымен, отбасы мүшелермен сөзі жараспайды. Олар өз кезегінде мергендердің қолдауынан бас тартады. Шығармашылықпен, спорт жаттығуларымен белсенді түрде айналысқандары жөн.
Тауешкі
Жұлдыздар отбасында болып жатқан қиындықтарға мән беруге кеңес береді. Үйді безендіру сынды жұмыстармен айналысқандары жөн. Жол апаты болу мүмкіндігі жоғары болғандықтан, көлікке отырмауға тырысқандары дұрыс. Ал жаңа таныстықтан әзірге бас тартуларына тура келеді.
Суқұйғыш
Қаржылай қиындыққа тап болады. Бұл тұрмыстық зат сатып алумен байланысты болуы мүмкін. Бұл жолы өздері ойлағаннан да көп қаражат жұмсайды. Саяхаттау мен білімдерін толықтыруға мүмкіндік алады. Жаңа адамдармен байланыс орнатады. Бар қиындығын таныстары арқылы шешеді. Мұнымен қатар, жұлдыздар келіп түскен ақпаратқа сенбеуге кеңес береді.
Балықтар
Дәл қазір басшылықтың жұмысын тап-тұйнақтай етіп орындағандары жөн. Осылай жасаған жағдайда жалақылары көтеріліп, сыйақы алады. Қиындыққа тап болған сайын адасады. Ситуацияға дұрыс баға беру қасиетінен айырылады.
Сурет: cluber.ua