Жұлдыз жорамал: 01.12.2014-07.12.2014

Басыңа қонған бақтың қадірін ұшқан кезде ғана білесің демекші, өмірлік жарыңызды жолықтыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. 

 

Тоқты. Аталған жұлдыз иелері сейсенбі күні қуанады. Егер кездесуіңіздің сәтті өткенін қаласаңыз, осы күнді таңдаңыз. Ал бейсенбі мен жұма күндері өздігінен жолыңыз болады. Еш нәрсе істеудің қажеті жоқ. Тамаша кездесуді, өмірлік жарыңыздың жолығуын, тұрмысқа шығуға ұсыныс сындыларды күтіңіз. Сізге тек жолыңыздың болғыштығына сенбеуіңіз ғана кедергі болуы мүмкін. Сондықтан әр қуаныштың артында үлкен қайғы тұрады деген ойды шетке ысырыңыз. 

   

Торпақ. Аптаның алғашқы күндерінде серігінің айтқандарына құлақ асқандары жөн. Бір қарағанда үнсіз жүргендей көрінуі мүмкін, алайда қарым-қатынастарыңыздың болашағы сүйіктіңіздің қолында. Өкінішке орай, жұма күні сүйіктіңіз көңіліңізге қаяу түсіреді. Осыған орай шешім қабылдайтын кезде торпақтар түйсігі мен тілегіне құлақ асса, серігі логикасы мен есепке сүйенуді жөн көреді. 

   

Егіздер. Дүйсенбі күні сүйіктіңізбен маңызды тақырыптарды талдамағандарыңыз жөн, әйтпесе сізге өтірік айтуға мәжбүр болады. Ал жалғыз жүрген жандар бейтаныс адамның сөзіне сенбеңіздер. Сейсенбі күні кішігірім қуанышқа ие боласыз. Жұлдыздар отбасылық өмірге деген алғашқы қадамды бейсенбі және жұма күндері жасауды ұсынады. Өмірлік жарыңызды жолықтырасыз. Сүйіктісі бар жандар олардың арқасында табысқа қол жеткізеді.

     

Шаян. Серіктері сезімдерінің беріктігіне көз жеткізген соң тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Ал серігіңіз салқын қабақ танытып, қарым-қатынас дұрыс дамымай жатқанын байқаған болсаңыз, сейсенбі күні жанжалдасуларыңыз мүмкін. Бұл жанжал болмашы себепке байланысты туындайды. Жұма күні кездесуден бас тартқан жөн. Сүйіктіңіздің өзіңіз үшін бір нәрсе жасағанын қаласаңыз, мұны жұмаға дейін орындауын өтініңіз. 

   

Арыстан. Дүйсенбі күні сүйіктіңіздің кездесу барысында айтқан сөздеріне сенбегеніңіз. Мұнымен қатар махаббат хатында жазылған сөздер де жалған болып шығуы мүмкін. Махаббатта жолыңыз болсын десеңіз, бейсенбі мен жұма күндерін күтіңіз. Сенбі күні махаббатқа байланысты ерекше тосын сый болады. 

     

Бикеш. Дүйсенбі күні жаңа қарым-қатынас бастаудың мәні болмайды. Мұнымен қатар уәде берудің қажеті жоқ. Сүйіктіңіздің алдауы ғажап емес. Сондықтан сақ болыңыз. Сәрсенбі күні таңертең жанжал орын алса, бейсенбі күні болмашы дүниелерге бола алаңдайсыз. Қуанышыңызға орай, жұма күні барлығы реттеле бастайды. 

     

Таразы. Аптаның алғашқы бөлігінде ерекше сезімталдыққа ие болады. Жұлдыздар таразыларға эмоцияға ерік бермеуді ұсынады. Ал бейсенбі мен жұма күндері арадағы қарым-қатынаста үлкен өзгеріс болады. Таразылар бірінші ұсынысқа, немесе бейтаныс адамның ұсынысына келісе салуы мүмкін. Артынан опық жемес үшін қарсы алдыңыздағы адамды жақсырақ тануға тырысыңыз.

     

Сарышаян. Дүйсенбі күні болатын кездесуден бас тартып, оны сәрсенбіге көшірген жөн. Бірақ сезімнен бас айналып, шешімді ақылға салып қабылдауға мүмкіндік болмайтындығын ескеру керек. Қуанышпен аяқталатын ертегідей басталғанымен, сенбі күні көп нәрседен көңіліңіз қалады. Сол себепті сәрсенбі күні тамаша өткен кездесуден үміт күтпеген жөн. Кейбір сарышаяндарға серіктері бейсенбі мен жұма күндері махаббатын дәлелдеп қуантады. 

     

Мерген. Жеке басына қатысты мәселелерді талдауда ерекше қырағылыққа ие болады. Мұнымен қатар сұлулығына қызығып, көпшілік кездесуге шақыратын болады. Ал серігі бар мергендер сүйіктілерінен тоқтаусыз айтылған қошемет сөздер естиді. Осындай қарым-қатынастың арқасында мергендер дүйсенбі күні кешкі мезгілде болатын майда қиындықтарды оңай өткереді. Десе де бұл күні кездесуге бармаған жөн. Ал бейсенбі мен сенбі аралығында махаббат мәселесінде үлкен өзгеріс болады. Жұлдыздар қандай жағдай болмасын ұстамдылық танытуыңызға кеңес береді. 

    Тауешкі. Олардың жақсылап демалып, сәрсенбі мен жұма күндерінің аралығында кездесуге баруға мүмкіндіктері болады. Дәл қазір тауешкілер үшін махаббат мәселесі бірінші емес, екінші емес, тізімнің ең соңында тұр. Бұлай жалғаса беретін болса, отбасылық өмірден құр қалуыңыз мүмкін. Сондықтан осы апта ішінде жолығатын бейтаныс адамның сезімін қабылдауға тырысыңыз.     


Суқұйғыш. Жалғыз жүрген жандарға өмірлік жарын жолықтыру мүмкіндігі туады. Ол мүмкіндіктің білінбестігі сонашлық, жіберіп алуы да ғажап емес. Уайымдамаңыз, себебі бейсенбі, жұма күндері зор табысқа қол жеткізесіз. Ал отбасылы суқұйғыштар сүйіктілерінің табысына қуанады. Мұнымен қатар сүйіктілері армандарын жүзеге асырады. 

    Балықтар. Олардың көбісі аптаны бір қарқынмен, тыныш өткізеді. Бұл өмірлік жарын таңдап үлгерген жандарға қатысты айтылып жатыр. Бейсенбі мен жұма күндері жақсы хабар естисіздер. Олар дұрыс таңдау жасағандарына күн сайын көз жеткізетін болады. Мұнымен қатар ойламаған жерден мансап жолында жоғарылайды.

 

Сурет: rumbur.ru