Алдағы апта қызықты сәттерге толы болмақ. Көңіл күйіңіз жайсыз болса да, шығармашылықтан, жұмыстан, адамдармен қарым-қатынастан жақсы әсер аласыз. Өмірге жаңаша көзқараспен қарап, адамзатқа пайдасы тиетіндей идеялар ойлап табу мүмкіншілігіне ие боласыз.
Тоқты. Бірден жоспарларыңызды өзгертуге кіріспеңіз. Аптаның алғашқы бөлігінде туысқандарыңыздан немесе сүйіктіңізден жақсы хабар естисіз. Жұмысқа қатысты маңызды мәселелелерді басшыңызбен немесе жаңа әріптестеріңізбен талқылайсыз. Ал студенттердің сабақ кестесіне өзгеріс еніп, құрдастарымен кешкі отырысқа барады. Шығармашылықпен айналысатын жандарға жұлдыздар жұмыс кестесін ретке келтіруге кеңес береді.
Торпақ. Туысқандық қарым-қатынастардың маңызы арта түседі. Аптаның екінші бөлігінде отбасы мүшелерімен, әріптестеріңізбен жиын өткізесіз. Оқиғаның қай бағытта жүзеге асатынына әсер ете алмайсыз. Сіздің келісіміңізді алмай, жәй ғана мән-жайдан хабардар етуі мүмкін. Басшыңыз кешкі мезгілде хабарласып, маңызды келісім шарт ұсынады. Үй отағасын тосын сый күтіп тұр. Ата-аналар баласымен арадағы қарым-қатынасты ретке келтіріп, жұмыс кестесін қалыпқа келтіргендері жөн.
Егіздер. Таңертеңгі мезгілде жалқауланып, төсектен тұрулары қиынға соғады. Ой еңбегін талап ететін жұмыстар мен іскерлік кездесуді кешкі мезгілге қалдырған жөн. Жақсы идеялар тек осы кезде ғана туындайды. Нақты цифрлар мен фактілер көмекке келеді. Көңіліңізді білімге, құжаттарды ретке келтіруге жұмсағаныңыз жөн. Ал балалы отбасылардың олардың тәртібіне назар аударуына жұлдыздар кеңес береді.
Шаян. Өзіңізге ыңғайлы күн тәртібін бастаңыз. Ағзаңызды мүмкіндігінше қинамауға тырысыңыз. Таңдаған мамандығыңыз бен ақшаға қатысты мәселелерге аптаның екінші бөлігінде назар аударыңыз. Азық-түлік сатып алуға кешкі мезгілде барғаныңыз жөн. Ата-аналарға балаларына сыйлық жасауға жұлдыздар кеңес береді.
Арыстан. Ой жинақтап, ашушаңдық мінезден арылу үшін жалғыз қалғандары жөн. Қиын мәселелер мен жұмыс процесіне кешкі мезгілде назар аударыңыз. Осы апта ішінде барлығымен тіл табысып, үнемі жолыңыз болады. Махаббат мәселесінде эмоциядан гөрі, санаға ерік бергеніңіз жөн.
Бикеш. Стратегияны кешкі мезгілде құруға кеңес беріледі. Көп босаңсымаңыз. Осы уақытқа дейін алған тәжірибеңізге сүйеніп, жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға жұлдыздар кеңес береді. Бағдарламашы, қаржыгер, әкімгерлердің күндіз ғана емес ұйқы кезінде де милары жақсы жұмыс істейді.
Таразы. Дәл қазір қиын-қыстау кезеңде жүрсіз. Алдыңыздан көп қиындық шықса да, оларды қасқайып тұрып қарсы алыңыз. Мақсатыңыздан алыстамаңыз. Жұмысыңыз бір орында тұрып, ақпарат жетіспеушілігі туындайды. Жеке адамның пікіріне қарағанда ұжымның сөзі қолдауға ие болып кетуі мүмкін. Сондықтан ақиқат сөз неге айтылмады деп ренжімеңіз. Достардың көмегі көп таразыға қажет болады. Баяндама, фуршет, қойылым сынды көпшілік қатысатын жиындарға баруыңызға тура келеді. Махаббат пен достықтың ара-жігін ажыратқыңыз келсе, ешбір эмоциясыз қимылдағаныңыз жөн.
Сарышаян. Қалаған ісіңізбен күннің алғашқы бөлігінде айналысасыз. Қызығушылығыңыз басқа арнаға ауыса бастайды. Бұл басшылықтың немесе ата-анаңыздың айтқан сөздерімен байланысты болуы мүмкін. Бос сөзге, өзіңізді шаршататын жұмыстарға уақыт құртпаңыз. Өзіңіз үшін маңызды дүниелерге назар аударып, міндетіңізді дұрыс атқаруға тырысыңыз.
Мерген. Таңертең көңіл күйіңіз болмай, жұмыс істеу қабілетіңіз төмендейді. Кешкі мезгілде кітап оқуға, құжаттарды ретке келтіруге, бағдарламаға назар аударыңыз. Бұрын-соңды ойға алған мақсаттарыңыз енді ғана жүзеге асады. Маңызды сұрақтардың жауабын іздеңіз. Жасаған жұмысыңызды тағы да бір рет тексеріп шығуға еш нәрсе кедергі бола алмайды, әрі бұл әрекетіңіздің пайдасы мол. Шетелге шығу мүмкіншілігіне ие боласыз.
Тауешкі. Күніңіз қалай басталса, көңіл күйіңіз аптаның соңына дейін сол қалпында жалғасады. Жұмыс пен жақындарыңызбен қарым-қатынас алдыңғы қатарға шығады. Достарыңызбен көрісуге мүмкіндік туады. Осы апта ішінде жалғыздыққа құмартып, көп ойдың жетегінде жүресіз. Ақшаға қатысты шешімдерді қабылдауда абайлаңыз.
Суқұйғыш. Осы апта ішінде жіберген қателеріңізбен жұмыс істейсіз. Бұлай әрекет жасауыңызға болашаққа қатысты жоспарларыңыз әсер етеді. Ол жоспарларды да толығымен қайта құрасыз. Ескі таныстарыңызбен қарым-қатынасты жақсарта түскеніңіз жөн. Аптаның алғашқы бөлігінде бизнестегі серіктестеріңізбен, сүйіктіңізбен сөзіңіз жараспай қалады. Бірақ сүйіктіңіздің сөзіне құлақ асуға тырысыңыз. Демалыс күндерге бір нәрсе сатып алуды жоспарлаңыз.
Балықтар. Ешкім мазаламағанын жөн көресіз. Мүмкін осылайша ой жинақтағыңыз келетін шығар. Психологиялық әдебиеттерді көбірек оқыңыз. Әрі осы апта ішінде көпшіліктің алдына шығып сөз сөйлеуіңіз мүмкін. Жан дүниеңіз өзі аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізеді. Ал аптаның екінші бөлігінде өзіңізді жайсыз сезінесіз. Демалыс күндері сырт келбетіңізді ретке келтіруді ұмытпаңыз. Сұлулық салонына барыңыз. Сіздің жаңа имиджіңізді достарыңыз қуана қабылдайды.
Сурет: rumbur.ru