Жұлдыз жорамал: 01.09.2014 - 08.09.2014

Жұлдыздар ойға алғаныңызды алдымыздағы қаңтар айына дейін жүзеге асыру үшін маңызды жұмыстармен айналысып, күзді қуанышпен қарсы алуға кеңес береді. 

 

Тоқты. Жұлдыздар тоқтыларға осы аптада көңілдегі шарасыздықпен, жабырқау сынды жағымсыз сезіммен жұмыстың көмегімен күресуді ұсынады. Жұмыс үстеліңізді немесе кабинетіңізді тек жайлы етіп емес, мұнымен қатар жұмыс істеуге қызықты болатындай етіп безендіруге кеңес береді. Мысалы, жақын адамдарыңыздың суретін іліңіз, жаңа сувенир алыңыз. Қажет болса компьютерді планшетпен алмастырыңыз. Заманауи техника алдыңызға қойған мақсатыңызды ойдағыдай жүзеге асыруға көмектессін. 

   

Торпақ. Осы аптада олар армандарын жүзеге асыра алады. Өзі жасап үлгермеген маңызды жұмыстарды уақытында орындауға достары мен әріптестері көмектеседі. Жоспарларыңыз міндетті түрде орындалады, тек жабырқамай, жүрегіңізді тыңдаңыз. Басыңыздан өтіп жатқан қиын қыстау кезеңде көптен бері жолықпаған адамыңыз көмектесуі мүмкін. 

   

Егіздер. Алдағы келе жатқан мерекелер мен күнделікті энергияға толы болу үшін жұлдыздар кішігірім кезекті демалысқа шығуға кеңес береді. Әдетте, барлық қызметкерлер, студенттер мен оқушылар үшін 1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсан аралығы өте қиын кезең. Осы аралықта қолға алған барлық жобаны 90% күш жұмсаудың арқасында ғана орындай аласыз. Ал қалғанын өзіңізге, жақындарыңызға арнауға болады. 

     

Шаян. Жұлдыздар осы аптада әріптестеріңізге мұқият зер салу керектігін айтады. Олардың ішінде кейбірі сіздің алға жылжуыңызға кедергі жасауы мүмкін. Ұжым болған соң сын көзбен, өзіңізге қарата айтылған пікір де бар. Егер әріптестеріңіз жұмыс орнында жарыс ұйымдастырудың қажеті жоқ екендігін, жалақыны бәрібір де барлығы бірдей алатындығын айтса, өзіңізді көрсетуден қорықпаңыз. Өйткені, сіздің болашағыңыз тек сіздің ғана қолыңызда. Бастықтар белсенділікті ұнатады, олай болса, неге қызметте жоғарылауға әрекет жасап көрмеске?

   

Арыстан. Жұлдыздар өзіңізге тек жағымсыз әсерін тигізіп, үнемі ұрысып жүретін жандардан бас тартуға кеңес береді. Әрине, жақын адамдарымызға көмектесіп, қол ұшын созуымыз керек, бірақ үнемі орынсыз сын айтып, біздің дәрежемізді түсіріп қалуға ұмтылатын жандарды ұнатпасақ, олармен жолығудың не қажеті бар? Әркім өзіне ұнайтын досты таңдауға құқылы. Достыққа адал болу керек, бірақ ол адалдық екі жақтан да қолдау табуы тиіс. 

     

Бикеш. Басшылықпен жұмсақ сөйлесіңіз. Өйткені, сіздің болашағыңыз тікелей сол адамдардың қолында тұр. Өзіңізге ғана тән пікірдің бар екеніне біз де қуанамыз, алайда сол пікіріңізді дәлелдейтін істі де көрсете біліңіз. Бір нәрсе ұнамаса, орнына екінші бір нәрсені ұсыныңыз. Яғни, қарсылығыңыздың себебін түсіндіріп отыруды ұмытпаңыз. 

     

Таразы. Жұлдыздар жұмыс орнын дәл қазір ауыстыруға кеңес береді. Күз барлық жұмыстың бастау алып, қыс айының басына дейін орындауға мақсаттар қоятын мезгіл. Қазірден бастап бірнеше нұсқасын қарастырып, жазда немесе көктемде басқа жұмысқа ауысқаныңыз абзал. Бұрынғы жұмыс орныңызда қала беретін болсаңыз, күш жігеріңіз сарқылуы мүмкін. Жұмысқа байланысты сайттағы хабарландыруларды да оқып көріңіз. 

     

Сарышаян. Жұлдыздар осы аптада әріптестеріңіздің қателігін мойныңызға алмауға кеңес береді. Көмектескен жақсы, алайда өзгенің қателігін арқалау арқылы мансабыңыздың ілгерілеуіне кері әсерін тигізуіңіз мүмкін. Бұдан өзге үнемі сөгіс ала беретін қызметкер көп ұзамай жұмыстан да шығып қалуы ғажап емес. 

     

Мерген. Ситуацияға баға берер кезде көпшіліктің пікіріне қолдау көрсетпестен, өзіңіздің ойыңызды жүйелеп алыңыз. Әсіресе, бір әріптесті барлығы ұнатпайды екен деп, сіздің де қарсы шығуыңызға болмайды. Тек қиындықтарды үлкен адамдар ретінде сөзбен шешуге тырысыңыз. 

 

    Тауешкі. Жұлдыздар ойға алғаныңыздың барлығы орындалады, тек тағы да біраз күш сала түсуіңіз керек. Бір нәрсені түсіндіру қиынға соғатын адамдарға бола уақытыңызды құртпаңыз. Сол кезде әркім өз пікірінде қалады, ал сіздің өміріңіз тыныш болады. Егер сөзіңіздің рас екенін білсеңіз, бірнеше дәлелдер келтіріңіз. Сізбен келіспейтін адам көп ұзамай өзінің қателігін мойындап, кешірім сұрайды.       

Суқұйғыш. Басшылық жұмысқа әдемі киініп келуді талап етпесе де, сыртқы келбетіңізге мән беріңіз. Талғаммен киінетін бойжеткен мен жейдесінің түсін костюммен үйлестіріп таңдай білетін жігіттер әрдайым тартымды көрінеді. Бұл кішкене қулықтар өзіңізді сыйлатуға көмектеседі. 

    Балықтар. Бұрын қызметтес болған адамдармен қарым-қатынасыңызды түзеңіз. Дәл қазір басыңыздан өтіп жатқан қиын кезеңде олар сізге әбден көмектесуі мүмкін. 

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: rumbur.ru